«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет90/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Список использованной литературы: 
1 История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 4. – Алматы: 
«Атамұра», 2009. табл., илл., карты, 768 с. 
2 Алаш в истории государственности Казахстана: идеи, судьбы, наследие. Сборник архивных 
документов и материалов. /Сост.: М.М. Козыбаева, З.Т. Садвокасова, Ф.Р. Лебаев – Алматы: 
ТОО «Литера-М», 2018. – 432 c.
3 Жусупбекова Б.А. Из истории становления казахского букваря // Инновационная наука. 
2015. №5-3. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/iz-istorii-stanovleniya-kazahskogo-bukvarya. 
4 Гофман Л.Ю. Вопросы воспитания и обучения в трудах Ахмета Байтурсынова // 
Педагогическая наука и практика. 2017. №1 (15). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/voprosy-
vospitaniya-i-obucheniya-v-trudah-ahmeta-baytursynova. 
5 Асаналиев М.К., Байзакова Е.М., Жумагалиева Ж.Ж., Омиржанова Ж.М. Методы и приемы 
обучения в различные исторические периоды в трудах педагогов-просветителей // 
Архивариус. 2017. №2 (17). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/metody-i-priemy-obucheniya-v-
razlichnye-istoricheskie-periody-v-trudah-pedagogov-prosvetiteley. 
 
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ
ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ 
Сыздыкова Динара Балташовна
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Рудный қаласы білім бөлімінің №21 гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 
 
Мақаламды «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға
болмайтын ерекше тұлға» деген заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың кемелді сөзімен 
бастағанды жөн көрдім. Шынында да, Ахметтей арысымызды басқа тұлғалармен салыстыра 
алмауымызға себеп көп-ақ. Ұлт ұстазы Абай атамызша айтқанда, «соқтықпалы, 
соқпақсыз жерде өскен, мыңмен жалғыз алысқан өр тұлға» деп білемін. Оқушы кезімнен 
Ахмет атамыздың өлеңдерін, мысал аудармаларын, ғылыми тың еңбектерімен сусындап 
өскендіктен, қазіргі күнге дейін тағылымды аударма өлеңдері көмейіме келіп, терең ойымның 
түбінде жатқан асыл сөзден ұққан үлгі-ғибраттарым, шер толқытып шығып жатыр. 
Сол кездегі өмірдегі білімді тұлғаларға ерекше таңқалатыным, тек өздерінің қамы үшін 
емес, елінің «қараңғылықтан» шығуына, сол жолда қасқайып, жанын пида етіп, ешбір қызық 
көрместен қыршын кеткендері қаншама?! 
Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі - Ахмет Байтұрсынов. Ақын, ағартушы, ұстаз, 
қазіргі қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, әдебиеттанушы, түркітанушы, көсемсөзші Ахмет 
Байтұрсынұлы өзінің туған елі үшін қаншама еңбек сіңірді. Оның бір ғана ұлты үшін жасаған 
«Ұлттық әліпбиі» неге тұрады? Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы 
ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық 
саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал сол құралды 
жасаған ғұлама ғалаым - Ахмет Байтұрсынов. Одан басқа тұңғыш «Қырық мысал» өлеңдер 
жинағы Петерборда жарық көргені баршаға аян болғанымен, сол жарыққа шығып басылып 


197 
шыққанша «тар жол тайғақ кешіп», 1909 жылы басылып шығуы сол кездегі үзеңгілес 
замандастарының еңбегінің арқасы еді. 
Красноярскі өлкелік өлкетану мұражайында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның орыс 
географы, этнографы, фольклортанушы, ботаник ғалымы әрі көсемсөзші Григорий Потанинге 
1903-1906 жылдар аралығында жазған бес хаты мен бір жеделхаты (телеграмы) сақталыпты.
Соның ең алғашқысы маған өте қатты әсер қалдырды.
Әлихан Бөкейханов 1904 жылдың 11 мамырында Потанинге Ахмет туралы жазған 
хатында былай делінеді: «Менің бір таныс қазағым 41 мысал әңгімені, көбіне И.А. Крыловтан, 
қазақ тіліне ғажап өлеңдермен аударыпты. Аударманың авторының қоғамдағы жағдайы онша 
жоғары адам емес - Ақмола облысының халық училищелері директорының іс-қағаздарын 
жүргізуші 
ғана. 
Аудармасында 
генерал-губернаторының 
кеңсесінен 
шығатын 
«Сельскохозяйственный листок» газетіне бөлім-бөліммен жариялау ниетімен автор Ахмет 
Байтұрсынұлы өзінің бастығы – директор мырза Алекторовқа өтініш беріпті. Ол қолжазбаны 
жарты жыл ұстап, Сухотин мырза «Сельскохозяйственный листокты» жариялауға рұқсат 
бермеді деген сөзбен қолжазбаны өзіне қайтарыпты», - деген алаш азаматы Әлиханның 
алғашқы қолжазбасының үзіндісінен байқағаным - жергілікті бұқаралық ақпарат 
құралдарының өзіне рұқсат бермеуінен қазақ халқының өр рухты азаматтарының алдыңғы 
қатарға талпынуына зор қиянат жасалғаны байқалды.
Ағартушы-педагогтің «Маса» атты өлеңдер жинағынан қазақ қоғамындағы 
әлеуметтік, қоғамдық ойлар, оның азаматтық және халықтық идеялары айқын көрініс береді. 
Мұндағы «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Жұртыма», «Туысыма», «Оқуға шақыру», 
«Жұбату»,
«Анама 
хат»,
«Тілек 
батам»,
«Тарту»,
«Жиған-терген» 
атты 
өлеңдерінде туған халқын сүю, оны өнер-білімге шақыру, халықтық салт-дәстүрлерді 
қастерлеу, анаға мейірімділік, бата-тілектің маңызы, қазақ халқының даналығы, оның 
тәрбиелік мәні туралы кеңінен сөз болады. Мысалы, «Қазақ салты» атты өлеңінде әрбір азамат 
туған халқын құлай сүйіп, оның бақыты мен болашағы жолында жұмыр басын құрбан етуге 
әзір болу керектігін айтса, «Оқуға шақыру» өлеңінде «Балалар, оқуға бар, жатпа қарап, 
Аллалап ал кітапты қолдарыңа» деп, жас ұрпақты оқу-білімге үндейді. Ал «Жиған-терген» 
өлеңінен қазақ халқының қасіретке толы тарихы мен тағдыры көз алдыңа елестейді. 
«Жұбату» өлеңінде көне халық жырауларының таңдаулы дәстүрінде сөзін тындаушыларына 
тікелей арнау арқылы ықылым замандардан бермен қарай сахара елінің сәні болған, әр 
қазақтың жүрегіне қымбат белгілердің бірте-бірте көз ұшынан ғайып болып, жоғалып бара 
жатқанын жырмен өрнектеп, ойын сауал түрінде жеткізеді. 
Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзін 
мақсат тұтқан Ахмет атамыз өзінің «Қырық мысал» атты өлеңдер жинағында данышпан Абай 
атамызға еліктеп, өз мысалдарын аса білімділікпен іріктеп, қиыннан-қиыстыра аударып, тілге 
жеңіл, жүрекке жылы етіп жеткізіп, оқырмандарына ұсына білді. Сондай-ақ, аталмыш 
жинаққа енген шығармалары білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін дәлелдейді. Ахмет 
атамыздың «Қырық мысалдағы» аударма мысалдарының әдебиетке ғана емес, педагогикалық 
тәрбиеге де қосқан үлесі зор, әлі күнге дейін өзектілігі жоғалмаған құнды дүние.
Бастауыш сынып және негізгі орта буын оқушыларына сыныптан тыс оқыту кезінде 
«Қайырымды түлкі», «Қара бұлт», «Иттің достығы», «Жас ағаш», «Жарлы бай», «Егіннің 
бастары», «Бұлбұл мен есек», «Аққу, шортан, һәм шаян», «Екі шыбын», «Айна мен маймыл», 
«Жас ағаш», «Қарға мен түлкі» мысалдарын оқыта отырып, берген білімімізді тәрбиемен терең 
ұштастыруға таптырмас дүние екендігін көруге болады.
Педогог ақынымыздың «Қара бұлт» мысалындағы қара бұлттың төніп келіп, қаусаған, 
шөлдеген жерге, ығыры шыққан кедей шаруаға нөсерін төкпей, толқып жатқан теңізге құя 
салып, асқар тауға мақтанған бұлттың іс-әрекетін әсерлі әшкерелеп, сөз соңында: 
Мақал бар: «Жақсылықты басыңа қыл, 
Басыңнан асса, - деген, - досқа істеңіз». 
Мен мұны арнап жаздым замандасқа, 


198 
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа. 
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын, 
Болады асыл таста, ақыл жаста. 
Қарышта өз жұртыңа, барың болса
өзге елдің өзінде көп бізден басқа, - деп, жас ұрпақты саналы түрде қолыңнан келгенше, өз 
еліңе еңбек ету керектігін осы бір қасиетті шумаққа сыйдыра білді [1]. 
Ахмет Байтұрсынов «Қайырымды түлкі» өлеңінде жағымсыз түлкінің бейнесін
жағымды, қайырымды етіп көрсетеді. Қайырымдылықпен айналысқан түлкі жетім қалған 
кішкентай балапандарды қамқорлыққа алып, барлық ормандағы құстардың барлығына 
тапсырма беріп, қазақ халқының жетімін жетімсіретпейтінін тілге тиек етіп, болашақ ұрпаққа 
қиындыққа мойымай, өзіңнен шамалы артылып жатса, өзгеге қол ұшын беру керектігін 
жырлайды.
Ал «Егіннің бастары» шығармасында әке мен бала арасындағы ақылдылықпен берілген 
сұхбат арқылы адамгершіліктің асыл қасиетін егіннің арасындағы екі түрлі бидайдың 
айырмашылығы арқылы түсіндіреді. Кішкентай балалардың көзбен көріп, қолмен ұстап қана 
түсінетінін білген дара Ахмет атамыз егіннің бойында жүріп, өмірмен байланыстыра отыра: 
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді, 
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді. 
Қалпы емес тәккапарлық данышпанның, 
Тұтынба бұл мінезді, балам» - деп, келешек ұрпақтардың тәккапарлық мінезден аулақ болып
кішіпейіл мінезді болуға тәрбиелейді [1]. 
Өз ойымды қорытындылай келе, Ахмет атамыздың құнды шығармашылық дүниесі 
қазіргі заманауи өзгермелі заманда педагогикалық тұрғыдан өте тағылымды. Осы орайда мен 
өз жүрегімнен шыққан жүрекжарды ойымды жыр шумақтармен білдірсем деймін. 
Алаштың алтын діңгек ұлы едіңіз, 
Алаш елін жырға қосып тербедіңіз. 
Тар жол тайғақ кешіп өтсеңіз де,
Өр мінезді қалыптан таймадыңыз. 
Бес арысым - байлығымның көзі дейміз, 
Ахмет ата еңбектерінен білгендейміз. 
Ғалымның өзі өлсе де, хатының өлмейтінін, 
Жас ұрпаққа біз сізді мәңгі дәріптейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет