«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет88/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   117
Список использованной литературы: 
1. Казахская энциклопедия. Қазақ .- Алматы: 1998, с.14-15
2. 3. К. К. Токаев. Независимость дороже всего. Егемен Қазақстан, 05.01.2021 г.
4. Н.А. Назарбаев. Послание народу Казахстана «Стратегия – 2050». Новый политический 
курс состоявшегося государства. Казахстанская правда, 15.12. 2012 г. 
5. Вестник КазНУим.Аль-Фараби. Серия «Информационная».- № 3. 1988. с.18. 
 
 
 
 
 
 
 
 


191 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ 
 
Оралбаева Камшат Өсербайқызы, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Арқалық қаласы білім бөлімінің 
А.Құнанбаев атындағы мектеп - гимназия» КММ
бастауыш сынып мұғалімі 
 
 
Халық қайраткері, ұлт ұстазы, жамағат жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы – халқының 
азаттығы, елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі жолында жан аямаған күрескер. 
«Елшілдік ұранын көтерген», жаңа заман жаршысы, ұлы реформатор. Дарынды сөзімен дабыл 
қаққан, өлең өрімі мен өресін ұққан ұлы ақын. Бала тәрбиесінен бастап, ұлттық санаға дейінгі 
педагогикалық мәселелерді түгел зерделеген ұлт ұстазы, гуманист ағартушы. Ұлттың 
дыбыстық жүйесін дұрыстап, әліпбиін жаңғыртқан, жазуын жүйелеп, жөнге салған ұлы тілші. 
Қазақ әдебиеті теориясының тәмсілін түзген, көркемдік кестесінің қисындарын көрсеткен 
әдебиеттанушы. Оқу мен оқытудың озық үлгілерін, оңай тәсілдерін үйретуші шебер әдіскер. 
Өзге жұрт жауһарларын өз тілінде сөйлеткен, өзгенің игілігі өз еліне пайдасын тигізерді 
ойлаған тапқыр аудармашы. Ұлттық ұғымға сыйымды, тіліне жатық, ойына жатық атаулар 
қорын түзген терминтанушы.
Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен 
мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың да орны сондай. Елу жылдан астам уақыттан 
кейін ел қолы әрең жетіп отырған А.Байтұрсыновтың бай мұрасын жай санамалап өткеннің 
өзінде, осынау адамның өмірдегі ғажайып ерлігі мен табандылығына, туған халқына деген 
шексіз перзенттік сүйіспеншілігіне, асқан білімдарлығына тәнті болмай тұра алмаймыз.
Оның өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз 
қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір маманның өмірі деп 
қарауға болмайды. Ол - халықпен біртұтас, қалың бұқарамен тамырлас, ел жүгін белі қайыспай 
көтерген нағыз халық перзенті.
Ахмет Байтұрсынов қазақтарды надандықтың шырмауынан шығарудың бірден-бірден 
жолы – ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту жұмысымен айналысу деп ұққан. Халықтың көзін 
ашып, сапасына сәуле құюдан басқа мақсаты жоқ бұл әрекеттерді қолдап, қуаттап отырудың 
орнына, көп ағайыннан қияс тартып, аяққа оралғы, игі іске кедергі бола беретініне күйініп 
«Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ» деген өлеңін жазған.
Шынында, білімсіз ел теңізде жүзіп келе жатқан ескексіз қайық сияқты емес пе? Сол 
кездегі қазақ елінің халы дәл осындай мүшкіл еді. Сауатсыздық салдарынан өзін, елін, жерін 
кім қалай саудалап, қалай иемденіп жатқанын түсінуге де халықтың мұршасы болмады. Дәл 
бірінші орыс төңкерісінен кейінгі уақытта А.Байтұрсыновтың қоғамдық саяси қызметі саяси 
тақырыптарға арнап кітап бастырып, қазақ даласына тарату арқылы қазақ халқының ұлттық 
саяси санасын ояту болатын. Үнемі патша полициясының бақылауында болған осы бір 
жылдары Ахмет Байтұрсынұлы азаттық күресін бір сәтке тоқтатпайды. Осы жылдары атақты 
«Маса», «Қырық мысал» жыр жинақтары жазылады. Мұқанның сөзімен айтқанда, «Қалың 
қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі «Қырық мысал» болатын». Бұдан 
кейін Ахаңның атағы жайылып, елдің шын қамқоры екендігі екінің біріне мәлім бола бастаған.
Сонымен қатар ұлт ұстазы И.А.Крыловтың мысал өлеңдерін қазақ қауымына ұсына 
отырып, қазақ өміріне етене жақын халықтың тұрмыс қарекетінен туындайтын ғибраты мол 
тұтарына назар аударады. Қай мысалын алып қарасаңыз да, қазақшаға шапан киіп, қазақ 
тұрмысындағы небір жағымсыз мінез-құлық әдеттерді сынауға арналған. Ал 1911 мен
1914 жылдары Орынборда басылып шыққан «Маса» жинағының біз үшін құндылығы – сол 
заманның тынысы, халық мұңы ғана көрініп қоймай, ақынның өзі өмірбаянына қатысты 
деректерді, дүниеге көзқарастары, арман-мақсаты айқын көрінеді. 


192 
Қазақ тілінің графикасын жасаған Ахмет Байтұрсынов енді олардың грамматикалық 
құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатында «Тіл - құрал» атты үш бөлімнен тұратын 
кітабын шығарады. Бұл кітап тек мектеп оқулықтарының ғана емес, қазақ тілін ана тілімізде 
танудың басы болып, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Қазақ 
тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білуде тарихымызда аталмыш кітаптың орны 
айрықша.
Ұлы ағартушы ұстаздың қазіргі қазақ педагогикасынан алатын орны ерекше. Заман 
өзгеріп, таным жаңғырғанымен Ахмет сияқты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы 
қазіргі оқушыларға да, жастарға да, ұстаздарға да үлгі.
Ахмет Байтұрсынов өзінің алдына ақындықты, болмаса аудармашылықты емес, ең 
алдымен ұстаздықты мақсат етті. Оның өлеңдері, ондағы көтерілген тәрбиелік идеядағы 
мәселелер жас жеткіншектер тәрбиесінде өзінің өзектілігін жоймақ емес. Білімге 
ұмтылушылық, адалдық, еңбекқорлық, талаптылық, адамгершілік, кішіпейілділік сияқты жас 
баланың санасында орын алуға тиісті адами қасиеттер - Ахмет шығармаларының өзегі. Бұлар 
қай кезеңде болмасын, адам тәрбиесінде ерекше орын алуға тиісті қасиеттер десек, онда 
осылардың баршасын ұлы тұлғаның туындыларынан табамыз. Сондықтан да қазіргі тәрбие 
мәселесінде Ахмет Байтұрсыновтың алатын орны ерекше. Айталық, оның Крыловтан 
аударған «Аққу, Шортан һәм Шаян», «Өгіз бен бақа» мысалы арқылы бастауыш сынып 
оқушыларын қызғаншақ, тәкаппар болудан аулақ болу сияқты ойға жетелейміз.
Ахмет Байтұрсыновтың қазіргі замандағы тәрбие беру үдерісімен сабақтасатын 
еңбектері - оның халық ағарту мәселелері хақындағы ой-пікірлері. Бұл ой-пікірлерді біз оның 
мақалаларынан, хаттарынан, рапорттарынан көреміз. Ахметтің бұл еңбектерінде де жоғарыда 
айтқандай, білім алуға құштарлық, еңбексүйгіштік, адамгершілік, адалдық, инабаттылық 
сияқты қасиеттерге ерекше мән беру байқалады. А.Байтұрсыновтың мұрасында айтылатын 
тәрбие берудің жан-жақтылығы жөнінде белгілі ғалымдар Қ. Жарықбаев пен С. Қалиев былай 
деп жазған болатын: «Көшпенді елдің өзінің ерекшелігіне орай ол имандылық, инабаттылық, 
ақыл-ой, еңбек, тазалық, сұлулық тәлімдеріне байланысты бірқатар тың идеялар айтты. 
Ұстаздық, әдеп, ата-ана, ересектердің жас буынға үлгі-өнегесі, адамның өзін-өзі тәрбиелеу 
мәселелерін қазақ өміріне орай түсіндірді». Мәселен, ұлы ұстаз: «Өмірдің негізгі мәні-еңбек, 
ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш 
адам ғана түсіне алады», - дейді. Оның бұл пікірінен ұстаздың адам өміріндегі еңбектің рөлін 
қаншалықты түсінгендігін байқасақ, тағы бір маңызды жағы еңбектің мәнділігі мен 
пайдалылығын насихаттағанын көреміз. Қазіргі тәрбие үдерісінде еңбек жайындағы оның осы 
үш ұстанымы да - көкейкесті мәселе. Әсіресе, жас ұрпақты өзі атқарған пайдалы еңбектен 
ләззат алуға баулу - үлкен мәселе. Мектеп оқушыларын еңбек етуге баулуда оны бедел 
жинауға, пайда табуға, жәке басының мансабын арттыруға емес, одан рухани қанағат алуға 
қарай бейімдесек, онда біз оны еңбек тәрбиесімен бірге, адамгершілік тәрбиесіне де тартқан 
болар едік. 
Қазіргі алмағайып заманда қазақтың санасын жақсыға бұру үшін педагог мұрасына 
қайта оралсақ, «оқу баланың ана тілінде жүргізілуі керек» деген көрегендік танытарлық 
қағидасын табамыз. Ұстаздың мұндағы негізгі идеясы баланы ана тілінде рухани 
азықтандырып, төл түсініктерді бойына дарыту. Бұл мақсат-міндеттерін ол бағдарлама 
мазмұнын жетілдіру, оқулықтар жазып шығару арқылы іс-жүзінде асырып отырған. Ахметтің 
үлкенді-кішілі шығармаларының мазмұны тілі мен ұғымы жағынан жеңіл, бала 
психологиясына тең келетіндігі осы уақыт талаптарына да сәйкестілігімен құнды болып отыр. 
Ол рухани тәрбиенің қайнар көзі болып табылатын тіл тазалығын қолдап, оның өзге тілдердің 
зиянды тұстарынан аулақ болуын сақтандырады. Бұл, әсіресе, дін мәселесіне байланысты 
көбірек қозғалған проблемалар қатарына жатады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал біздің ойымыздың айғағы 
іспеттес. Қазақстанның әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосылу 
стратегиясы аясында білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, білімдік технологиялар 


193 
саласындағы жаңа ұмтылыстарға А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі педагогикалық мәселелер 
мен ұстанымы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру заңдылықтарын жан-жақты ашуға толық 
мүмкіндік береді, жаңа ғылыми ізденістерге жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет