Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет116/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Жанрларды жiктеу кезiнде басты ұстанымдар ретiнде 1) 
шығарманың қалыптасқан әдеби тектердiң бiрiне тән болуы, 2) 
шығарманың негiзгi эстетикалық сапа-белгiсi, 3) шығарманың көлемi мен 
жалпы құрылымы басшылыққа алынады екен. Олай болса, жанрлар 
мәселесiне қатысты ала-құла пiкiрлердiң жиi кездесуi нелiктен?  
Жауап. Жанрларды жiктеуге қатысты ұстанымдардың алуан түрлiлiгi 
мен өзара қиысуы жанр теориясында ұдайы пiкiр таласына негiз болып 
отырды. Мәселен, кейде “жанрдың өзi мазмұн категориясы ма, әлде пiшiн 
категориясы ма?” деген сауал көлденең тартылады. Вульгарлық-
социологиялық концепцияда жанрларды “феодалдық” және ”буржуазиялық” 
деп үзiлдi-кесiлдi бөлiп тастаса да, пiшiншiлдер шығармаларды өлең, проза, 
диалог үлгiсiндегi сырты белгiлерiне ғана қарап, поэма, роман, драма деп 
бөледi де, оларды барлық дәуiрлерге бiрдей деп таниды. Алайда жанрлар 
теориясы әр кезде де бiрдей бүкiл жанрлық жүйенi қамти алмауы немесе 
нақты бiр әдеби шығарманың аталмыш жүйедегi орнын нақтылай алмауы 
әбден ықтимал. Көбiнесе бұл шарттылығы басым болып келетiн жанрлық 
терминдерге көзсiз табынуға байланысты пайда болады. Мәселен, әрқилы 
әдеби құбылыстарды аңғартатын “антикалық роман”, ”рыцарлық роман” 
және ”роман” сияқты терминдердiң қазiргi таңдағы мағыналары. 
Осылайша, кез-келген жанр (яғни бiздiң нақты бiр жанрға тән бiрқатар 
шығармаларды қағыс қалдыра отырып, өзiмiз түйiндеген ортақ белгi – 
“бейнелерiмiз”) дегенiмiз – өзiндiк композиция, образдылық, тiлi, т.с.с. 
сәттердi ұштастырған түрдiң ерекше сипаттарының нақты бiрлiгi. Қандай да 
дәуiрде туса да, мазмұндық жағынан бiр-бiрiне мүлде ұқсамайтын 
шығармаларды “новелла” деп бiр ғана сөзбен атайтын себебiмiз де 
сондықтан. Немесе әр дәуiрде өмiр сүрген Эсхил, У.Шекспир, Ф.Шиллер, 
Г.Ибсен, М.Әуезов шығармаларын бiр ғана “трагедия” сапына қоятынымыз 
да сондықтан. Түрлi дәуiрде жасалған немесе әртүрлi қаламгерлер жасаған 
және бiр жанрға тән шығармаларға үлкендi-кiшiлi мәндегi өзгешелiктер етене 
болады. Десек те, шығарма типi ретiндегi жанр ғасырларды көктей өтiп, 
тарихи қалыптасқан тұрақты да берiк түсiнiк. Әр жанр түрлi қасиет-
белгiлердiң кездейсоқ жиынтығы емес, нақты да бай көркем мағына арқылы 
мейлiнше жеткiлiктi игерiлген пiшiндiк бөлшектердiң жүйесi. Бұл дегенiмiз – 


141 
өзiнiң архитектоникасы, сыртқы бейнесi, колоритiнде нақтылы көркем 
мағынаны “заттандырып” (бiлдiрiп) көрсетуге қабiлеттi пiшiн (форма). 
Жанрлық пiшiннiң мағыналылығын тiптi (“техникалық” деуге де 
болатын) сонет сияқты құбылыстан да көруге болады. Бұл жанр ренессанс 
әдебиетiнде күрделi, кейде тiптi кереғар, бiрақ қалайда толық аяқталған 
түйiнi мен шешiмi бар лирикалық ойлау көрiнiсi ретiнде дүниеге келдi. 
Сонеттiң осындай мазмұндық жалпы даралығы жүздеген жылдар бойына 
өңделiп-жөнделiп, оның пiшiнiне де “көштi”. Бұл пiшiн, “жалпылама” болса 
да, көп мағыналы мәнге ие. Әбден қалыптасқан бұл пiшiнге назар аудара 
отырып, ақын оны (пiшiндi) мағыналылығы үшiн, күрделi де сан қатпарлы 
және аяқталған поэтикалық ойды жинақтаушы қабiлетi үшiн бағалайды. 
Әрбiр жаңа сонеттiң өзiндiк қайталанбас мазмұны болатыны анық, алайда 
бұл мазмұн қалай болғанда да қалыптасқан мағыналық үлгiге сыйғызылады. 
Тағы бiр мысал ретiнде қазiргi психологиялық романды алып көрелiк. 
Қазiргi психологиялық роман пiшiнi – кең ауқымды композициясымен, 
бейнелеу, суреттеу, баяндау, әңгiмелеу, диалог, iшкi монологтардың өзара 
әрекетiнен, автор сөзi және кейiпкерлердiң төл сөздерi мен төлеу сөздерiнiң 
алмасуымен, прозаға тән бейiмделгiш ырғағымен, т.с.с. – ерекше бай және 
сан қырлы мағына иеленедi. Солай бола тұра, психолгоиялық романның 
жанрлық алуан түрлiлiгiн айта отырып, тек қана тақырыптық белгiлерiмен 
шектелуге болмайды, “жан-дүние диалектикасын” (Н.Г.Чернышевский) 
бейнелеуге мүмкiндiк беретiн көркемдiк құралдардың бiртұтас жүйесiн әркез 
есте тұту қажет. Әрине, әрбiр қаламгер қайталанбас психологиялық бейнелер 
жасайды, алайда оларды жасауға қаламгерлердiң бiрнеше буынының 
(Ж.Ж.Руссо, 
Л.Стерн, 
И.В.Гете, 
М.Ю.Лермонтов, 
Л.Н.Толстой, 
Ф.М.Достоевский, У.Фолкнер, т.с.с.) тәжiрибесi арқылы әбден жүйеленген 
жанрлық түр мүмкiндiктерiн ашатыны анық. Яғни кез-келген қаламгер “жан-
дүние диалектикасына” көркемдiкпен тереңдей бойлаудың өзiне дейiнгi 
тәжiрибелерiн шығармашылықпен пайдаланып отырады. 
Сұрақ. Әдебиетке байланысты сыни ойларда, ғылыми-зерттеу 
еңбектерде көркем шығармаға түрлi жанрлық айдар тағылып жататыны бар. 
Мәселен, әдебиетшiлер романдардың бiрiн психологиялық, екiншi бiрiн 
тарихи, ендi бiрiн детектив, т.с.с. үлгiде жiктегенде ненi басшылыққа алады?
Жауап. Көптеген жанрлар өз iшiнен де бiрнеше түрлерге бөлiнiп 
жатады. Бұл тұста ол әртектi ұстанымдарды негiзге алады. Мысалы, 
тақырып сипатының ортақтығына қарай тұрмыстық, тарихи, авантюралық, 
психологиялық, детектив, ғылыми-фантастикалық, т.с.с. романдар; бейнелеу 
(образдылық) сипаттарына қарай гротескiлiк, аллегориялық, бурлеск, 
фантастикалық, т.с.с. сатира; композиция типiне қарай сонет, рондо, триолет, 
ғазал, рубаи, хокку, танка, т.с.с. үлгiсiндегi лирикалық өлең деген тәрiздi 
үлгiде жiктеледi.
Ақыр соңында жанрға байланысты аса маңызды проблема – оның 
тарихи және ұлттық сипаты. Мысалы, тарихи сипатына қарай ежелгi 
халықтық эпопея, қайта өрлеу, классицизм, қазiргi дәуiрдегi эпикалық поэма; 


142 
ал ұлттық сипатына қарай халықтық эпопеяның өзi ежелгi гректiң “гомерлiк 
поэмасы”, ежелгi үндiнiң қаһармандық поэмасы, т.с.с. болып жiктелiп 
кетедi. 
Сұрақ. Пайда болу, жетiлу, өзгеру, т.с.с. жағдайлар – өнер мен әдебиетте 
жиi кездесiп жататын құбылыс. Ал осындай өзгермелiлiк қасиет жанрға да 
тән сипат деуге бола ма? 
Жауап. Бұл сұрақтың жауабын дұрыс түсiну үшiн жанрдың тарихи 
дамуы мәселесiне назар аудару қажет. Бұл – жанрлар теориясына қатысты 
күрделi мәселелердiң бiрi. Ендi соның сырына үңiлiп көрелiк. 
Бiр жағынан, жанр әрбiр көрнектi қаламгер шығармашылығы арқылы 
жаңаша сипат иеленiп, үздiксiз өзгерiп тұрады. Жанр ғасырлар бойы 
қалыптасуы да немесе бiршама ұзақ өмiр сүрiп, сөнуi де мүмкiн. Мысалы, 
психологиялық роман жанры өнердiң жаңа пәнiн, яғни адамның күнделiктi 
өмiрiнiң бүкiл байлығын игеру үрдiсiнде жетiлу үстiнде. Бұл жанр 
шындығында XVIII ғасырдан бастап қана дамыды. XIX ғасырдағы европа 
әдебиетiнде идиллия мен ода жанрлары бiржола тоқтады деуге болады. 
Екiншi жағынан, жанрға, қалай болғанда да, ерекше берiктiк, өмiршеңдiк 
қасиет тән. Қалыптасқан түрлердiң кәдеге аспай қалуы әдебиетте сирек 
ұшырасады. Көбiне-көп жанр жаңа түр иеленiп қайта оралып жатады; 
мәселен, түрлi дәуiрлерге трагедияның жаңа тұрпатта қайта өрлеуi тән. 
Мысал жанры бүкiл әдебиет тарихында бар, XIV – XX ғасырлар аралығында 
новелланың алдыңғы лекте көрiнуi бiрнеше қайталанды, т.с.с. 
Жанрды көп жағдайда әр қаламгердiң шығармашылығын айқындайтын 
әдеби шығарманың жалпыға ортақ түрi ретiнде қарастыра отырып, әрбiр 
жеке туындының қайталанбас өзiндiк жанрлық өзгешелiгiн ескермеуге 
болмайды. Қандай да бiр iрi әдебиетшiнiң шығармашылығын талдау кезiнде 
оның жанрлық түрлерiнiң ерекшелiгi жайында сауал алдан шығады. 
Сонымен бiрге барлық жанрлық түрлердiң типтiк сипаттарының өзгеруi, 
дамуы дәл осы жекелеген жазушылар шығармашылығында жүзеге асады. 
Әрбiр әдеби дәуiр мен бағытқа үлкендi-кiшiлi жанр типтерi тән. 
Мәселен, классицизмге трагедия, комедия, ода, эпикалық поэма
Ағартушылыққа – мещандық драма, сатиралық жанрлар, философиялық 
повесть; романтизмге – лирикалық поэма, драма, элегия, баллада, 
психологиялық және тарихи романдар тән. 
ХХ ғасыр әдебиетiне жанрлардың алуан түрлiлiгi тән. Егер XIX ғасырда 
бiрнеше жетекшi жанрлар (романның кейбiр түрлерi, лиро-эпикалық поэма, 
новелла, “орта” драма, лирикалық өлеңдердiң бiрнеше түрлерi) басым болса, 
XX ғасырдың бiрiншi жартысында олармен қатар трагедияның жеке үлгiлерi 
(М.Метерлинк, Ю.А.Стриндберг, Л.Н.Андреев), трагикомедия, сатиралық 
комедия (Б.Шоу), жаңа сипаттағы эссе жанры (А.Франс, Э.Хемингуэй, 
А.Сент-Экзюпери), бұрын беймәлiм кино-, радио- және теледраматургия, 
т.с.с. маңызды роль атқарды. 
ХХ ғасыр ортасында жанр проблемасы модернистiк эстетика өкiлдерiнiң 
батыста роман мен драманың жанрлық құлдырауына байланысты жанрлық 


143 
нақтылық пен жанр түрлерiнiң даму заңдылықтарын жоққа шығаруға 
ұмтылысына орай өткiр сипат алды. Алайда бұл жанрдың әлемдiк 
әдебиеттегi мәнiн жоққа шығара алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет