Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Жанр жайында бiраз жайларға қаныққандаймыз. Десек те,  жоғарыда әңгiме барысында айтылған “көркем шығарманың



Pdf көрінісі
бет115/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Жанр жайында бiраз жайларға қаныққандаймыз. Десек те, 
жоғарыда әңгiме барысында айтылған көркем шығарманың тарихи 
қалыптасып, даму үстiнде болатын типi жанр деп аталады да, әр жанр 
өзiндiк түрлер (формалар) арқылы ерекшеленедi” деген қысқа түсiнiктемеге 
кеңiрек тоқталу артық болмайтын сияқты. 
Жауап. Француз тiлiнен аударғанда “тек, түр” деген мағына беретiн 
genre сөзiнен шығатын әдеби жанр дегенiмiз – әдеби шығарманың тарихи 
қалыптасқан типi екенiн айтқан болатынбыз. Ал жанр жайындағы теориялық 
ұғым қандай да бiр дәуiрдiң, нақты бiр ұлттық немесе әлемдiк әдебиеттiң 
шеңберiндегi шығармалардың кең ауқымдағы тобына тән сипаттарды 
жинақтайды. Бұл ұғымның мазмұны ұдайы өзгерiп, күрделенiп 
отыратындықтан, жанр теориясының әлi күнге дейiн нақтыланбай келе 
жатқандығы да белгiлi. Әрине, кей дәуiрлерде жанрлардың ара-жiгiн айқын 
бөлiп тастауға ұмтылушылық болғаны да белгiлi. Мысалы, жоғарыда 
айтылған классицизм әдебиетiндегi жанрлардың “тазалық” ұстанымы. 
“Жанр” терминi кейде әдеби түр терминiмен бiрдей қолданылып, ”түр” 
ретiнде шығармалардың ең iрi топтары (мысалы, роман) аталады; алайда 
керiсiнше қолдану да жиi кездеседi. Мысалы, роман – жанр, тарихи роман – 
түр.
Әдеби шығармаларды жанрларға бөлу тұтастай бiр ұстанымдар 
жүйесiне негiзделедiБiрiншiден, әдеби шығармалар әдеби тектер бойынша
яғни эпикалық, лирикалық, драмалық болып топтастырылады. Одан кейiн 
бiр тек аясындағы шығармалар тобы өздерiнiң негiзгi эстетикалық сапа-
қасиеттерi бойынша комедиялық, трагедиялық, элегиялық, сатиралық, т.с.с. 
болып сараланады. Алайда бұлай бөлу, кейбiр дәуiрлерде (мысалы, 
антикалық дәуiрде) оңай болғанымен, кейiнгi кезеңдерде едәуiр күрделi 
мәселеге айналды. Себебi кейiнгi әдеби даму процесiнде жанрлардың 
тоғысуы дәстүрге айналды. Мысалы, эпикалық поэмалармен қатар 
лирикалық поэма немесе, керiсiнше, эпикалық сатира (мысалы, Дж. Свифт, 
Вольтер, М.Е.Салтыков-Щедрин шығармашылығы) да дамыды. Сонымен 
бiрге сан алуан лиро-эпикалық жанрлар пайда болды. Мәселен, романтизм 
дәуiрiнiң поэмалары, очерк пен эссенiң түрлi үлгiлерi, қазiргi әртүрлi өлең 
жанрлары. 
Екiншi жағынан, Қайта өрлеу дәуiрiнен бастап әдебиетте тұтастай 
жанрлық желi – новелла, роман, сәл кейiнiрек түр мәнiндегi драма сияқты 
үлгiдегi “орта” жанрлар жаңадан пайда болды. Классицизм әдебиетiндегi 
“жоғары”, ”төмен” және ”аралас” жанрларға қарағанда, бұл жанрларда өмiр 
күнделiктi қалпындағы сан алуан қырымен игерiледi. Және де бұлардың 
қалыптасқан табиғи сыртқы формасы – проза болып табылады, сол себептi де 
олардың эстетикалық сапа-белгiсiн негiзiнен прозалық сипат айқындайды. Ал 
бұрынғы дәуiрлердiң бәрiнде де туындының сыртқы формасы өлең болғанын 
бiлемiз. 
Сонымен, жанрларды жiктеудегi басты белгiлер негiзiне – шығарманың 
белгiлi бiр әдеби текке тән болуы, сондай-ақ басым көрiнетiн эстетикалық 


140 
сапа-белгiсi алынады. Бiрақ бұл да аздық ететiндiктен, үшiншi ұстаным, яғни 
шығарманың көлемi мен соған сәйкес жалпы құрылымын тану ұстанымы 
қажет. Көлем көбiнесе негiзгi екi жағдайға – тек пен эстетикалық 
“үндестiк” (тональность) мәселесiне тiкелей қатысты. Лирика көлемi 
қашанда шақтаулы, драмада сахна талаптарына сәйкес қалыптасқан өлшем 
бар; екiншi жағынан, қаһармандық пен трагедиялық кең тынысты 
қажетсiнетiнi және бар, ал асқақ патетика немесе элегиялық сарындардың 
мейлiнше “кең құлаш жазуға” мүмкiндiгi жоқ. Сонымен қатар, жанрлық 
өлшемдердiң автор ойына байланысты өзiнше даралық негiздемелерi болады 
да, сол ой-жоспарға сәйкес прозалық эпостың үлкен (роман), орта (повесть) 
және кiшi үлгiлерi (әңгiме) жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет