144
Бұл орайда жекелеген туындылардың даралығын байқататын ерекшелiктер
қаншалықты қызғылықты болса да, қағыс қалатыны анық.
Бұл жағдайға керiсiнше, стиль ұғымы неғұрлым нақтылыққа, тар
шеңберге бағытталған сайын, стильдiк даралық белгiлерi де көбейе түседi.
Сұрақ. Әдебиеттану еңбектерiнде көпшiлiк қаламгерлерге ортақ
стильден гөрi,
жеке қаламгердiң өзiндiк стилiн қарастыру жиi кездеседi.
Соған орай, стиль ұғымын жеке қаламгерге тән ерекшелiк ретiнде қабылдау
дағдысы кеңiрек тараған. Осының сыры неде деп бiлген орынды?
Жауап. Стильдi бұл үлгiде танып-бiлудiң мәнi үлкен.
Оның себебi,
бiрiншiден, стильдi жеке қаламгерге қатысты қарастыру әдебиет туындысын
тереңдете танып-бiлуге, оның құрамдас бөлiктерiн өзара органикалық
бiрлiкте және тығыз байланыста талдауға мүмкiндiк бередi; екiншiден, жеке
стильдердi танып-бiлмейiнше, қаламгерлердiң басым бөлiгiне ортақ, кең
ауқымдағы стильдi тану да мүмкiн емес.
Олай болса,
қаламгер стилi немесе
жеке шығарма стилi дегенде ненi
түсiну керек?
Бұл сауалға мейлiнше дұрыс жауап
болып табылатын анықтама
мынадай:
стиль – әдеби шығарманың мазмұнын құрайтын көркемдiк
құрылымының (тiл, сюжет, композиция, т.с.с.)
өзiндiк даралық белгiсi.
Стильдi шығарма мазмұнын құрайтын бiртұтас көркемдiк құрылымның
идеялық-көркемдiк даралығы деп түсiну жеке шығармадағы көркемдiк
ерекшелiктердiң (қандай маңызды болса да) санына негiзделмейдi.
Керiсiнше, көркемдiк құралдардың өзара органикалық байланыстағы тұтас
жүйе ретiнде пiшiн арқылы мазмұнды бейнелеу даралығы болып табылады.
Стиль даралығы, әсiресе, әр қаламгердiң
көркем тiл ерекшелiгiнен
айқын байқалады. Мысал үшiн бiр тақырыптағы екi өлеңдi салыстырып көру
де жеткiлiктi. Әрине, стиль даралығын көркемдiк пiшiнге қатысты басқа
бөлшектерден де тануға болады. Мысал үшiн түрлi жазушылардың портрет
суреттеу тәсiлдерiн алуға болады. Кейiпкердiң сыртқы келбетiн бейнелей
отырып, жазушы оның iшкi жан-дүниесiн ашуға ұмтылады. Бұл – әдеби
портреттiң көпшiлiгiне тән қызмет. Алайда әр қаламгер өзiнiң шеберлiк
деңгейiне сай, адамды бейнелеудiң бұл тәсiлiн өзi көздеген идеялық-
көркемдiк мiндеттердi шешу үшiн түрлiше қолдана бередi.
Көркем тiл мен
портреттiк бейнеге қатысты стильдiк даралық белгiлерi басқа көркемдiк
құралдарға да қатысты. Қалай болғанда да, бiр жазушыға тән бұл
ерекшелiктердiң барлығы осы жүйедегi өзiндiк даралықтарымен, қайталанбас
қалпымен қарастырылуы шарт. Ал қандай да бiр жазушының өзiне ғана тән
жеке стилiнiң қалыптасуы – ұзаққа созылатын тарихи даму нәтижесi.
Достарыңызбен бөлісу: