145
Сұрақ. Стильдiң көркемдiк әдiстен айырмашылығы неде? Бәлкiм, стиль
қаламгер шығармашылығының өзiндiк даралығын көрсететiн белгiлер де,
әдiс көптеген қаламгерлер шығармашылығына ортақ белгiлер шығар?..
Жауап. Жазушы стилi өзiндiк даралыққа негiзделетiнi белгiлi, алайда
бұл стильдiң өзi қаламгер ұстанған көркемдiк әдiспен тығыз байланысты.
Стиль ұғымы сияқты көркемдiк әдiс туралы түсiнiк те жазушының жеке
шығармашылық тәжiрибесiнен,
сондай-ақ бiр-бiрiне уақыт, идея,
адамгершiлiк және эстетикалық таным тұрғысынан жақын қаламгерлер
тобының тәжiрибесiнен келiп шығады. Аталған жағдайлардың екеуiнде де
көркемдiк әдiс дегенде, қаламгерлердiң дүниетанымымен, өмiрлiк
концепцияларымен және олардың қоғамдық
позицияларымен тығыз
байланысты негiзгi ұстанымдар, нақтылай айтқанда,
ақиқат өмiр
құбылыстарын танып-бағалау, iрiктеу, бейнелеу ұстанымдары ұғынылады.
Көркемдiк әдiс (грек тiлiнде
methodos –
зерттеу жолы) – суреткердiң
өзi танып-бiлген
ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының
жалпы ұстанымы, яғни
ақиқат дүниенi қайта жасауы. Сол себептi әдiс өзi
қайта тудырған нақтылы дүниеден тыс өмiр сүре алмайды. Осы мәндi
бiлдiретiн бұл категория тым ерте кездерде-ақ пайда болып, көбiнесе “стиль”
немесе басқа да атаулармен жасап келдi. Әдебиеттану мен өнертануға
қатысты эстетикалық категория боп қалыптасқан кезеңi 20-жылдармен тұспа-
тұс келедi.
Сұрақ. Көркемдiк әдiс қалай пайда болады?
Жауап. Көркемдiк әдiс – әдебиеттану
ғылымындағы маңызды
ұғымдардың бiрi. Ол көптеген қаламгерлер шығармашылығында қайталана
отырып, өнердегi өмiрдi бейнелi суреттеудiң ортақ ерекшелiктерiн айқындап,
сол арқылы бiр немесе бiрнеше елде әдеби ағым (бағыт) туындатады.
Мысалы, реализм, романтизм, символизм, т.с.с.
Өмiрдi көркем бейнелеу
сипаты, ең алдымен, қаламгердiң өмiрдi бейнелеу үшiн таңдаған әдiсiнiң
негiзiнде айқындалады.
Көркемдiк әдiс нақтылы бiр тарихи жағдайларда пайда болады. Яғни,
қандай да бiр көркемдiк әдiстi ұстанған суреткерлердi идеал жайындағы
түсiнiк, сол идеалға сәйкес келетiн (немесе керiсiнше) қаһармандар типi,
соған орай туындайтын сюжет мәселелерi бiрiктiредi.
Қоғамдық-тарихи
жағдайлардың алуан түрлiлiгi көркемдiк әдiстiң де алуан түрiн туғызады. Сол
себептi бiр уақыттың өзiнде қаламгерлердiң өнер мiндетi туралы түсiнiгiне
байланысты әр түрлi көркемдiк әдiстер қатар жасай бередi.
Реалистiк әдiске өмiрдiң шынайы бейнесiн мейлiнше реальды сипатта
көрсету тән болса, романтикалық әдiсте суреткердiң субьективтi
көзқарасынан өрбитiн шарттылық сипаттар молынан ұшырасады.
Көркемдiк әдiстi танып-бiлу арқылы
өнер мен әдебиет дамуының
заңдылықтарын
және
осы
даму
барысындағы
жеке
қаламгер
шығармашылығының ролiн дұрыс түсiнуге мүмкiндiк ашылады.
Сұрақ. Көркем шығармашылықта стиль – даралық белгiсi, әдiс –
ортақтық белгiсi деуге бола ма?
146
Жауап. Қазiргi әдебиеттанудағы стиль мәселесi көп жағдайда
жекелеген
жазушылардың қайталанбас даралықтары деген ойға саяр болса, әдiс ұғымы,
керiсiнше, өмiрдi тану мен бейнелеудiң көптеген қаламгерлер туындыларына
ортақ белгi-сипаттары деген түсiнiктi көрсетедi.
“Әдiс” туралы сөз қозғағанда, бiздiң ойымызға бiрiншi кезекте
көпшiлiкке
етене болып кеткен реализм, романтизм әдiстерi, олардың
iшiндегi түрлi ағымдар оралады. Бұл дұрыс, алайда бұл түсiнiк жекелеген
қаламгерлерге ғана тән әдiстердi де жоққа шығармайды.
Осы орайда “Қаламгер әдiсi” дегенiмiз ”стиль” ұғымын қайталап кетпей
ме?” деген ойдың тууы да заңдылық. Олардың арасындағы айырмашылықты
дұрыс тану үшiн мына мәселелердi ажырата бiлген жөн:
Стильдiк
ерекшелiктер
Достарыңызбен бөлісу: