Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Әлгiнде айтылып кеткен “реалия” деген сөз қандай мағына  бередi?  Жауап



Pdf көрінісі
бет127/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   152
Сұрақ. Әлгiнде айтылып кеткен “реалия” деген сөз қандай мағына 
бередi? 
Жауап. Тура мағынасында алар болсақ, “реалия” сөзi “белгiлi бiр 
халықтың, елдiң ғана тарихына, әдет-ғұрпына, тұрмыс-тiршiлiгiне, 
мәдениетiне тән, өзге халықтарда ұшыраспайтын нәрсе, ұғым, құбылыс” 
деген түсiнiк бередi. Кең ауқымда қолданылатын “реализм, реалистiк” деген 
ұғымдардың да “реалия” сөзiнен туындайтыны түсiнiктi болса керек. 
Ал негiзгi әңгiмемiзге қайта оралар болсақ, реализмге қатысты күрделi 
мәселелердiң бiрi – өмiрлiк шындық пен көркемдiк шындықтың 
арақатынасы. Өмiрдегi заттың әдеби туындыда қаз-қалпында бейнеленуi 
қаншалықты маңызды болғанымен, реализм үшiн басты шарт емес. Реализм 
үшiн бейнеленген өмiрлiк шындықтың маңызы сол шындықты бейнелеудегi 
басты мұраттың қаншалықты жүзеге асқандығымен, яғни оқырманды өмiрдiң 
мәнiне тереңдей үңiлуге, қаламгер ұсынған идеялардың маңыздылығын 
ашуға ықпал ету дәрежесiмен айқындалады. 
Реалистiк әдебиетте қаһарманның жан дүниесi мен iс-әрекетiнде оның 
өмiр сүрген уақытының белгiсi қалай да сақталады. Қаламгер өз кейiпкерiнiң 
әлеуметтiк, адамгершiлiк, дiни түсiнiктерiн нақты қоғамдық жағдайлармен 
байланысты көрсетiп, уақыттың әлеуметтiк-тұрмыстық белгiлерiне баса 
назар аударып отырады. Десек те, реалистiк өнерде қандай да бiр жағдай 
кейiпкерлердiң iшкi әлемiн ашу мақсатында алынады. Реализмнiң ең басты 
танымдық жетiстiгi – мiнездер мен жеке адамдардың бiртұтас жан дүниесiн 
бейнелеу, түрлi адамдарға ортақ әрқилы сезiм айшықтарын ашып көрсету; 
қысқасы, адамның iшкi болмысына тән нәрселердiң бәрiн қамтып суреттеу 
болып табылады. 
Реализмге қаламгердiң жеке көзқарасы мен мүддесiнен басым тұратын 
көркемдiк обьективтiлiк сипат тән. Бұл ерекшелiкке қарап, реалист-
қаламгердi өмiр құбылысын сырттан бақылаушы ғана деп түсiнуге 
болмайды. Реализмнiң адамды ардақтаушылық сипаты реалистiк туындының 
бүкiл бiтiмiндегi өмiрдi дәрiптеуге құштарлығынан танылады. Реалистiк 
туындыдағы трагедиялық шешiмнiң өзi оқырманды өмiрге сенiммен қарауға 
үндейдi. Реалист-қаламгердiң мiндетi өзiнiң ойын сырттан таңу емес, 
оқиғаны бейнелей отырып, оқырманды ойландырып-толғандыру, сол арқылы 
өмiрдi бағалай бiлуге үйрету. 
Реалистiк өнерге ақиқатты даму үстiнде қарастыру, өмiрде, әлеуметтiк 
қатынастарда пайда болған жаңа құбылыстардың сыр-сипатын дұрыс тани 
бiлу және образдар арқылы бейнелеу қасиетi тән. Бұл ерекшелiк, әсiресе, XX 
ғасыр әдебиетiнде ерекше көрiндi. 


159 
Сұрақ. Өз әдебиетiмiзде болсын, әлемдiк әдебиетте болсын, мифтiк, 
фантастикалық желiлер жиi ұшырасатын құбылысқа айналды. Осыған 
байланысты “XX ғасыр әдебиетiнде реализм ықпалы әлсiрей бастаған жоқ 
па?” деген сұрақ көңiлге оралады. 
Жауап. Қазiргi қаламгерлер өмiрлiк шындықты бейнелеуде сыртқы 
ұқсастықты сақтай бермейтiнi рас. Оның себебiн қаламгер назарына iлiгетiн 
өмiрлiк материалдың орасан молдығынан iздеу керек. Ал өмiрлiк 
материалдың байлығы көркемдiк пiшiндердiң де молаюына жол ашады. 
Мысалы, Дж.Голсуорси, Р.Роллан, Т.Манн, М.А.Шолохов, А.Н.Толстой 
шығармаларында обьективтi баяндаулардың кейiпкерлер ойындағы 
психологиялық өзгерiстердi мұқият суреттеу тәсiлдерiмен ұштасып жатуы, 
кей тұстарда символика элементтерiнiң кiрiгiп кетуi сияқты жәйттер, сондай-
ақ, 
А.Франс, 
Г.Уэллс, 
К.Чапек, 
М.А.Булгаков 
шығармаларында 
фантастикалық белгiлер ұшырасып жатады. Бұл ерекшелiктердiң қай-қайсы 
да кейiпкерлердiң жеке тiрлiгiне уақыт рухының, қоғам өмiрiндегi арынды 
дамудың әсерiн мейлiнше терең таныту мақсатында пайда болып отырған 
құбылыстар. 
Қазiргi таңда реализм әдебиетiндегi мазмұнның алуан түрлiлiгi мен 
күрделiлiгi жазу машығына байланысты сан қилы iзденiстерге жол ашты. ХХ 
ғасыр реализмiндегi түрлi тәсiлдердi тоғыстырушылық қасиет сюжет 
құрылымынан да байқалады. Мәселен, сюжет желiсiнде түрлi дәуiрлердiң 
қиысып жатуы, түрлi халықтар мен елдердегi оқиғалардың, көне заман 
аңыздарының қазiргi құбылыстармен қатар өрiстеуi сияқты сипаттардың 
Т.Манн, Л.Мештерхази, Г.Гарсия Маркес, Ш.Айтматовтардың реалистiк 
шығармаларында қатар көрiнiс табуы – бүгiнгi әдебиет үшiн тосын нәрсе 
емес. Сол сияқты қазiргi реалистiк әдебиетте әр алуан әдеби түрлер мен 
жанрлардың араласып келуi де таңсық емес. Мысалы, Б.Брехттiң эпикалық 
драмасы, лирикалық-публицистикалық поэмалар, т.с.с. атауға болады. Проза 
мен поэзияның бiр-бiрiне ықпал етуi, көркем әдебиетке құжаттық үлгiлердiң, 
баспасөз жанрларының енуi сияқты көрiнiстер де бар. 
Алайда, қазiргi әдебиетте болып жатқан мұндай құбылыстарға қарап, 
реализм өз даму шегiне жеттi деп қорытынды жасау ағаттық болмақ. 
Жаңадан пайда болып жатқан өмiрлiк күрделi құбылыстардың мәнiне 
тереңдей бойлауға жәрдемдесетiн көркемдiк жинақтаудың жаңа түрлерiн 
табу жолындағы iзденiстердi реализм әдiсiне жат нәрсе деп қабылдауға 
болмайды. Қаламгерлердiң қалыптан тыс сарындарға, образдарға, тәсiлдерге 
жүгiнуiн өмiрлiк ақиқаттан алшақтау деп бағаламай, ақиқат мәнiне тереңдей 
беруге, өмiрлiк шындықтың тылсым сырларын ұғынуға ұмтылыс, тiптi 
көркемдiк құралдарының сонылығымен оқырманның ой-сезiмiне әсер етуге 
ұмтылыс деп бағалаған орынды. Өйткенi реалист-суреткер қандай көркемдiк 
құралды пайдаланса да, өз шығармасында өмiрлiк шындықтың сырын 
тереңдете ашуды мақсат етедi. 


160 
Сұрақ. Адам ойында дайын үлгiде тiркесiп жүретiн сөздер болатыны 
мәлiм. Мәселен, “әдiс” десек, оған iлесе “тәсiл” деген сөз тiл ұшына оралып 
тұратыны бар… 
Жауап. Бұл – “Көркемдiк әдiс болғанда, тәсiл болмай ма?” деген сұрақ 
қой. Әдебиетте әдiс те, тәсiл де бар. Екеуi – екi бөлек ұғым. 
Әдеби тәсiл дегенде көркем баяндаудың сюжеттiк-композициялық, 
жанрлық, стильдiк, поэтикалық бiтiмiн белгiлейтiн құрылымдық 
ұстанымдары айтылады. Әдебиеттану тәжiрибесi әдеби тәсiлдер мәселесiнiң 
қаламгер қолданысындағы жаңашылдыққа немесе қалыптасқан дәсүрлi үлгiнi 
жаңа мақсатқа бейiмдей пайдалану жолдарына қатысты сөз болатынын 
көрсеттi. Бұл орайда қаламгер пайдаланған тәсiлдердiң iшiнен жекелеген 
тәсiлдердi бөлiп алып қарастыру маңызды сипат иеленетiнiн байқаймыз. 
Мысалы, реалистiк туынды сюжетiне фантастика мен гротеск элементтерiнiң 
енуi, “сана ағымы” тәсiлдерiнiң ұштасуы, поэзия мен прозада көркем сөз 
құрылымын синтаксистiк және ырғақтық тұрғыдан қалыптан тыс үлгiде 
қолдану, т.с.с. жәйттердi айтуға болады. 
Бiр қаламгерге немесе белгiлi бiр дәуiрге тән тәсiлдемен қатар, дәстүрлi 
тәсiлдер де бар. Қаламгерлер қай кезде де ондай дәстүрлi қолданыстарды 
мүмкiндiгiнше аз пайдалануға ұмтылады. Әдеби тәсiлдердi көркемдiк 
мақсатқа байланысты саналы түрде ұтымды да орынды пайдалану 
мазмұнның мәнiн неғұрлым терең жеткiзуге қызмет етуi шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет