Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. XVIII ғасырда қайта өрлеген ағартушылық классицизмнiң  ерекшелiгi жайында не айтуға болар едi?  Жауап



Pdf көрінісі
бет133/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152
Сұрақ. XVIII ғасырда қайта өрлеген ағартушылық классицизмнiң 
ерекшелiгi жайында не айтуға болар едi? 
Жауап. XVII ғасырда Ағартушылықтың озық идеяларымен қанаттанған 
классицизм феодалдық дүние тәртiптерiн мейлiнше сынауға, адамның табиғи 
құқын қорғауға, еркiндiктi дәрiптеуге ден қойды. Сондай-ақ, оның басты 
ерекшелiктерiнiң бiрi ұлт тарихына қатысты оқиғаларға айрықша ынта қоюы 
болып табылады. Ағартушылық классицизмнiң Франциядағы аса iрi өкiлдерi 
Вольтер, 
Германияда 
И.В.Гете, 
И.Ф.Шиллер 
(90-жылдардағы 
шығармашылығы) болды. 
Сұрақ. Құлдырай бастаған классицизмнiң Ағартушылық дәуiрiнде 
қайтадан өркендеуiне не себеп болды? 
Жауап. Ағартушыларға классицизм бағытындағы дүниеге де, өзiне де 
саналы көзбен қарайтын, қоғамдық және азаматтық парызға өзiнiң жеке 
мүддесiн бағындыруға қабiлеттi адамдардың айқын позициясы, өркениет 


167 
пафосы, ақыл-ойға бағынған көркемдiк шығармашылық концепциясы жақын 
келдi. Алайда бұл кезеңдегi ағартушылық классицизмнiң өзiнiң алдындағы 
iзашар бағыттан әлеуметтiк-саяси бағдары өзгешелеу болды. Мысалы, 
Вольтер классицизм дәстүрлерiн сақтай отырып, дiни фанатизмге, 
абсолюттiк қанаушылыққа қарсы күреске, азаттық пафосына толы 
трагедияларын жазды.
Ағартушылық пен классицизмнiң ұштаса көрiнуiнiң тағы бiр себебi бар. 
Классицизмнiң мәнiн айқындайтын басты ерекшелiк, яғни ежелгi дүниеге 
алғашқы идеалды образдар әлемi ретiнде табыну, Ағартушылық 
идеологияның да түп негiзi болатын. Ағартушылар адам жаратылысының 
мәнiн оның тұрмыс-тiршiлiгiндегi әлеуметтiк жағдайлардан, яки тарихтан 
iздемей, антикалық классикада идеалды үлгiде көрiнетiн дерексiз адамдық 
жаратылыстан iздедi. 
Сұрақ. Классицизм француз әдебиетiнде қалыптасқанымен, өзге елдер 
әдебиетiнде де көрiнiс тапқан бағыт екенiн бiлемiз. Ал оның басқа 
әдебиеттердегi орны жайында не айтуға болады? 
Жауап. Француз әдебиетiнiң әсерiмен классицизм Европаның өзге 
елдерiнде де дами бастағанына Англияда А.Поп, Дж.Аддисон, Италияда 
В.Альфьери, У.Фосколо, Германияда И.К.Готшед шығармалары дәлел. 
Алайда, Готшед шығармалары немiс әдебиетiнде маңызды iз қалдыра 
алмады. Әдебиет тарихынан “Веймар классицизмi” деген атпен танымал 
жаңа немiс классицизмi жаңа сипаттағы көркем құбылыс ретiнде XVIII 
ғасырдың екiншi жартысында ғана қалыптасты. Француз классицизмiнен 
Веймар классицизмiнiң басты ерекшелiгi алдыңғы планға адамгершiлiк-
эстетикалық проблемалардың шығуы деуге болады. Веймар классицизмiнiң 
негiзiн И.И.Винкельман қалағанымен, қанат жая өркендеуi И.В.Гете, 
Ф.Шиллер шығармашылығының Веймар кезеңiнде болды. Бұлар антикалық 
үлгiлерге сүйене отырып, жан-жақты үйлесiмдi дамыған жеке адамды 
тәрбиелейтiн эстетикалық мiндеттердi шешуге қабiлеттi жоғары стильдегi 
жаңа әдебиеттi жасауға ұмтылды. 
Орыс классицизмi XVIII ғасырдың екiншi ширегiнде А.Д.Кантемир, 
В.К.Тредиаковский, М.В.Ломоносов шығармалары арқылы дүниеге келiп, 
ғасырдың 
екiншi 
жартысында 
А.П.Сумароков, 
Д.И.Фонвизин, 
М.М.Херасков, 
В.А.Озеров, 
Я.Б.Княжнин, 
Г.Р.Державин 
шығармашылықтарында дамып-жетiлдi. Олардың шығармашылықтары ода 
мен эпопеядан бастап, мысал мен комедияға дейiн барлық маңызды 
жанрларды қамтыды.
Классицизм – Европаның көркемдiк әлемiнде ұзақ өмiр сүре бiлген 
ағым. Әдебиетте XVII – XVIII ғасырларда кең ауқымда өрiстеп, сәулет 
өнерiнде XIX ғасырға дейiн сақталды. Дегенмен, XVIII ғасырдың cоңы мен 
XIX ғасырдың басында классицизмнiң шындық өмiрмен байланысы 
алшақтай түстi де, шарттылықтың тар шеңберiнде тұйықталып, 
көшбастаушылық мәнiнен айырыла бастады. Осы тұста классицизм, әсiресе 
романтиктер тарапынан, өткiр сынға ұшырады да, бiртiндеп әдеби даму 


168 
процесiнде өз орнын босатуға тура келдi. Ұлы Француз революциясынан 
кейiн классицизмнiң орнына европа өнерiндегi үстем стиль болып 
романтизм орнықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет