Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Иероним (340-420 ж.ж.), христиан жазушысы. “Библияны” латын тiлiне  алғаш аударушы



Pdf көрінісі
бет144/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Иероним (340-420 ж.ж.), христиан жазушысы. “Библияны” латын тiлiне 
алғаш аударушы. 

Каллимах (б.д.д. 310-240 ж.ж.), ежелгi грек ақыны және филолог. 
Египет сарайы маңында өмiр сүрiп, Александрия кiтапханасын 
басқарған. “Гекала” аталатын эпиллий (шағын эпос), 4 кiтаптан тұратын 
“Себептер” 
атты 
элегиялар, 
“Ямбылар” 
өлеңдер 
жинағын, 
эпиграммалар, гимндер жазған. Грек қаламгерлерi мен олардың 
шығармаларын жинақтайтын бiрiншi каталог – “Кестелер” деген еңбек 
жазған. 

Корнель Пьер (1606-1684), француз драматургi. Шығармалары – 
“Мелита, немесе жалған хаттар” (1629), “Жесiр, немесе Жазаланған 
сатқын” (1631-32), “Сот галереясы, немесе Құрбы-қарсылас” (1632), 
“Субретка” (1633), “Король алаңы, немесе есалаң ғашық” (1633-34), 
“Суайт” (1644), “Суайттың жалғасы” (1645) аталатын өлең үлгiсiндегi 
комедиялары; “Дон Санчо Арагонский” (1650) қаһармандық комедиясы; 
“Клитандр, немесе Азат болған бейкүнә” (1632), “Сид” (1637) 
трагикомедиялары; “Медея” (1639), “Гораций” (1641), “Цинна, немесе 
Августың мейiрiмi” (1643), “Азап шеккен Полиевкт” (1643), “Помпейдiң 
өлiмi” (1644), “Ираклий, немесе Шығыс әмiршiсi” (1647), “Никомед” 
(1651), “Пертарит” (1653), “Эдип” (1659), “Серторий” (1662), 
“Софонисба” (1663), “Отон” (1665), “Аттила – ғұндар патшасы” (1667), 
“Тит және Береника” (1677), “Парфяндар қолбасшысы Сурена” (1675) 
трагедиялары; “Поэтикалық қоспа” (1632) жинағы; “Ой-толғамдар” 
(1660) – драматургия туралы теориялық кiтап. 

“Көл мектебi” – У.Вордсворт, С.Т.Колридж, Р.Саути құрған ағылшын 
романтик-ақындарының тобы. Олардың идеялық және шығармашылық 
достастығы Англияның солтүстiк-батысындағы көлдi аймақты мекен 
еткен кездерiнде, яғни XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас 
кезiнде қалыптасты. “Көл мектебi” өкiлдерi Ағартушылық идеалдарын 
терiске шығарып, ағылшын поэзиясында реформа жасады. Өлеңдерiнде 
мөлдiреген арманшыл сезiм, табиғатқа iңкәрлiк, қарапайым жандарға 
сүйiспеншiлiк айқын көрiнедi. 


181 

Крабб Джордж (1754-1832), ағылшын ақыны. Дидактикалық 
сипаттаушылық сарындағы “Деревня” (1783) поэмасының, “Дiндарлар 
тiзiмi” (1807), “Шағын мекен” (1810) повестерiнiң авторы. 

Кроче Бенедетто (1866-1952), италиялық философ-идеалист, тарихшы, 
әдебиеттанушы, сыншы, публицист. Гегель дәстүрiндегi Кроче 
философиясы – абсолюттi идеализм. Негiзгi еңбегi 1902-1917 жылдарда 
жазылған “Жан философиясы” деп аталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет