Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет146/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   152
Надеждин Николай Иванович (1804-1856), орыс сыншысы, журналист. 
Көптеген әдеби-сын мақалалардың, соның iшiнде “Отандық әдебиет 
жылнамасы”, “Орыс театры. Петербургке хат”, “Әсем өнердiң қазiргi 
бағыты туралы” циклдерiндегi, “Европеизм және орыс сөз өнерiне 
қатысты халықтық” атты мақалалардың; “Тарихи шындық пен нақтылық 
жайында” (1837), “Орыс тiлiндегi жергiлiктi ерекшелiктер жайында” 
(1841), т.б. да тарихи, жаратылыстану, этнографиялық тақырыптардағы 
еңбектердiң авторы. 

Ницше 
Фридрих 
(1844-1900), 
немiс 
философы, 
қазiргi 
иррационализмнiң негiзiн салушылардың бiрi. Басты еңбектерi – 
“Адами, өте адами” (1878), “Көңiлдi ғылым” (1882), “Заратустра солай 
айтқан” (1883-1885), “lзгiлiк пен зұлымдықтың арғы жағында” (1886), 
“Антихристианин” (1888). 

Новалис (шын есiмi – Фридрих фон Харденберг; 1772-1801), немiс 
жазушысы, философ. Негiзгi шығармалары – “Түнге гимн”, “Рухани 
жырлар” атты лирикалық циклдi өлеңдер, “Генрих фон Офтердинген” 
романы, “Саистегi шәкiрттер” повесi. 

Овсянико-Куликовский Дмитрий Николаевич (1853-1920), орыс 
грамматисi. Тiл бiлiмiндегi Харьков лингвистика мектебiнiң өкiлдерiнiң 
бiрi. Филологиядағы психологиялық бағытты жақтаушы. 

Ориген (шамамен 185-253/254, қуғында жүргенде азаптап өлтiрген), грек 
тiлiнде жазған көне христиан жазушысы, теолог ғалым, философ. Негiзгi 
еңбектерi – “Бастаулар жайында”, “Цельске қарсы” деген трактаттар.  

Паллас П.С. Негiзгi еңбегi – 272 тiлге тән сөздердi қамтитын “Барлық 
тiлдердiң және диалектiлiк ерекшелiктердiң салыстырма сөздiгi” (1786-
1791).

Панини (б.д.д. V-IV ғ.ғ), ежелгi үндi филологы. Төрт мыңнан астам 
грамматикалық ереженi қамтитын “Аштадхйайи” деген жинақ жазған. 

Патанджали (б.д.д. II ғ.), ежелгi үндi филологы. Үндi филологиясында 
түсiндiрмелiк бағытты негiздеушiлердiң бiрi. Панинидiң “Ережелер 
жинағын” түсiндiрумен айналысқан. Бұл саладағы негiзгi еңбегi – 
“Махабхашия”. 

Петефи Шандор (1823-1849), венгер ақыны, революционер-демократ
1848-49 жылдардағы Революция қайраткерi. Негiзгi шығармалары – 
“Село баласы” (1844), “Қаһарман Янош” (1844), “Пишта Силай” (1846), 
“Шалго” (1846), “Апостол” (1848) поэмалары, “Жолбарыс пен шибөрi” 
(1845) атты өлеңмен жазылған драма, “Баскесердiң арқаны” (1846) 
аталатын өлеңмен жазылған роман. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет