Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет147/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Петрарка Франческо (1304-1374), итальян ақыны. “Канцоньере” (1327-
1374) – сонет, канцон, секстин, баллада, мадригалдардан тұратын 2 
бөлiмдi лирикалық өлеңдер кiтабы; “Триумфтар” (1354), “Африка” 
(1339-1342), “Буколикалар” (1346-1356) поэмалары; “Оңашаланған өмiр 
туралы” (1346-1366), “Монахтың бос уақыты туралы” (1347), 
“Кездейсоқ бақытқа қарсы құралдар туралы” (1358-1366) прозалық 


183 
трактаттары; “Дәрiгерлерге қарсы инвективтер” (1352-1353), “Өзiмнiң 
және өзге адамдардың тәлiмсiздiгi туралы” (1367-1370) аталатын 
полемикалық шығармалары;, “Ұрпақтарға хат” (1374), “Менiң құпиям, 
немесе Дүниеден безiну туралы әңгiмелесу кiтабы” (1342-1343), 
“Жолдаулар” (1325-1374) автобиографиялық прозалары, т.б. да 
туындылары белгiлi. 

Пирс Чарлз Сандерс (1839-1914), америкалық философ және логик
прагматизмнiң негiзiн салушы. 1876 жылы жазылған “Бiздiң идеяларды 
қалай айқын етуге болады” деген мақаласында кейiннен “Пирс 
ұстанымы” аталып кеткен ұстанымды алғаш рет ұсынды.  

Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 ж.ж.), ежелгi грек идеалист-философы, 
Сократтың шәкiртi, обьективтi иделизмнiң негiзiн салушы, “Софист”, 
“Парменид”, “Теэтет”, “Мемлекет”, т.б. да 30-дан астам философиялық 
диалогтың авторы. 

Пор-Рояль – Париж маңындағы монастырь. XVII ғасырда янсенизм 
iлiмiнiң орталығы айналған. Франциядағы ағарту iсiнiң iрi ошағы 
болған. Түрлi оқулықтар құрастыруда үлкен роль атқарған. Әсiресе, 
Арно және Николь жазған логика оқулығы кеңiнен таралды. Осы 
монастырьда әйгiлi Паскаль өмiр сүрiп, еңбек еткен. Монастырь 
янсеншiлермен күреске түскен иезуиттердi жақтаған Людовик XIV-нiң 
бұйрығымен 1712 жылы өртелген. 

Потебня Александр Афанасьевич (1835-1891), көрнектi орыс және 
украин филологы. Негiзгi еңбектерi – “Ой және тiл” (1862), 4 томдық 
“Орыс грамматикасы бойынша жазбалардан”, “Славян халықтық 
мифологиясындағы кейбiр символдар туралы” (1860). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет