Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет140/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Бхартрихари (IV ғ.), ежелгi Үндiстанның философы, логик, тiлтанушы. 
Тiл категориясы мен логикалық категория арасындағы қарым-қатынасты 
зерттеген. Негiзгi еңбектерi – “Натьяшастра”, “Вакьяпадия”.

Веневитинов Дмитрий Владимирович (1805-1927), орыс ақыны. 
Махаббат 
элегияларының, 
философиялық 
және 
азаматтық 
лирикалардың, “Владимир Паренский” атты аяқталмаған романның, 
сондай-ақ, “Мерзляков мырзаның пiкiрлерiн талдау”, “Евгений Онегин” 
туралы мақаланы талдау”, “Полевой мырзаға жауап”, “Ресейдегi 
ағартушылықтың жағдайы жайында”, т.с.с. философиялық және әдеби-
сын мақалалардың авторы.  

Веселовский Александр Николаевич (1838-1906), әдебиет теоретигi және 
тарихшысы. Магистрлiк дисссертациясы – “Вилла Альберти. XIV-XV 
ғасырлардағы италия өмiрiндегi қоғамдық және әдеби өзгерiстердi 
сипаттау үшiн жаңа материалдар”, докторлық диссертациясы – 
“Соломон мен Китоврас жайындағы славян аңыздары және Морольф 
пен Мерлин жайындағы батыс аңыздары” деп аталады. Фольклордың 
“тарихи бастауы” теориясын жақтаған.  


177 

Вико 
Джамбаттиста 
(1668-1744), 
италиялық 
философ, 
әлеуметтанушы, әдебиет теоретигi, ақын. “Ұлттың жалпы табиғаты 
жайындағы жаңа iлiмге негiздемелер” аталатын философиялық-
эстетикалық шығармасы, “Автобиография” деген еңбегi белгiлi.

Виламовиц-Меллендорф Ульрих фон (1848-1931), Германиядағы “жаңа 
филология” өкiлi. 

Винкельман Иоганн Иоахим (1717-1768), немiс ағартушысы, өнер 
тарихшысы және теоретигi. Неогуманизм жақтаушысы. Негiзгi еңбегi – 
1764 жылы жазылған “Ежелгi өнер тарихы”. 

Виноградов Виктор Владимирович (1895-1969), белгiлi филолог. Негiзгi 
еңбектерi – “Гоголь стилi жайындағы этюдтер” (1923), “Гоголь және 
натуралистiк мектеп” (1925), “Анна Ахматова поэзиясы жайында” 
(1925), “Орыс натурализмiнiң эволюциясы: Гоголь және Достоевский” 
(1929), “Пушкин тiлi” (1935), “Гоголь тiлi” (1936), “Пушкин стилi” 
(1941), “Лермонтов прозасының стилi” (1941), “Орыс тiлi: Сөз 
жайындағы грамматикалық iлiм” (1947).  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет