Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Вольф Фридрих Август (1759-1825), немiс филологы. Ғылымға  “филология” деген терминдi енгiзген ғалым



Pdf көрінісі
бет141/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Вольф Фридрих Август (1759-1825), немiс филологы. Ғылымға 
“филология” деген терминдi енгiзген ғалым. 

Востоков Александр Христофорович (1781-1864), орыс тiлтанушысы. 
Негiзгi еңбектерi – “Славян тiлi туралы ойлар” (1829), “Орыс 
грамматикасы” (1831), “Облыстық великорусс сөздiгiнiң тәжiрибесi” 
(1852), “Шiркеулiк-славян тiлiнiң сөздiгi” (1858).  

Вундт Вильгельм (1832-1920), немiс психологы, физиолог және 
философ-идеалист, тiлтанушы. Экспериментальды психологияның 
негiзiн салушылардың бiрi. Ең танымал еңбегi – 10 томдық “Халықтар 
психологиясы” (1900-20). 

Гейне Генрих (шын есiмi – Харри; 1797-1856), немiс ақыны, публицист, 
сыншы. Көптеген поэтикалық жинақтардың, өлеңдердiң, “Жаңа көктем”, 
“1853-1854 жылдар өлеңдерi”, т.с.с. өлеңдер циклдерiнiң, “Атта Тролль. 
Жазғы түндегi түс”, “Германия. Қысқы ертегi” аталатын сатиралық 
поэмалардың авторы. Проза саласында “Жол суреттерi”, “Мойындау” 
және толық аяқталмаған “Фон Шнабелевопский мырзаның мемуарынан” 
повесi, “Бахерахтан шыққан Рабби” романы; драма саласында 
“Альманнзор”, “Вильям Ратклиф”; публицистикада “Француз iстерi”, 
“Людвиг Берн туралы. Ескерткiш”, “Лютеция” деген еңбектерi бар. 
“Романтикалық мектеп”, “Германиядағы дiн мен философия тарихына”, 
“Француз суреткерлерi”, “Француз сахнасы жайында”, “Шекспирдiң 
әйелдерi мен қыздары” аталатын әдеби, философиялық-эстетикалық сын 
еңбектер жазған.  

Гердер Иоганн Готфрид (1744-1803), немiс философы, ағартушы-
жазушы. Философия, эстетика бойынша еңбектерi – “Ең жаңа немiс 
әдебиетi туралы. Фрагменттер”, “Тiлдiң шығуы жайында зерттеулер”, 
“Шекспир”, “Оссиан және ежелгi халықтардың жырлары туралы 
хаттардан үзiндi”. Өлеңдерi мен драмалары – “Брут”, “Филоктет”, “Эон 


178 
мен Эонис”, “Азат болған Прометей”. “Терпсихора” атты аудармалар 
жинағының, Сид жайындағы испан романстарын мазмұндайтын 
жинақтың авторы. Сонымен бiрге “Халықтық жырлар”, “Жырлардағы 
халық даусы” деген жинақтар шығарған. 

Голдсмит Оливер (1728-1774), ағылшын жазушысы. “Векфильд 
священнигi” сентиментальды романының, “Саяхатшы”, “Тастанды 
деревня” поэмаларының, “Ақкөңiл”, “Қателiктер түнi немесе мақтаудан 
бетер қорлау” комедияларының, “Әлем азаматы” аталатын әлеуметтiк-
тұрмыстық очерктер жинағының, көптеген әдеби-сын тракттаттардың 
авторы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет