Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Продик Кеосский (б.д.д. V ғ.), ежелгi грек жерiнен шыққан софист- философ



Pdf көрінісі
бет148/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Продик Кеосский (б.д.д. V ғ.), ежелгi грек жерiнен шыққан софист-
философ. 

Протагор (шамамен б.д.д. 480-410 ж.ж.), ежелгi гректiң Абдер 
мекенiнен шыққан көрнектi софист-философ. Оның “Құдайлар туралы” 
деген еңбегi отқа жағылып, өзi құдайдан безгендiгi үшiн Афинадан 
қуылған. “Ақиқат” деген шығармасы да белгiлi. 

Раск Расмус Кристиан (1787-1832), даниялық филолог. Негiзгi 
еңбектерi – “Исланд тiлiнiң шығу тарихы жайында” (1818), “Ежелгi 
солтүстiк тiлдерi және немiс, исланд тiлдерiнiң шығуы туралы 
зерттеулер”. 

Ричардсон Сэмюэл (1689-1761), ағылшын жазушысы. “Памела, немесе 
Марапатталған iзгiлiк” (1740), “Кларисса” (1747-1748), “Сэр Чарльз 
Грандисонның хикаялары” деген танымал шығармалары бар.  

Роде Эрвин (1845-1898), немiс филологы. 

Россетти Данте Габриель (1828-1882), ағылшын ақыны, суретшi. 
Негiзгi шығармалары – “Өлеңдер” (1870) деген сонеттер жинағы, “Ақ 
кеме” тарихи балладасы, “Король қасiретi” пьесасы, “Ниневия масылы” 
(1856) философиялық поэмасы. 


184 

Руссо Жан Жак (1712-1778), француз философы және жазушысы. Негiзгi 
шығармалары – “Юлия, немесе Жаңа Элоиза” (1761) эпистолярлық 
романы; автобиографиялық “Мiнәжат” (1766-1769), “Диалогтар: Жан 
Жакты Руссо айыптайды” (1775-1776), “Жалғыз қиялшылдың 
серуендерi” (1782 ж. жарияланған) кiтаптары; “Шарметтегi бақша” 
(1736), “Л’Этан мырзаға жолдау” (1749) өлеңдер жинағы; “Нарцисс” 
(1752), “Соғыс тұтқындары” (1782 ж. жар-н) комедиялары; “Деревня 
балгерi” (1752), “Пигмалион” опералары; “Эмиль, немесе Тәрбие 
туралы” (1762), “Эмиль мен Софи, немесе Жалғыздар” (1780) 
педагогикалық трактаттары; “Француз музыкасы жайында хат” (1753), 
“Театр ғажайыптары жайында д’Аламберге хат” (1758) эстетикалық 
трактаттары; “Таудан хат” (1764) публицистикалық кiтабы. 

Сент-Беф Шарль Огюстен (1804-1869), француз сыншысы және ақыны. 
Негiзгi шығармалары – “Жозеф Делормның өмiрi, өлеңдерi және ой-
пiкiрлерi” (1829) өлеңдер кiтабы; “Тәттiқұмарлық” (1834) романы; 
“Дүйсенбiлiк сұхбаттар” сериялы мақалалары; “XVI ғасырдағы француз 
поэзиясы мен француз театрына тарихи және сыни шолу” (1828), “Пор-
Рояль” (1840-1859), “Шатобриан және оның Империя кезеңiндегi әдеби 
тобы” (1861) кiтабы. 

Скалигер Юлий Цезарь (Жюль Сезар, 1484-1558), Қайта өрлеу 
дәуiрiндегi француздық филолог-ғалым. Негiзгi еңбегi – “Латын тiлiнiң 
негiздерi туралы” (1540). 

Стерн Лоренс (1713-1768), ағылшын жазушысы. “Джентльмен Тристам 
Шендидiң өмiрi мен пiкiрлерi” (1760-1767), “Франция мен Италияға 
сентиментальды саяхат” (1768), “Йориктiң уағыздары” деген 
романдардың авторы. 

Сюнь-цзы (шамамен 313-328 ж.ж.), ежелгi қытайдың материалист-
философы. Адам табиғаты, таным процесi, тәрбие жайындағы сыншыл 
iлiмi қытай философиясының кейiнгi даму жолына терең ықпал еткен.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет