Шухардт Гуго (1842-1927), австриялық лингвист. “Заттар мен сөздер”,
“Фонетика заңы туралы” аталатын еңбектерi бар.
Щерба Лев Владимирович (1880-1944), белгiлi орыс тiлтанушысы,
И.А.Бодуэн де Куртенэнiң шәкiртi. “Тiлдiк құбылыстардың үш жақты
аспектiсi
және
тiл
бiлiмiндегi
эксперименттер
туралы”,
“Лексикографияның жалпы теориялық тәжiрибесi”, “Орыс тiлiндегi
сөйлеу бөлiктерi туралы”, “Сапалық және сандық қатынастағы орыс
дауыстылары”, “Француз тiлiнiң фонетикасы”, т.с.с. көптеген iргелi
еңбектердiң авторы.
Эразм Роттердамский (әдеби лақап аты – Герхарда Герхардса, 1469-
1536), нидерландиялық философ-гуманист, схоластикаға қарсы шыққан
ғалым. Танымал еңбегi – “Ақымақтыққа мадақ” (1509).
Эрвас-и-Пандуро Лоренце (1735-1809), испандық монах. Негiзгi еңбегi –
“Танымал тiлдердiң каталогы және олардың өзара ұқсастығы мен
айырмашылықтары туралы ескертпе” (1794).
Юнг Карл Густав (1875-1961), швейцариялық психолог, “аналитикалық
психологияны” жасаушы. Негiзгi еңбектерi – “Метаморфозалар мен
либидо символдары” (1912), “Психология типтерi” (1921), “МЕН және
санасыздық арасындағы қарым-қатынастар” (1928).
Юнг, немесе Янг Эдуард (1683-1765), ағылшын ақыны. “Шағым, немесе
Өмiр, өлiм және ажалсыздық жайындағы түнгi ойлар” (1742-1745) деген
дiни-дидактикалық поэмасы, “Бiрегей шығармашылық жайындағы
ойлар” трактаты белгiлi.
187
МАЗМҰНЫ ОЙ – ТҮРТКl …………………………………………….……… 3 – 4 I ТАРАУ Филология ғылымы ………………………………….………. 5 – 48 Бiрiншi әңгiме немесе