185
өмiр” (1839), т.с.с. новеллалардың; “Петер Лебрехтiң халық ертегiлерi”
(1797) жинағының авторы.
Тодоров Цветан (т.ж. 1939), француз тiлтанушысы. Линугвистикадағы
структурализм жақтаушысы.
Томсон Джеймс (1700-1748), ағылшын ақыны. Ақылгөйлiк сарындағы
“Жыл мезгiлдерi” (1726-1730), аллегориялық “Дыр-думан ордасы”
(1748) поэмаларының және классицистiк трагедиялардың авторы.
Узенер Герман (1834-1905), Германиядағы “жаңа филология” өкiлi.
Фосслер Карл (1872-1949), немiс филолог-ғалымы.
Эстетикалық
лингвистика мектебiн қалыптастырушы. “Тiл бiлiмiндегi позитивизм
мен идеализм” (1904), “Тiл – шығармашылық және даму” (1906).
Фрейд Зигмунд (1856-1939), австриялық дәрiгер-невропатолог және
психиатр, кейiннен “фрейдизм” аталған
психоанализ теориясы мен
әдiсiн негiздеушi.
Достарыңызбен бөлісу: