Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет20/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Үшiншi әңгiме 
немесе 
Әдебиеттану және Поэтика 
 
Сұрақ. Сөздi зерттеу арқылы адам әлемiн танып-бiлуге бағытталатын 
филология ғылымының бiр саласы – тiл ғылымы жайында әңгiмеледiк. Ендi 
осы тiл ғылымынан әдебиеттанудың өзiндiк ерекшелiктерi қандай?
Жауап. Лингвистика туралы сөз қозғаған жоғарыдағы әңгiмемiзде 
әдебиеттанудың басқа ғылымдардан айырмашылығы жайында қысқаша ғана 
айтып өткен едiк. Өйткенi ол тұста тiл ғылымына қатысты жайларға көбiрек 


20 
көңiл бөлгендi құп санағандықтан, әдебиеттану мәселесiн сәл кейiнге 
қалдыра тұрғанды жөн көрген болатынбыз.
Әңгiменi анықтамадан бастасақ, әдебиеттану – көркем әдебиеттi, 
көркем әдебиеттiң түп-төркiнiн, мән-маңызы мен даму үрдiсiн зерттейтiн 
ғылым. Қазiргi таңдағы әдебиеттану ұдайы өзгеру, даму, жетiлу үстiндегi әр 
түрлi пәндер жүйесiнен тұрады. Әдебиеттi алуан қырынан талдап, зерттеуге 
негiзделетiн аталмыш пәндер жүйесiнде әдебиет теориясы, әдебиет 
тарихы және әдебиет сыны маңызды орынға ие. 
Сұрақ. Әдебиеттану ғылымының құрамындағы аталмыш үш саланың 
үшеуi де көркем әдебиеттi қарастырады екен. Бiр ғана әдебиеттi танып-бiлу 
үшiн осы саланың бәрiнiң бiрдей қажетi бар ма? Өйткенi, әдеби туындының 
жақсы немесе нашар екенiн оқырманның өзi-ақ танып алмай ма? Әлде, 
әдебиеттану ғылымы әдебиетшiлер мен ақын-жазушыларға керек пе?
Жауап. Көркем әдебиет – өнердiң негiзгi түрлерiнiң бiрi. Әдеби 
туындыны оқи отырып, оқырман шынайы адам өмiрiнiң ең абзал 
мұраттарымен қауышады. Н.Г.Чернышевскийдiң өнер мен әдебиеттi “өмiр 
оқулығы” деп атауы да сондықтан. 
Ал әдебиеттi рухани игiлiкке ұластыру – оңай шешiле салатын iс емес. 
Ол үшiн шығарманы ләзззаттана оқып шығу аз, сонымен қатар сол 
шығарманың мәнiн талдай түсiнiп, мейлiнше терең игеру керек. Сонда ғана 
адам бойында көркемдiктi тану қабiлетi ашыла түспек, сонда ғана адамның 
көркемдiк талғамы жоғарылай бермек. Бұл мақсатқа жету үшiн көркем 
шығарманың өзiн ғана оқып-бiлу аз, сонымен бiрге өнер мен әдебиет жайлы 
ғылыммен тиянақты таныс болу қажет, әсiресе, ең маңызды теориялық 
түсiнiктердi жетiк меңгерген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет