Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Қайшылықты пiкiрлермен басталған XX ғасырда лингвистика  жайы қалай болды?  Жауап



Pdf көрінісі
бет17/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152
Сұрақ. Қайшылықты пiкiрлермен басталған XX ғасырда лингвистика 
жайы қалай болды? 
Жауап. XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап бұған дейiн өзектi болып 
келген тiлдiң болмыс-бiтiмiне үңiлу мәселелерi Копенгаген мектебi 
(Л.Ельмслев), дескриптивтiк лингвистиканы қолдаған американың Йель 
мектебi (З.Харрис), т.с.с. зерттеулерiнде кеңiнен тараған структурализмге 
байланысты тiлдi зерттеудiң әдiстемесi мен әдiснамасына қатысты 
мәселелерге ұласты. Әрине, бұған қарап, барлық бағыттар мен мектептерде 
тiлдiк онтология (тiлдiң болмысын тану) мәселесi назардан қағыс қалды 
деуге болмайды. Мәселен, XX ғасырдың алғашқы жартысында тiл 
ғылымындағы аса қуатты бағыт Бодуэн де Куртенэ идеясын дамытқан Прага 
мектебi болып табылады. Аталмыш мектеп өкiлдерi тiл ғылымындағы 
функциональдық теорияны қалыптастырды. Прага мектебi идеяларына үндес 
ойлар 20 – 30-жылдардағы Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский еңбектерiнде де 
айтылды. Дәл осы кезеңде, тiл ғылымындағы структуралистiк және 
функциональдық бағыттар шеңберiнде, тiлдi тiл ғылымының нысаны 
ретiнде зерттеудiң әдiснамасына байланысты маркстiк-лениндiк бағытты 
жақтаушылар мен позитивизм, неопозитивизм бағытын қолдаушылар 
арасында тартыс айрықша күшейдi. 
Сұрақ. Қалай болғанда да, тартыстың түпкi мәнi тiлдi мейлiнше 
тереңiрек танып-бiлуге негiзделген ғой. Олай болса, кейiнгi кезеңдегi тiл 
ғылымының жалпы сипаты қандай? 
Жауап. Тiл ғылымының нысанасы адамның сөйлеу әрекетi, тiлдiк 
қарым-қатынас үрдiстерi болып табылады. Тiлдi нысана еткен басқа да 
ғылымдардан тiл ғылымының айырмашылығы алуан кезеңдердегi түрлi 
мектептер тәжiрибелерiн елеп-екшеу нәтижесiнде айқындалған өзiндiк 
нысанына байланысты. Яғни тiл ғылымының нысаны – қолданыстағы тiл, 
сонымен бiрге, тiлдiң адамзат қарым-қатынасының аса маңызды құралы 
ретiндегi әлеуметтiк қызметi. Тiлдердiң түрлiк сипаттамаларымен қоса
тiлдiң адамдар қарым-қатынасы кезiндегi және жинақтаушылық (обобщения 
при помощи языка) мәндегi қызметтерi де ұдайы назарда болатыны 
сондықтан. Бұл тұрғыда қазiргi тiл ғылымындағы негiзгi екi бағыт анық 
көрiнедi. Оның бiрiншiсi – семантика (семасиология), екiншiсi – 
функциональдық синтаксис. 
Қазiргi таңдағы тiл ғылымының өзi бiрнеше салаларды қамтитын арналы 
ғылым болып отыр. Тiлге қатысты мәселелердi алуан қырынан қарастыратын 
мәтiн 
лингвистикасы, 
семантикалық 
синтаксис, 
функциональдық 
стилистика, әлеуметтiк лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, 
сондай-ақ, семантика, лексикология, морфология, пiшiншiл-құрылымдық 
синтаксис, сөзжасам, фонетика сияқты салалардың әрқайсысы тiлдiк 


18 
құбылыстардың мәнiне тереңдей бойлау арқылы тiлтану ғылымының 
маңызын арттыра түскенi анық. Аталған салалар тiлдiң құрылымы мен 
қызметiне қатысты ортақ заңдылықтарды жеке тiлге немесе тiлдер 
тобына, сонымен бiрге жалпы тiлге қатысты да қарастыратынын айта кеткен 
дұрыс болар. Өйткенi қазiргi тiл ғылымында нақты тiлдердiң құрылымын, 
өмiр сүру жолдары мен дамуын қарастыратын салалар да қанаттаса 
өрiстеуде. Олардың қатарында тiлдiк құрылымдардың варианттылығын 
зерттейтiн типология; тiлдiң аймақтық нұсқаларын қарастыратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет