23
кейiнiрек тағы ораламыз. Әзiрше осы тұстан түйе тұрайық та, әңгiмемiздi әрi
қарай өрбiтейiк.
Қазiргi кейбiр ұғым-түсiнiктер де тарихи дамудың қилы кезеңдерiн
бастан өткере отырып қалыптасқан. Бұл тұрғыда жанрлар мен стильдер,
жекелеген көркемдiк тәсiлдер, композициялық құрылым белгiлерi, сондай-ақ
қайталама сюжеттер мен сарындардың (мотив) тарихи тағдырын айтуға
болады.
Әдебиетке қатысты түрлi ұғымдардың, көркемдiк құралдарының
тарихи жолын айқындау да – әдебиет тарихынын, оның iшiнде тарихи
поэтиканың өзектi мәселелерiнiң бiрi.
Әдебиет тарихының еншiсiндегi маңызды мәселелердiң тағы бiрi –
жеке
ұлт әдебиетiнiң тарихи даму жолы. Себебi –
әр ұлттың ұлттық тарихы
өзiндiк сипаттарымен дараланып тұратын болса, әдебиетiнiң даму жолында
да өзiндiк ерекшелiктер болады.
Бұл тұста барлық халықтың әдебиетiнiң
дамуында бiрдей кездесетiн ортақ сипаттар болатынын мiндеттi түрде ескере
отырып,
нақты бiр ұлт әдебиетiне ғана тән сипаттарға баса назар
аударылуы қажет.
Әлемдiк әдебиет тарихы – әдебиет тарихы пәнiне жүктелетiн ең жоғары
мiндет. Әлемдiк әдебиет
тарихын жасау барысында барлық ұлттық
әдебиеттер тарихына, әлемдiк әдебиет дамуына ықпал еткен
барлық
жанрлар мен стильдерге, барлық қаламгерлерге тән ортақ заңдылықтар
ғана жинақталады.
Достарыңызбен бөлісу: