поэтиканы таза лингвистикалық тұрғыдан түсiндiрмек болуында.
Француз структурализмi (белгiлi өкiлдерi – Ц.Тодоров, Ю.Кристева,
т.б.) қолданған поэзиялық және прозалық мәтiндердi зерттеу әдiстерi
лингвистикалық структурализммен де, неофрейдизм философиясымен
(өкiлдерi – Ж.Лакан, т.б.) де ұштасып жатты. Аталған француз
структурализмiне семиотика мен мәдениет теориясының (өкiлдерi –
К.Леви-Строс, т.б.) ықпалы да аз болмады.
XIX ғасырдың екiншi жартысы мен XX ғасырдың бас кезiндегi түрлi
бағыттарда тiл – шығармашылықты (немесе көркемдiктi) тасымалдаушы, сөз – өңiн өзгерткен көркем образ ретiнде түсiндiрiлдi. Бұл бағыттың
жақтаушылары қатарында А.А.Потебня бастаған Харьков мектебiнiң өкiлдерi
мен Б.Кроче, К.Фосслер, т.с.с. лингвистикалық идеализм өкiлдерi болды.
Кеңестiк тiл ғылымында көркем мәтiн стилистикасы жан-жақты
зерттеу нысанына айналды. Бұл саладағы аса iргелi зерттеулер –
В.В.Виноградов еншiсiнде. Сондай-ақ, поэтикалық сөздi семантикалық
тұрғыдан (лингвистикалық талдау) талдауға негiзделген еңбектер де өзiнше
бiр бағыт құрайды.
Соңғы жылдары әлемдiк тiл ғылымында көркем аударманың лингвистикалық теориясы төңiрегiнде iзденiстер дүниеге келiп, кеңiнен
өркендеуде.
Сонымен
сабақтаса
түрлi халықтардың мәдени ерекшелiктерiнiң тiлдегi көрiнiсiн танып-бiлуге және сол тiлдi өзге халық өкiлдерiне үйретуге бағыт ұстанған лингво-елтану(лингвострановедение)
аталатын мүлде жаңа ғылым саласы пайда болып отыр. Ал қандай да бiр тiлдi
үйрету мiндеттерiнiң практикалық стилистика саласына да қатысы бар.
Сонымен бiрге практикалық стилистика редакциялау теориясы мен
практикасы, журналистика мәселелерiмен де шұғылданады.