Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Бұл тұста аталмыш салалардың еншiсiне тиесiлi үлес қандай?  Жауап



Pdf көрінісі
бет21/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Бұл тұста аталмыш салалардың еншiсiне тиесiлi үлес қандай? 
Жауап. Әдебиет теориясы – әдеби шығармашылықтың табиғаты мен 
қоғамдық мiндетiн зерттейтiн және оны талдаудың әдiснамасы мен 
әдiстемесiн айқындайтын әдебиеттану саласы. 
Әдебиет теориясы қарастыратын мәселелердi негiзгi үш циклға 
жүйелеуге болады:
1. 
қаламгердiң ақиқат болмысты образды бейнелеу ерекшелiктерi; 
2. 
әдеби-көркем шығарманың құрылымы
3. 
әдеби үрдiс. 
Бiрiншi циклде 
образдылық, көркемдiк, эстетикалық идеал
дүниетаным мен әдiс, жалпы әдеби шығармашылыққа байланысты негiзгi 
ұстанымдар туралы ұғым-түсiнiктер қарастырылады. 
Екiншi циклде көркем шығармаға қатысты идея, тақырып, көркем бейне 
(қаһарман), сюжет, композиция, стилистика мен өлең құрылысы 
төңiрегiндегi ұғым-түсiнiктер сарапталады. 
Үшiншi цикл стиль мен әдiс, әдеби тектер, түрлер, жанрлар, әдеби 
ағымдар мен бағыттар, жалпы әдеби үрдiс мәселелерiн қозғайды. 
Негiзгi мақсаты әдебиеттiң даму заңдылықтарын, әдеби шығармаларға, 
әдеби үрдiске ортақ сипаттарды айқындау болып табылатын әдебиет 


21 
теориясы әдебиеттiң қоғамдық өмiрмен байланысын ашатын идеялық, 
танымдық, ұлттық және жалпыадамзаттық сипаттарына, көркем 
шығарманың құрылыс-бiтiмi, мазмұны мен түрi, тiл ерекшелiктерi
көркемдiк әдiстер, жанрлар сияқты мәселелерге баса назар аударады. 
Сонымен бiрге көркем әдебиеттiң ерекшелiктерiн талдап таныту арқылы оны 
зерттеудiң тәсiлдерiн, негiзгi ұстанымдарын да айқындайды. 
Әдебиет теориясына қатысты әңгiмемiздi алда тағы да жалғастыруға 
мүмкiндiк бола жатар. Бұл тұста негiзгi сұрағымыздың ауқымында ғана 
шектеле тұрайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет