Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет18/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

диалектология, лингвистикалық география, ареальдық лингвистика; 
жекелеген тiлдердiң тарихи өзгеру үрдiсi мен тiлдердiң даму үрдiсiн 
қарастыратын тiл тарихы мен салыстырмалы-тарихи тiл бiлiмi; әдеби 
тiл теориясы мен әдеби тiл тарихы сияқты тiлтану салалары бар. Әрине, 
бұл айтылғандардың бәрi тiл ғылымының құрылымына қатысты әңгiмелер. 
Сұрақ. Олай болса, тiл ғылымына байланысты тағы не айтуға болады? 
Жауап. Мәселен, тiл ғылымының қолданбалылық сипаты туралы сөз ету 
де артық болмас едi.
Сұрақ. Онда осы мәселе төңiрегiнде бiрер сөз… 
Жауап. Басқа да көптеген ғылымдар сияқты, тiл ғылымы да нақты 
материалды (яғни әр түрлi тiлдердi) танып-бiлу, соның негiзiнде теориялық 
тұжырымдар жасау, сол теориялық қағидаларды iс жүзiнде қолдану 
барысындағы өзара байланыстар нәтижесiнде дамып отырады. Тiл 
ғылымындағы мұндай байланыстар шет тiлдерiн үйрену және сөздiктер 
жасау iсiнде (лексикография) неғұрлым айқын байқалады. XX ғасырда 
қолданбалы тiл бiлiмiнде аударма теориясы, тiлдiк құрылым теориясы, 
нейролингвистика, т.с.с. теорияны iс жүзiнде қолдану мәселелерiне қатысты 
жаңа iзденiстер пайда болды. Бұл жаңалықтардың пайдалы жақтарымен 
қатар, теориялық тiл ғылымына керi әсерi бар екенiн де жоққа шығаруға 
болмайды. 
Сұрақ. Әңгiме арнасын тiл ғылымы мен әдебиет арасындағы қарым-
қатынасқа қарай бағыттайық. 
Жауап. Тiл ғылымы мен әдебиеттi жақындастыратын – сөз. Сөз – 
әдебиет үшiн құрал, тiл ғылымы үшiн нысан. Сонымен қатар тiл ғылымы 
үшiн әдебиет – зерттеу нысанасы. Осы орайда тiл ғылымы мен әдебиеттiң 
қарым-қатынасы қалай дамығанына зер салып көрелiк. 
Антикалық дәуiрдегi тiл ғылымына тән мәселелер риторика, поэтика, 
стилистика мәселелерiмен бiрге қарастырылды. Оның себебiн алғашқы 
әңгiмемiзде айтып өткенбiз. Қайта өрлеу дәуiрiнен бастап қана тiлдi әдеби 
материал ретiнде зерттеу iсi қолға алынып, тiл ғылымының құрамында 
әдеби тiлдер теориясы даралана бастады. Дегенмен XX ғасырдың бас 
кезiнде ғана тiл атқаратын қызмет аясының сан-салалылығы жайындағы 
түсiнiк тиянақталып, поэтикалық тiлдi жалпы тiлге тән қызметтердiң бiр 
түрi ретiнде қарастыру жолға қойылды. Алғашында В.Б.Шкловский, 
Л.П.Якубинский, т.б. орыс пiшiншiлдерiнiң еңбектерiндегi “практикалық тiл” 
мен “поэтикалық тiлдi” бiр-бiрiне қарсы қою үлгiсiнде көрiнген бұл түсiнiк 


19 
кейiннен, әсiресе, Прага мектебiнiң өкiлдерiнiң зерттеулерiнде көрiнiс тапқан 
тiлдiң “поэтикалық қызметi” және поэтикалық сөйлеу идеясын дүниеге 
әкелдi. Соның салдарынан кейбiр кейiнгi буын зерттеушiлердiң поэтика мен 
лингвистиканы теңестiруге ұмтылған тұстары да бар. Олардың қателiгi – 
көркем мәтiн құрылымының өзiндiк заңдылықтары болып табылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет