Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Олай болса, әңгiмемiздiң негiзгi желiсiне оралайық.  Жауап. Көркемдiк шындық



Pdf көрінісі
бет58/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   152
Сұрақ. Олай болса, әңгiмемiздiң негiзгi желiсiне оралайық. 
Жауап. Көркемдiк шындықбiртұтас ой арнасына шоғырланған 
көркем идеялар әлемi. 
Суреткердiң өз туындысына қажеттi мазмұндық материалды көсiп 
алатын нысанасы – бұл “басы да, аяғы да жоқ кәдiмгi өмiр”(А.А.Блок); 
Достоевский сөзiмен айтқанда, ақиқат өмiр әр уақытта “бөлшектенуге” 
ұмтылады; өзiнен-өзi спонтанды түрде пайда болатын поэтикалық қиял 
жайында да осыны айтуға болады. Алайда көркем идея ойша пайымдау мен 
өмiрдiң жалаң деректерi тоқайласқан тұста бiрiн-бiрi шектеп, бiрiн-бiрi 
айқындай отырып, алуан түрлi құбылыстар арасынан өмiрлiк жаңа ақиқаттың 
өзiндiк дара бiтiмi сақталған, жинақы да бағдары айқын образын белгiлеп, 
нақты бiр тұтас дүниенi танытады. Жаңадан пайда болған көркемдiк 
шындықтың сырттан қарағанда бiр ғана кесектен жаралғандай болып 
көрiнетiндiгi де сондықтан. Шынайы көркем туындының бiртұтас әсемдiк 
әлемi болып танылу сыры да сол себептi. Көркемдiк әлемiнде көлденең 
дүние болмайды, барлық қайшылық-кедергiлер “басталуы мен аяқталуы” 


66 
жағынан жаңа бiр өлшем деңгейiне көтерiледi. Сонымен бiрге олар 
тақырыптық, сюжеттiк, т.с.с. мәселелерге қатысты өздерiнiң ерекше 
мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, өздерiн төмендетуге ырық берместен, 
өзiндiк дара бiтiмiн де сақтап қалады. Яғни әркез авторлық идея жетегiнде 
кете бермейдi. 
Осыдан келiп, көркемдiк талабы шығармашылық әрекеттiң белгiлi бiр 
сатысында концептуалдық тұтастық пен “кездейсоқтық сипатын” сақтап 
қалған 
элементтердiң 
ықтиярлы 
қосындысы 
арасындағы 
қарама-
қайшылықтарды шешудi керек етедi. Бұл қайшылықты суреткер 
шығармашылық үрдiстiң саналылығы мен өзiндiгiнiң (непосредственный) 
ара қайшылығы сияқты субьективтi тұрғыдан бастан өткередi. Көркемдiкке 
қатысты бұл қайшылықтан сәттi шығудың жолы ойша белгiленген 
жоспардың образдық бiтiмiне, оның өзiн-өзi дамыту қабiлетiне сенiм арту 
болып табылады. Өнердiң образдық мәнiне риясыз да ықыласты қатынаста 
болу – суреткердiң адами этикасымен ұштасып жататын шығармашылық 
этиканың аса маңызды шарты. Суреткер образды “жетiлдiру” барысында 
оны көлденең жәйттерден алшақ ұстап, көркем ойының таза күйiнде жүзеге 
асуын саналы түрде қадағалап отырады. 
Кез-келген шынайы көркем туындыда ұдайы қаламгер назарында 
тұратын, көркем идеяны жеткiзуге қайшы келмейтiн “өзiндiк шындық”, яғни 
көркемдiк шындық болады. Шығармадағы көркемдiк шындық, бiрiншiден, 
шығармадағы негiзгi ойды бұрмаламауға, ойдан шығарудың шегiн белгiлеуге 
ықпал етедi. Екiншi жағынан, көркемдiк шындық жаратылыстың, адамның, 
қоғамның мәнiне тереңдей үңiлу мәселесiмен байланысты. Iшкi көркемдiк 
шындық пен өмiрлiк шындықтың үйлесiмi көркем ойдың гносеологиялық 
құралдары болып табылатын ежелгi және орта ғасыр өнерiне тән 
қалыптасқан канондар немесе жаңа дәуiр өнерiндегi көркемдiк әдiстер 
арқылы жүзеге асады. Демек, шынайы суреткер өзiнiң идея-образына бастан-
аяқ адал болып қана қалмай, яғни өзiнiң көркем әлемiн жасап қана қоймай
сонымен бiрге қоршаған ортаға да айқындық енгiзедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет