Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Сонда әдебиет тiлiнiң сөйлеу тiлiнен немесе қалыптасқан әдеби  тiлден ерекшелiгi болғаны ма?  Жауап



Pdf көрінісі
бет61/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   152
Сұрақ. Сонда әдебиет тiлiнiң сөйлеу тiлiнен немесе қалыптасқан әдеби 
тiлден ерекшелiгi болғаны ма? 
Жауап. Әдебиет тiлi туралы бұл айтылғандарға қарап, әрине, 
қаламгерлер өз туындысының мазмұнын тек жалаң сөзбен бередi деуге 
болмайды. Бұл жаңсақ түсiнiк болар едi. Себебi – жалаң, жадағай сөз арқылы 
әдеби шығармалардың шынайы мазмұн-мәнiн ашу мүмкiн емес. Әдебиеттiң 
мазмұнын бейнелi сөз құрайды. Әдебиет тiлi – бұл сөздiк образдар, яғни 
нақты бiр адамдардың, оқиғалардың, жағдайлардың, сезiмдердiң, ой-
толғаныстардың бейнелi сөз арқылы берiлуi. 
Әдебиеттегi сөздiк пiшiн тура мағынасындағы сөз емес: яғни қаламгер 
шығармасын туғызу үстiнде “сөйлемейдi” (немесе ”жазбайды”), сөздi 
ойнатады. Көркем сөз сөздiк образдарды бiрiнен бiрiн өрбiтедi; сөздiң өзi 
әрекетке, “болмысқа” айналады. Соның нәтижесiнде әдеби шығарма 
оқырманды көркем шындықпен бетпе-бет кезiктiредi; көркем шындықты 
түсiндiрiп қана қоймай, оны “бастан өткеруге, сол өмiрге араласуға” мәжбүр 
етедi.
Әдеби туынды өте қарапайым да кiшкентай сөздiк образдардан 
құралған, өзiне ғана тән ерекше “образды” ойлардың күрделi жиынтығынан 
тұрады. Сөздiк образдардың әрқайсысы оқырманның көз алдына қандай да 
бiр жеке әрекеттi, қозғалысты елестете отырып, солардың тұтастығы арқылы 
өмiрлiк үрдiстi туып, дамып, шешiмiн тапқан күйiнде көрсетедi. 
Демек, сөз өнерi өзге өнер түрлерiнен динамикалы сипатымен 
ерекшеленедi. 
Шығарманы 
құрайтын 
жекелеген 
әрекеттер 
мен 
қозғалыстардың әрқайсының өзiндiк мәнi болады: бұл – адамдар мен 


70 
заттардың сыртқы, обьективтi қозғалыстары және iшкi, жан дүниедегi 
қозғалыс, сондай-ақ “сөйлеу қозғалыстары” – кейiпкерлер мен автор сөздерi. 
Өзара байланыстағы осы қозғалыстардың тiзбесiнен шығарма сюжетi 
танылады. Оқу барысында сюжетке бойлау арқылы оқырман бiртiндеп 
мазмұнның мәнiнәрекет пен тартысты, фабула мен дәлелдеулердi, 
тақырып пен идеяны аңдай бастайды. Сюжеттiң өзi мағыналық-пiшiндiк 
категория, немесе шығарманың “iшкi пiшiнi” болып табылады. “lшкi 
пiшiнге” композиция да жатады. 
Тура мағынасындағы шығарма пiшiнiкөркем сөз, оқырманның оқу 
немесе тыңдау арқылы тiкелей немесе жанама қабылдайтын бейнелi сөз 
тiркестерiнiң жүйелi тiзбегi. Бiрақ бұл, көркем сөз – таза пiшiндiк 
(формальды) құбылыс деген сөз емес; көркем сөз толығымен мағынаға ие, 
өйткенi онда сюжет заттық бейнеге айналады, соның нәтижесiнде 
шығарманың бүкiл мазмұны (мiнездер, жағдайлар, тартыс, тақырып, идея) 
ашылады. Шығарма құрылысын, оның саналуан “қатпарлары” мен 
бөлшектерiн қарастырған кезде, бұл бөлшектердi абстрактiлi түрде ғана 
бөлiп алуға болатынын түсiну қажет. Өйткенi әрбiр шығарма бөлшектеуге 
келмейтiн жанды тұтастық болып табылады. Абстрактiлiк жүйеге 
сүйенетiн шығарма талдау түрлi бөлшек, детальдарды жеке-жеке 
қарастырғанымен, ақыр соңында жоғарыда аталған тұтастықты тануға
оның мағыналық-пiшiндiк табиғатының бiрлiгiн тануға әкелуге тиiс. Яғни 
бұл әдебиеттегi пiшiн мен мазмұн мәселесiне қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет