67
Ал ежелгi дәуiрдегi классикалық әдебиет үлгiлерiнен адамға қатысты
қандай да бiр оқиғалардың iшiнен көпшiлiкке ортақ жағдайларды саналы
түрде жинақтап көрсету үлгiсi анық байқалады. Бұл мәселе теориялық
тұрғыдан Аристотель еңбегiнде тұжырымдалады. Оның пiкiрiнше, “… поэзия
тарихтан гөрi… философияшылдау: поэзия неғұрлым жалпы жайында, тарих
– жеке жайында айтады” (Аристотель. Об искусстве поэзии. М., 1957, с.68.).
Әрине, антикалық әдебиетте “жалпылық” дегенде
нақтылы бiр қоғамдық
топтар мен бағыттарға тән ортақ сипаттарды бейнелеу жайы айтылмағаны
түсiнiктi. Алайда аталмыш дәуiр әдебиетiндегi образдардан сол кезеңдегi
адамдар үшiн неғұрлым маңызды мәселелердi қамтуға ұмтылыс танылады.
“Өмiр бейнесi” ретiнде маңызды құбылысты, ортақ әрекеттi,
жинақы
мiнездi алу, әрине, адам ойының үздiксiз дамуының жемiсi екенi түсiнiктi.
Соның дәлелiндей әдебиет дамуының кейiнгi дәуiрлерiнде дүниеге келген
озық туындылардан белгiлi бiр топтың, қоғамдық бағыттың белгi-сипаттарын
бойына жинақтаған тип-бейнелер жиiрек ұшыраса бастайды. Бұл орайда
Қайта өрлеу дәуiрiндегi Шекспир, XIX –
XX ғасырлардағы Бальзак пен
Диккенс, Пушкин мен Гоголь, Әуезов пен Айтматов туындыларындағы
кейiпкерлердi еске алсақ та жеткiлiктi.
Сонымен,
көркем образдардың бiрiншi ерекшелiгi оның бойындағы
жанды нақтылықтың үйлесiмi,
яғни оқырманға, көрерменге, тыңдарманға
эмоционалдық әсерлiлiгiн, сонымен бiрге оның идеялық және танымдық
маңыздылығын
анықтайтын жекелiк сипат-қасиеттердiң молдығы болып
табылады. Бұл ерекшелiк
нақты образдарды әсерлi де шынайы, жан-жақты
бейнелеу нәтижесiнде iске асады.
Көркем образдардың
екiншi маңызды ерекшелiгi ретiнде оның
оқырман
бойында әрқилы ой-сезiмдердi тоғыстыруға қабiлеттiлiгiн атаған жөн.
Образдардың бұл ерекшелiгi туындыдағы көркемдiк
әлемдi өзiнiң өмiрлiк
тәжiрибесi аясында қабылдайтын оқырманға мейлiнше жақындатып, сол
арқылы оның таным-түсiнiгiн кеңейте, тереңдете түсуге, сонымен қатар оның
сезiмiн де тәрбиелеуге қаншалықты ықпалды болуымен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: