61
мен құбылыстарды, баршаға ортақ ой-сезiмдердi жекелеген адамдар мен
оқиғалар арқылы жинақтап, бейнелi түрде көрсету өнерге тән қасиет. Демек,
әдебиеттегi өмiр қаламгердiң ой сүзгiсiнен екшелiп шыққан
көркемдiк әлемi
болады да, соған орай
әдебиеттегi адам көркем бейне болып шығады.
Қалай болғанда да,
әдебиеттiң ең басты өлшемi күнi бүгiнге дейiн
көркемдiк болып келгенi де, алдағы күндерде де солай болып қала берерi
анық. Олай болса,
“көркемдiк” деген ұғымның мәнi неде?
Жауап. Көркемдiк – шығармашылық еңбек нәтижелерiнiң өнер саласына
тән екендiгiн анықтайтын шарттардың үйлесiмдiлiгi.
Көркемдiк қуаты көркем туындыдағы шығармашылық iзденiстердiң
оқырманға қаншалықты дәрежеде әсер еткендiгi арқылы анықталады.
Оқырманға әсер ету жолдары, яғни көркемдiк шарттары көптеп саналады.
Солардың арасында ең қарапайым, әрi ең бастысы –
көркемдiк шындық.
Көркемдiк шындық –
қаламгердiң шығармашылық көрiгiнде қорытылып,
сұрыпталып барып, әдеби туындыда көркем суретке айналған өмiр
шындығының бейнелi көрiнiсi. Көркемдiк
шындық жазушының өмiрлiк
шындыққа деген өзiндiк көзқарасынан, қарым-қатынасынан өрбидi. Шынайы
өмiрде әрбiр адам қандай маңызға ие болса, көркемдiк әлемiнде көркем бейне
де сондай роль атқарады.
Көркемдiк шындық көркем образ арқылы
жасалады.
Ендеше,
“көркем образ” дегенiмiздiң өзi не? Ол қалай жасалады?
Кең ауқымда алып қарасақ,
көркем образ – өмiрлiк шындықты игеру мен
қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсiлiн
сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бiрге көркем шығармада
жасалған алуан құбылыстарды да, көбiнесе кейiпкерлер мен әдеби
қаһарманды, “образ” деп атаймыз. Мысалы, “Абай жолындағы”
заман
бейнесi, дала бейнесi, халық бейнесi, Абай бейнесi, т.с.с.
Көркем образ – өте күрделi ұғым. Күрделi дейтiн себебiмiз –
образ
ұғымында
1) обьективтi-танымдық және
2) субьективтi-шығармашылық
сипаттардың бiрдей ұштасып келуiне байланысты.
1.
Негiзiнде образдың ерекшелiгiн екi мәселеге, яғни
нақты шындық
пен
ойлау үрдiсiне қатысты қарастыру дәстүрi қалыптасқан. Соған сәйкес,
образдың обьективтi-танымдық сипаттары 2 түрлi жағдайға байланысты
анықталады.
а) Образ көркемдiк шындыққа тән болғанымен, өмiрлiк шындық
негiзiнде жасалатындықтан,
ақиқат өмiрдегi кеңiстiк, уақыт, қоғам, заттар
мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат болмыспен
бiте қайнасып кетуге де тиiс емес. Оның сыры – образдың өмiр сүру
ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмiрден бастау
алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем
туындыдағы “қиялдан туған” әлемге көшедi.
ә) Образ – шығармашылық ой жемiсi. Сондықтан ойлау үрдiсiне тән
сипаттарға (елестету, қиялдау, болжау, т.с.с.) образ да ие болады. Яғни образ
тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейдi. Өмiр шындығын жинақтай
62
отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам
баласын толғандырып келе жатқан мәңгiлiк сауалдардың мәнiне де үңiледi.
Бұл тұста ескеретiн бiр жәйт – образдың абстрактiлi ұғымдар қатарына
жатпайтындығы. Образ – нақты ұғым. Қандай құбылысқа негiзделсе де, образ
ол құбылысты дерексiз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей, керiсiнше,
оның тұтастығын, өзiндiк бiтiмiн сақтап қалады. Сезiмдiк қабылдау мен
қорытылған ойдың бiрлiгiнен туындайтын танымдық қасиетi әдеби образ
көркемдiгiнiң бiрден-бiр дара сипаты бола алмайды. Себебi – образдың
танымдық мән иеленуi өзге өнер түрлерiнде де кездеседi. Мысалы:
публицистикалық, теориялық, бейнелiк, т.б. образдар.
Олай болса,
образдың субъективтi-шығармашылық сипаты деген
мәселеге үңiлiп көрейiк.
2.
Образдың көркемдiк қасиетi өмiр шындығын өзiнше танып, ойда
қорытып, бейнелеп берумен шектелмейдi. Сонымен бiрге
образ көркемдiгi
Достарыңызбен бөлісу: