10
қиял белгiлi бiр дәрежеде қанаттаса жүруi қажеттiгiн байқадық. Ал ғылыми
iзденiске тән екiншi жолдың ерекшелiгi неде?
Жауап. Екiншi жол да сан алуан құбылыстарды бiр жүйеге топтастыру
мақсатын көздейдi. Бұл жағынан олар бiр-бiрiне өте ұқсас. Екiншi жолдың
басты ерекшелiгi – деректердi мұқият жинап, олардың әрқайсысын егжей-
тегжейлей түсiндiрiп, тәптiштей жүйелеуге бағытталуында. Бұл бағытты
ұстанушылар түпкi нәтижеге жеделдете жетудi мұрат тұтпайды. Олар үшiн
басты мұрат нәтиженiң бұлтартпас дәйектiлiгi. Филологтың еншiсiне тиесiлi
“сөзге сүйiспеншiлiк” қасиетi аталмыш үлгiдегi ғалымдардан айрықша
байқалады. Әр сөзге, әр сөздiң iшкi-сыртқы мәнiне iлтипатпен қарайтын бұл
бағыт
өкiлдерiнiң қатарында Даль, Срезневский, Щерба, Виноградов,
Пешковский, Винокур сияқты танымал
ғалымдар бар екенiн ескерсек, оның
филология тарихындағы өзiндiк орнын дұрыс бағамдарымыз анық.
Достарыңызбен бөлісу: