9
Өзiмiз жоғарыда әңгiмелеп өткен европалық филология тарихында
сөздiктер жасау iсi XVI ғасырдың орта шенiнен бастау алса, түркi тiлдерiнiң
алғашқы ғылыми
грамматикасы болып табылатын Махмұд Қашғаридың
әйгiлi
“Түркi сөздерiнiң жинағы” (”Диуани лұғат ит-түрк”) атты еңбегi XI
ғасырдың еншiсiнде.
Сондай-ақ,
Қашғаридың замандасы Жүсiп Баласағұнның “Құтты
бiлiк” (“Құтадғу бiлiг”), XIII – XIV ғасырларда жазылған
“Қыпшақ тiлiнiң
сөздiгi” (“Кодекс Куманикус”) аталатын еңбектердi қазақ филологиясының
қасиеттi iргетасы деуге болады. Бұл еңбектерде философия, жаратылыстану,
тарих, логика, этнография,
әлеуметтану, қоғамтану, музыка, этика, т.б. да
көптеген салаларға қатысты мәселелердiң филологиялық ойлармен қатар
өрбiп отыруы – сол дәуiрлердегi барлық ғылыми iзденiстерге ортақ сипат.
Сұрақ. Европалық ғылым дамуында да осы үлгiдегi үрдiс
болғаны
филология тарихын сөз еткен тұста байқалып отырған. Ал ендi қазiргi
филологияның бiтiмiн байқататын маңызды сипаттардың қатарына қандай
мәселелердi қосамыз?
Жауап.
Зерттеу нысанына алынған қандай да бiр құбылысқа келудiң
негiзгi екi түрлi жолы болатыны ғылым тарихынан баршамызға жақсы
таныс.
Достарыңызбен бөлісу: