Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Жауап. “Филологияның бастауы Үндi жерiнде жатыр” дедiк қой. Осы  үндi филологиясы Панини



Pdf көрінісі
бет5/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Жауап. “Филологияның бастауы Үндi жерiнде жатыр” дедiк қой. Осы 
үндi филологиясы Панини (шамамен б.д.д. V–IV ғ.ғ.), Патанджали (б.д.д. II 
ғ.) сияқты ұлы грамматиктердi, кейiнiректе стиль теоретиктерiн дүниеге 
сыйлады. Ежелгi Қытай мәдениетiнде де Лю Се (V–VI ғ.ғ.), т.б. өздерiнiң 
филологиялық дәстүрлерiн қалыптастырған едi.
Ал жаңа дәуiрлерге дейiн үндi филологиясындағы жетiстiктермен таныс 
болмаған европалық филологиядағы дәстүрлердiң түп негiзi түбiрiмен грек 
мәдениетiнен өрбидi. Грек филологиясы Гомер шығармашылығына берiлген 
түсiнiктемелерден бастау алады. Софистер кезеңiнде (б.д.д. V ғасырдың 
екiншi жартысы мен IV ғасырдың бiрiншi жартысы) сауатты “ақылгөй”-
интеллектуалдардың әлеуметтiк типi пайда болып, әдебиет Протагор, 
Горгий, Продик еңбектерiнiң салдарынан өмiрлiк шындықтан оқшауланып, 



тек қана теориялық поэтика мен филологияның нысанына айналып кеттi. 
Грек жерiнде әдебиет теориясының кемелденуi Аристотельдiң әйгiлi 
“Поэтика” атты еңбегiмен байланысты.
Б.д.д. III – I ғасырлардың еншiсiне тиетiн эллиндiк филология 
философиядан бiртiндеп ара-жiгiн айырып, Александрия және Пергам 
кiтапханашыларының қолына көшедi. Тарихта “Александриялық филология 
мектебi” (б.д.д. III–II ғ.ғ.) деген атпен қалған олар классикалық әдебиет 
өкiлдерiнiң мәтiндерiн қалыпқа келтiрiп, түсiнiктемелер беру iсiнде үлкен 
шаруалар жасады. Мектеп өкiлдерiнiң қатарында Дионисий Фракийский 
(шамамен б.д.д. 170 – 90 жылдар), Ориген (III ғ.), Иероним (IV–V ғ.ғ.) 
сияқты филологтар болғаны белгiлi. Мәселен, Дионисий Фракийскийдiң 
сөйлеу бөлiмдерi туралы iлiмi әлi күнге мәнiн жоғалтқан жоқ. Грек 
филологиясының дәстүрлерi классикалық туындылардың мәтiндерiмен 
жұмыс және түсiндiрме жасауға бағыт ұстанған өзiндiк бiтiмiн жоғалтпастан, 
орта ғасырларда Византияда жалғасын тапты. 
Батыстағы Қайта өрлеу дәуiрiнiң өкiлдерi өздерiнiң алдындағы 
дерексiз-пiшiншiлдiк (абстрактiлi-формалистiк) жүйенi дәрiптеген орта 
ғасырлық 
интеллектуал-схоластарға 
қарағанда, 
антикалық 
жауһар 
мұралардың мазмұнын игерумен ғана шектелмей, антикалық дүниенiң iшкi 
мәнiне бойлауға, солардың тiлiнде сөйлеуге ұмтылды. Бұл үрдiстiң 
бастауында Цицерон мен Вергилий шығармаларының мәтiнiмен жұмыс 
жүргiзген Ф.Петрарка (1304 – 1374) тұрғанын да айта кеткен жөн. Сондай-
ақ, негiзiнен, дiни-мәдени аңыздарды нысана еткен филологиялық сынның 
(танымал өкiлi – Эразм Роттердамский (1469 – 1536) маңызын да жоққа 
шығаруға болмайды. 
Шамамен XVI ғасырдың ортасы мен XVIII ғасырдың орта тұсына дейiн 
өмiр сүрген ғылыми кәсiпқойлық кезеңi де филологияның даму жолында өз 
белгiсiн қалдырғаны анық. Ю.Ц.Скалигер, А.Этьен, Р.Бентли сияқты 
филологтар осы дәуiрдiң өкiлдерi екендiгiн және бұлардың қатарында қазiргi 
таңда да маңызын жоймаған бiрегей еңбектер – орта ғасырлық латын және 
орта ғасырлық грек тiлдерiнiң сөздiктерiн жасаған Ш.Дюканж болғанын 
ескерсек, аталмыш кезеңнiң мәнi бiршама айқындала түсерi анық. 
Филология дамуының жаңа дәуiрi Германияда И.И.Винкельман 
ұcтанған “неогуманизм” ұстанымынан басталады деуге болады. Бұл кезеңде 
де Қайта өрлеудегi сияқты антикалық мұраларға баса назар аударылды. 
Қайта өрлеу кезеңiне қарағанда, бұл тұста антикалық дүниелердi тұтастықта 
алып, мейлiнше ғылыми зерделеуге ұмтылыс басым болды. Немiс филологы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет