Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Сонда осы екi бағыттың қайсысын қолдаған дұрыс?  Жауап



Pdf көрінісі
бет9/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   152
Сұрақ. Сонда осы екi бағыттың қайсысын қолдаған дұрыс? 
Жауап. Ғылымға екеуi де қажет, екеуi де пайдалы. Себебi – олар 
әрқашан бiрiн-бiрi толықтырып, бiрiн-бiрi дамытып, тiптi кей тұстарда 
бiрiмен-бiрi тоғысып жатады.
Ғылыми iзденiс барысында солардың қайсысы басымырақ тұруына 
байланысты бөлiп қарастырғанмен, олардың ара-жiгiн ажыратып тұрған 
шекара жоқ. Тiптi аталған бағыттардың бiрiнiң танымал өкiлi саналатын 
ғалымның өзi ғылыми жұмыс үстiнде өз пiкiрiн дәлелдеу үшiн оларды 
қажетiнше пайдаланып отырады. 
Сұрақ. Қазiргi филологияда күрделi қайшылықтар, немесе өзара 
келiспеушiлiктер бар ма? Бар болса, оның сыры неде? 
Жауап. Әрине, басқа ғылымдардағы сияқты, филологияда да қарама-
қайшы пiкiрлер тартысы, әдiстемелiк қиғаштықтар, жадағай елiктеушiлiктер 
болып тұрады. Сондай-ақ, уақыты озған “дәстүрлiк” көзқарасты 
ұстанушылар мен жаңашылдар, әр түрлi философиялық немесе саяси 
бағытты жақтаушылар, т.с.с. қатар кездесе беретiнi де түсiнiктi болса керек. 
Сонымен бiрге, басқа ғылымдар сияқты, филология да тарихи даму 
жолында өрлеу кезеңдерiн де, тоқырау тұстарын да бастан өткерiп отырады. 
Бiздiң дәуiрiмiзде филологияның әрiден келе жатқан негiзгi ұстанымдары 
қоғамдық-әлеуметтiк өмiрдегi және адамзат ақыл-ойының дамуына 
қатысты кейбiр тенденциялармен едәуiр күрделi де қарама-қайшылықты 
қатынастарға түскенi анық. Ендi осы тенденциялардың кейбiрiне тоқталып 
көрелiк.
 Бiрiншiден, барлық заманда да филология iсiне моральдық жағынан 
үлкен демеу берiп келген нақты бiр мәтiндер тобындағы дәстүрлердiң 
маңыздылығына шүбәсiз сенiм орнына сыншыл көзқарас келдi. Ондай 
мәтiндерден ең жоғары рухани мұратқа бағыт сiлтейтiн жол iзделiп, сол 
мақсатқа өмiрiн арнаудан тайынбаған кезеңдер болғаны да тарихтан таныс. 
Мәселен, христиан дiндi оқымыстылар үшiн – Библия, Көне өсиет пен Жаңа 
өсиет, Қайта өрлеу дәуiрiнiң гуманистерi мен винкельман-гете дәуiрiнiң 
“неогуманистерi” үшiн – антикалық дүние мұралары аса қымбат мәтiндер 


11 
саналғаны белгiлi. Ал қазiргi заман адамы өз тiршiлiгiне өткендi 
(қаншалықты құнды, қаншалықты көне болса да) өлшем ететiндей 
аңғалдыққа бармайтыны анық. Сонымен қатар ғылыми ой дамуы 
нәтижесiнде филологияның өзi де сан жағынан да, көзқарас тұрғысынан да 
жаңарғаны мәлiм. Қазiргi филологияда қайсыбiр мәтiндерге айрықша маңыз 
берiп, бұрын дәстүрге айналған даралап қарастыру сияқты белгiлер мүлде 
жоқ деуге болады. Бұрынғы филологияда “классикалық” және “библиялық” 
(немесе “қасиеттi”) аталған екi бағыт қана жарыса дамыса, қазiр жер бетiнде 
қанша тiлдiк аймақ болса, сонша филологиялық бағыт та бар. Филологияның 
нысандық аясының кеңеюi бiр ғана нақты мәтiнге ерекше “бүйрек бұруға” 
мүмкiндiк бермейдi. Әрине, белгiлi бiр дәрежеде айрықша көңiл бөлудi 
қажетсiнетiн мәтiндер әлi де кездесетiн тұстар бар. Мәселен, итальяндар үшiн 
– Данте, немiстер үшiн – И.В.Гете, орыстар үшiн – А.С.Пушкин, қазақтар 
үшiн – Абай туындылары айрықша маңызды мәтiндер екенi анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет