Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет10/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Екiншiден, бiздiң дәуiрiмiздегi жаңа да қызғылықты мүмкiндiктер 
“макроқұрылымдық” және “микроқұрылымдық” зерттеулерге байланысты 
туындап жататынын бiлемiз. Яғни зерттеулердiң бiр саласы ғаламдық 
деңгейдегi жинақтауларға, екiншi бiрi, оған керiсiнше, мән-мағынаның ең 
кiшi бөлшегiн жекелей қарастыруға бағытталады.
Алайда, мәтiн тұтастығына, мәтiн арқылы адами болмыс өлшемдерiн 
пайымдауға бағыт ұстанатын филологияның дәстүрлi құрылымы, аталмыш 
үлгiдегi тенденциялар қаншалықты қызғылықты болса да, қабылдай 
алмайды. 
Үшiншiден, қазiргi кезеңдегi гуманитарлық ғылымдарда пiшiн 
қуалаушылыққа бейiм iзденiстер де кездесiп қалады. Бұл үлгiдегi iзденiстер 
мәтiндi талдау кезiнде субьективтiлiк пен жөнсiз еркiнсуге тосқауыл қою 
мақсатын көздейтiнiн де түсiнуге болады. Әйтсе де, зерттеу жүргiзу кезiнде 
қолданылатын әдiс-тәсiлдерге қаншалықты қатаң талап қойылғанымен, 
филологияның дәстүрлi құрылымында сол әрекеттерге қайшы келетiн 
әлдебiр шетiн жәйттердiң қай кезеңде де сақталып қала беретiнi және бар. 
Бұл тұста бiздiң “шетiн жәйттер” деп отырғанымыз – салқынқанды 
ғылымилыққа жат саналатын пiшiндер мен құралдарға, басқаша айтқанда, 
күнделiктi тұрмыста ұдайы ұшырасып жататын халықтық даналық, айқын ой, 
ұшқыр қиял, адами бiлiм, түйсiк пен iштей сезiну жайына қатысты 
мәселелер. Адам баласына тән мұндай қасиеттер қосылмайынша, филология 
сөз өнерiнiң мән-маңызын, өзiндiк ерекшелiгiн таза ғылыми құралдар арқылы 
ғана толық танып-бiле алмас едi. Демек, филология мәселелерi ғылыми 
тұрғыдан зерттелiп қана қоймай, эмоциялық тұрғыдан да елеп-екшеуден өтуi 
қажет.
Математикалық дәлдiкке негiзделген әдiстер филологияның кейбiр жеке 
салаларына қатысты қолданғанда ғана тиiмдi болуы мүмкiн. Себебi – 
филолог үшiн өзiнiң субьективтi пiкiрiн күштеп таңуға жол бермеу 
қажеттiгi қандай маңызды болса, дәлдiкке негiзделген әдiс-тәсiлдер 
шеңберiнде тұйықталу салдарынан логикалық жүйелiлiктен ауытқуға жол 


12 
бермеу қажеттiгi де соншалықты маңызды. Филологиядағы айрықша “дәлдiк” 
ғылыми таныммен қоса, көркемдiк танымды да қажеттi жағдайда қажеттi 
мөлшерде пайдалана бiлуден келiп шығады. Қысқасы, филологияның 
танымдық қызметi адамзатқа ортақ мiндеттердiң бiрiн шешуге, яғни бiр 
адамның екiншi адамды (немесе мәдениеттi, дәуiрдi) танып-бiлуiне 
жәрдемдесуге бағытталады. Алайда оның адамды (мәдениеттi, дәуiрдi) “дәл 
есептеп шығарылған” нәрсеге, немесе өз қиялының жемiсiне айналдыруға 
ешқандай да хақы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет