97
өмiрдегi алуан құбылыстардан әсерленген ақын
сезiмiнiң көрiнiсi арқылы
танылады. Драмалық тәсiл жоғарыда
аталған тәсiлдерге тән
мүмкiндiктердi өз бойына қажетiне қарай
тоғыстырып отырады.
Эпикалық образ – жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби
қаһарманның өзiнiң сөздерi, яғни кейiпкер сөзi арқылы жасалатын образ.
Эпикалық шығармаларда өмiрлiк шындықты бейнелеу кезiнде жазушы
баяндау тәсiлдерiн де, кейiпкерлердiң түрлi жағдайлардағы сөздерiн де өз
мақсатына орай еркiн пайдалана алады. Бұл еркiндiк эпикалық шығармаларда
өмiрдi алуан қырынан алып көрсетуге шексiз мүмкiндiк бередi.
Кейiпкер сөзi арқылы жазушы оның iшкi жан дүниесiндегi, сана-
сезiмiндегi, мiнез-құлқындағы, т.б. өзiндiк ерекшелiктерiн көрсетедi. Ал
авторлық баяндау арқылы жазушы кейiпкер сөзiмен ашып беруге мүмкiндiгi
жетпеген жәйттердiң бәрiн де қамти алады. Бұл
орайда әр кез есте болуға
тиiс бiр мәселе бар. Ол авторлық баяндаудың өз орнын тауып қолданылуына
қатысты мәселе. Яғни шығармадағы авторлық баяндау көркем шығарманың
негiзгi идеясын ашуға қызмет етуi керек. Авторлық баяндаулар адамның iшкi
дүниесiндегi құпия-қалтарыстарды, кейiпкердiң әрқилы әрекеттерiнiң
себебiн, түпкi мәнiн, салдарын танытуға мүмкiндiк бередi. Авторлық
баяндаулар арқылы жазушы өз кейiпкерiнiң басында болып кеткен
оқиғаларды да, оның ой-толғаныстары мен сезiм-күйлерiн де, сондай-ақ
кейiпкердiң өсу жолын да қажетiнше суреттеуi ықтимал.
Эпикалық туындыда жазушы шығармаға өзек болған жағдайларды
олардың өзiндiк даралығын,
жанды бейнесiн сақтай отырып, барлық
қырынан көрсете алады. Соған орай эпикалық бейнелеуге тән принциптi
мүмкiндiктер ретiнде авторлық баяндаулар мен кейiпкер сөзiнiң өзара үйлесе
келiп, шығармада сөз болып отырған оқиғаларды жан-жақты ашып көрсету
мүмкiндiгiн айта аламыз.
Лирикалық образ – ақынның айналадағы түрлi құбылыстарға
көзқарасына, әсерлерiне, ой-сезiмдерiне негiзделетiн образ.
Әрбiр поэзиялық тундысында ақын белгiлi бiр сәттегi нақты бiр
құбылысқа
байланысты
туған
әсерiн
бейнелейдi.
Жекелеген
шығармаларында көрiнген әсерлерiн, көзқарасын, көңiл-күйiн
жинақтай
келгенде, оның өмiрге, адамға деген көзқарасы, ой-сезiмдерi айқындалады.
Сонымен, эпиканың мiндетi ақиқат өмiрдi мүмкiндiгiнше ашып көрсету
болса, лириканың мiндетi өмiр құбылыстарының әсерiнен туған адамның
ойлары мен сезiмдерiн бейнелеу болып табылады.
Драмалық образ – кейiпкердiң өз сөздерi мен iс-әрекеттерi арқылы
бейнеленетiн образ. Драмалық образдың басты бiр ерекшелiгi оның сахнада
сомдалуына қатысты. Драмалық образ жасау тәсiлдерi әдебиеттегi бейнелеу
тәсiлдерiнiң өзге түрлерiнен ерекшеленедi.
Образдардың
бұл
түрлерiнiң
өзара
ұқсастықтары
мен
айырмашылықтары бар. Мәселен, эпикалық және драмалық шығармалардың
ұқсастығы құбылыстар мен характерлердi сырттай бейнелеуден туындайды.
Айырмашылығы мынада: драмалық образдар кейiпкердiң өз сөздерi, iс-
98
әрекеттерi арқылы ашылады, бiрақ онда авторлық баяндау болмайды.
Авторлық баяндаудың болмауы драмадағы бейнелеу тәсiлдерiн белгiлi бiр
дәрежеде шектеуге ықпал етедi. Сондықтанда драматург өз туындысында
өмiрдегi аса маңызды тартысты (конфликт) алады да, өз қаһарманын осы
тартыс ағымындағы iс-әрекеттерi, сөздерi арқылы тұлғалайды.
Лирикалық және драмалық образдардың ұқсастығы
олардың өз сөздерi
арқылы өзiн-өзi танытуға бейiмдiгiнде жатыр. Бiрақ бұл – сыртқы ұқсастық.
Себебi – драмалық образдардың әрқайсысы әртүрлi мiнездердi бейнелейдi.
Автордың оларға көзқарасы шығарманы тұтас қарастырғанда ғана танылады.
lс жүзiнде, яғни шығарманы жазу барысында әдеби бейнелеу тәсiлдерi
араласып, алмасып келе бередi. Өйткенi қаламгер образ тұлғалау кезiнде
эпикалық, лирикалық, драмалық тәсiлдердiң үшеуiн де мақсатына орай
пайдалануы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: