Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Демек, әңгiмелеушi кейiпкерлер – қаламгердiң көркем  шығармадағы сенiмдi өкiлi деуге болады ғой?..  Жауап



Pdf көрінісі
бет87/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   152
Сұрақ. Демек, әңгiмелеушi кейiпкерлер – қаламгердiң көркем 
шығармадағы сенiмдi өкiлi деуге болады ғой?.. 
Жауап. Кейбiр шығармаларда солай болғанымен, барлық уақытта бiрдей 
осы үлгiде қолданылады деуге болмайды. Себебi шығармадағы әңгiмелеушi 
кейiпкердiң көзқарасы, әлеуметтiк кейпi, мәдени деңгейi, психологиялық 
ойлау жүйесi қаламгермен мүлдем қабыспай тұратыны да жиi ұшырасады. 
Әңгiмелеушi кейiпкерлердi ондай үлгiде алғанда қаламгер шығармадағы 
бейнеленген құбылыстарға басқа қырынан да қарап, баға беру мақсатын 
көздейдi. 
Осы тұста кейiпкер тiлiнiң тағы бiр ерекшелiгi айта кеткен де орынды 
болар. Ол – кейiпкер тiлiнiң көркемдiк бейнелеудiң ерекше нысаны болып 
табылатындығы. Бұл орайда М.М.Бахтин “роман жанрындағы” туындыларға 
сүйене отырып, төмендегiдей пiкiр түйiндейдi: “Романдағы сөйлеушi адам 
мен оның сөзiсөздiк және көркемдiк бейнелеушi нысан. Романдағы 
сөйлеушi адамның сөзi тек қана ойды жеткiзiп немесе суреттеп қоймайды, 
сонымен бiрге көркемдiк тұрғыдан бейнелейдi, және де – оның драмадан 
айырмашылығы – (авторлық) сөзбен бейнелейдi”. 
Сұрақ. Шығарманы жазу барысында қаламгер тiлдiң лексикалық 
қорындағы сөздердi түгелдей пайдалана алады екен. Дегенмен, шығарманы 
құрайтын сөздердiң қай-қайсы да қаламгер сұрыптауынан өтерi анық. Сөз 
iрiктеуде қаламгер ненi басшылыққа алады? 
Жауап. Әдеби шығарма тiлi немесе көркем сөз ерекше поэтикалық 
сөздерден құрылмайтынын, халықтың әдеби және сөйлеу тiлiндегi сөздердiң 
барлығы да көркем шығармадан орын алуға толық құқылы екенiн айтып 
өттiк қой. Ал халықтың тiлдiк қорындағы сөз байлығын шығармада ұтымды 
пайдалану қаламгерден үлкен жауапкершiлiк талап етедi. Себебi 
шығармадағы сөз әлдебiр оқиға, құбылысты баяндауға ғана емес, оқырманды 
ойландырып, толғандыратын, дүниетанымын байытатын және адамгершiлiк 
iзгiлiкке баулитын көркем образдар жасауға қызмет етуi шарт. Бұл 
мақсатқа жеткiзетiн сөздi тауып қолдану – қиынның қиыны. Ендi көркем 
дүниелерде жиi орын алатын әр алуан тiлдiк құбылыстардың кейбiрiне назар 


103 
аудара отырып, олардың шығармадағы мәнiне, мазмұндық қызметiне зер 
салып көрелiк. 
Қаламгердiң образ жасауға қажеттi сөздi iрiктеудегi тiлдiк iзденiсi, 
әсiресе, синоним сөздер мен қолданыстарды сұрыптауынан айқын байқалады. 
Синонимдер өз ара мәндес ұғымдар мен құбылыстарды бiлдiретiндiктен, 
олардың қатарынан көркем шығармада бейнеленген ойды, сезiмдi, дерек, 
құбылысты мейлiнше дәл беретiн сөздi дұрыс тауып қолдану шығарма тiлiнiң 
де әрi айқын, әрi әсерлi, әрi бейнелi шығуына ықпал етедi. Сонымен бiрге 
синоним сөздердi қолдану шығарма тiлiн байытуға, қажетсiз қайталаулардан 
алшақтауға мүмкiндiк бередi. 
Қаламгердiң поэтикалық тiлiнде антонимдер де қолданысқа түсiп 
жатады. Мағыналық жағынан қарама-қарсы сөздер болып табылатын 
антонимдер, көбiнесе, шығармада бiрiне-бiрi кереғар құбылыстарды көрсету, 
контрастылық әсердi ұлғайту мақсатында қолданылады. Сонымен қатар 
антонимдердi бiр ғана құбылыстың өз iшiндегi қарама-қайшылықтарды 
бейнелеу мақсатында қолдану тәсiлi де әдеби шығармаларда ұдайы 
ұшырасады. 
Әрине, синонимдер мен антонимдердi қолданумен қаламгердiң тiлдегi 
сөздердi өз шығармасының әсерлiлiк қуатын арттырудағы мүмкiндiгi 
шектелiп қалмайды. Өйткенi, тiлдегi әр сөздiң қандай да бiр контекстiк 
мағынаға байланысты сан алуан реңктер иелену қабiлетi де мол екендiгi аян. 
Қаламгерлер ақиқат өмiр шындығын образды тұрғыдан бейнелеу құралдары 
ретiнде тiлдiң лексикалық ерекше қорларына да ұдайы назар аударып 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет