Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет85/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Тоғызыншы әңгiме 
немесе 
Көркем шығарма тiлi 
 
Сұрақ. Көркем шығарма жайында әңгiмелеу барысында осыған дейiн 
тақырып пен идея, сюжет пен композиция, әдеби қаһарман ұғымдарына 
тоқталдық. Көркем әдебиет жайында сөз қозғалғанда “шығарма түрi – сөз” 
деген пiкiр айтылып, түсiнiк берiлгенi де есте. Яғни ол тұста көркем әдебиет 
тiлi жайына назар аударылып, оның өзiндiк ерекшелiгi, әдеби тiлден 
айырмашылығы сараланған едi. Осы тұста тiл мәселесiне қатысты тағы бiр 
сұрақтың ыңғайы келiп тұрғандай. Өйткенi “әдебиет” ұғымы жалпылыққа 
бейiм болса, “көркем шығарма” дегенiмiз нақтылыққа, даралыққа бейiм емес 
пе? Олай болса, “көркем шығарма тiлi” деген түсiнiктiң болуы да заңдылық 
болса керек қой?.. 
Жауап. Әрине. Әдеби туындыда көркем образ жасау құралы тiл боп 
табылады. Көркем шығарма тiлi туралы әңгiме көркем сөз жайында ой 
бөлiсуге жетелейдi. Ендеше, “көркем сөз” дегенiмiздiң өзi не? Жоғарыдағы 
сұраққа жауап беру үшiн, әуелi, осы “көркем сөз” ұғымының мәнiн 
ажыратып алу қажет. 
Көркем сөз – әдеби шығарманың образды мазмұнын бейнелейтiн тiлдiк 
түр. Образдың көркемдiк бейнелiлiгi автор қолданған көркем әдебиет тiлiне 
тән құралдардың нақты контекстегi дәлелдiлiгiмен айқындалады. Шығарма 
тiлi сыртқы пiшiнi тұрғысынан сөздiктерде және грамматикада белгiленген 
жалпыхалықтық тiлдiк құралдардан, сондай-ақ жекелеген диалектiлiк 
фактiлерден, сөйлеу тiлi мен жаргондардан, iс қағаздары мен ғылыми 
зерттеулер тiлiнен ерекшеленбейдi. Өйткенi, кез келген тiлдiк деңгейдiң 
шығармашылық сипаты оның көркем шығармадағы қызмет аясымен, мазмұн-
мәнiмен айқындалады. Көркем сөз қаламгер ойын жүзеге асыру барысында 
тiлдiң эстетикалық (поэтикалық) қызметiн үздiксiз пайдалануы қажет. Ал 


99 
бұл жағдай өзге сөйлеу түрлерiнде кездейсоқ мәнге ие. Яғни көркем шығарма 
тiлiн құрайтын әрбiр сөз – образдылық қызметшiсi. 
Көркем сөзде тiл ақиқатты суреттеу құралы ретiнде ғана емес, сонымен 
бiрге бейнелеу нысаны ретiнде де көрiнедi. Мәселен, драмада кейiпкерлер 
сөзi сипаттаушылық қызмет атқарса, басқа жанрлардағы көркем сөзге тiлдiк 
құралдарды саналы түрде жаңғырта қолдану тән болып келедi. Бұл жағдай 
қолданыста бар немесе жаңадан пайда болған тiлдiк бөлшектердi iрiктеу, 
үйлестiру, қолданудан бастап, барлық ұйымдастыру тәсiлдерiнде бiрдей 
ұшырасады. Яғни көркем мәтiн құрылымындағы көркем сөздiң образдылығы 
сөздiң тiлдiк жүйедегi нақты мағынасынан бастап,сол сөздiң шығарма 
композициясымен сюжетiнен өрбитiн мәтiнiшiлiк байланыстарға да тiкелей 
қатысты болады. 
Көркем сөздiң ерекшелiгi дүниенi рухани тұрғыдан меңгеруге тiкелей 
байланысты. Адам баласының дүниенi танып-бiлуге ынтасы пайда болған 
алғашқы сәттен бастап-ақ көркемдiк таным өмiр мен қоғамдағы мейлiнше 
күрделi құбылыстарға бағытталғандықтан, белгiленген тiлдiк аяда ғана 
әректе ету арқылы мақсатына жетуге мүмкiндiк болмайтыны белгiлi болды. 
Демек, қалыпқа түскен әдеби тiлдiк нормалар әдебиеттiң талап-тiлегiн толық 
қанағаттандыра алмайды. Сол себептi оған неғұрлым кең ауқымды қамтитын, 
еркiн де өзгермелi тiлдiк құралдар жүйесi қажет. 
Сұрақ. Көркем шығарма тiлi қаламгердiң шығармасында сөздi өз 
қалауынша қолдана беруi емес, тiлдiк құралдардың жүйелi қолданысы деуге 
де келетiн сыңайлы. Сонымен бiрге қаламгердiң тiлдiк қолданыстағы 
еркiндiгiне де жол берiлетiнi сезiледi. Бұл бiрiне-бiрi қайшы шығатын 
пiкiрлер емес пе? 
Жауап. Осы сұраққа байланысты көркем шығарма тiлiне қатысты 
жағдайларды тарата айтып көрелiк. 
Үздiксiз қозғалыс үстiнде болатын өмiрдiң алуан қырын қамтитын 
әдебиеттiң бейнелеу аясы қандай шексiз олса, әдебиеттiң бейнелеу құралы – 
тiлдiң мүмкiндiгi де сондай деңгейде. Дегенмен, ақиқатты адам санасына
сезiм-қиялына сай дәрежеде жан-жақты көрсету үшiн әдебиетке қажеттi 
мүмкiндiктерге қаламгердiң шығарма тiлiне байланысты орасан еңбек сiңiруi 
арқылы ғана қол жетедi. Өйткенi, шығарма мазмұнындағы шынайы 
көркемдiк оны бейнелеушi құралдардың дәлдiгi, әсерлiлiгi және үнемдiлiгi 
нәтижесiнде ашылады. Шығармадағы деректердiң, ойлар мен сезiмдердiң 
сыртқы көрiнiсi – сөз. Ал әрбiр деректiң соңында оның әлеуметтiк мәнi, ой-
сезiмнiң ар жағында оның себебi тұратыны мәлiм. Әрбiр деректiң 
астарындағы әлеуметтiк өмiр құбылысын барлық мән-маңызымен, айқын да 
толық бейнелеудi мақсат тұтқан көркем шығарма тiлi мейлiнше дәлдiкке
айқындыққа, мұқият iрiктелген сөздерге негiзделуi шарт. 
Сұрақ. Әдебиеттегi көркем образдарды жасауға қандай да бiр ерекше 
образды сөздердiң немесе айрықша тiлдiк иiрiмдердiң қатысы болмағаны ма? 
Ондай жағдайда көркем шығарма тiлiнiң ақпарат құралдары тiлiнен 
айырмашылығы қайсы? 


100 
Жауап. Бұл орайда көркем шығарма тiлiне қатысты бiрнеше мәселеге 
назар аударуға тура келедi. Олардың қатарында тiлдiң көркем образ жасау 
құралы ретiндегi мәнiне, кейiпкерлер тiлiнiң түрлi сипаттарына, тiлдiң 
лексикалық ерекше қорларына, тiлдiң арнайы бейнелеушi құралдарына, 
тiлдегi поэтикалық айшықтауларға, сондай-ақ, қаламгердiң поэтикалық 
синтаксисi сияқты мәселелер тұрғанын ескерген орынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет