Сұрақ. Әдеби үрдiстi арнайы қарастырудың қажеттiлiгi неде?
120
Жауап. Әдеби үрдiс – тарихи-әдеби талдаудың, яғни әдебиет
тарихының аса маңызды нысаны. Егер классицистiк және романтикалық
эстетиканың iзiн ала өрiстеген биографиялық әдiс жақтаушылары тек қана
iрiктелiп алынған ұлы туындыларға, жауһар дүниелерге бағыт ұстанса, XIX
ғасырдың екiншi жартысынан бастап ғылыми әдебиеттану әдебиеттi
сұрыптап қана қарастыру қалыбынан шығып, әдеби туындыларды көркемдiк
деңгейi, идеологиялық бағыты, әлеуметтiк өмiр сүру ортасына қарамастан,
бәрiн тұтастай зерттеуге бет бұрды.
Әдеби үрдiстi ғылыми тұрғыдан игерудiң аса маңызды кезеңi XX
ғасырдың 20 –30-жылдарындағы филологтар еңбегiне қатысты. Бұл орайда
В.М.Жирмунский, В.В.Виноградов, Ю.Н.Тыняновтардың пушкиндiк дәуiр
туралы
зерттеулерiн,
ұмытыла
бастаған
жазушыларға
(мысалы,
А.П.Скафтымовтың А.Н.Островский мен А.П.Чехов аралығындағы “драма”
жайындағы еңбектерi), “төменгi” немесе бұқаралық әдебиет өкiлдерiне
(В.Б.Шкловскийдiң Матвей Комаров туралы жазғандары), т.с.с. арналған
еңбектердi атауға болады
Белгiлi бiр кезеңдегi әдеби үрдiстi тұтастай қарастырудың маңыздылығы
сонда: үлкен қаламгерлер тек өздерiнiң алдындағы танымал тұлғалардан ғана
емес, “екiншi деңгейдегi” авторлардан, бұқаралық әдебиеттен де “үйренуi”
мүмкiн. Дәлел ретiнде Ф.М.Достоевскийге “бульварлық роман” жанрының,
А.П.Чеховқа газет юмористикасының әсерiн айтуға болады. Г.Н.Поспелов,
М.Б.Храпченко сияқты кейiнгi зерттеушiлер әдебиеттануды “генералдар
тарихына” айналдыруға да, сондай-ақ “танымал есiмдерсiз” әдебиет
тарихына айналдыруға да қарсы.
Әлемдiк деңгейдегi әдеби үрдiс қоғамдық-тарихи үрдiстiң бiр бөлшегi
болғандықтан, оған тiкелей тәуелдi екенi анық. Қазiргi әдебиеттануға
жүгiнсек, әдеби үрдiс дегенiмiз – мәдени-тарихи өмiрдiң бiр тармағы. Демек,
әдеби үрдiстi жалпы мәдениеттен тыс қарауға болмайды. Себебi, әдеби үрдiс
– мәдени үрдiстiң ажырамас бөлiгi.
Әдеби үрдiс адамзаттың мифологиялық ежелгi дәуiр, ежелгi дәуiр, орта
ғасырлар, жаңа дәуiр, ең жаңа дәуiр сияқты қоғамдық даму белестерiмен
тығыз байланысты. Әдеби үрдiстегi жаңалық нышандары қоғамдық-тарихи
өмiр өзгерiстерiне қаламгерлердiң үн қосуға, араласуға, қоғамдық санаға
ықпал етуге құштарлығынан өрбiп жатады. Қысқасы, нақты бiр тарихи
кезеңде әдебиет, ең алдымен, сыртқы “күштердiң” ықпалымен өзгерiске
ұшырайды.
Сонымен қатар, әдебиеттiң дамуында ә деби дәстүрлер де маңызды роль
атқарады. Бұл тұрғыда әдеби үрдiстiң өзiне ғана тән, бiр-бiрiмен жалғасып
жататын даму жолы бар екенiн де байқаймыз.
Көркемдiк идея, түр, тақырыпты жалғастыру дәстүрi қаламгерлердiң
көзқарасынан туындап, қаншалықты маңызды болғанымен, әдебиет
дамуында тек қосалқы мән иеленедi. Өмiрге қарым-қатынастың әр кезде
кездесетiн тарихи идеялық-эмоционалдық түрлерi (трагедиялық пен
комедиялық, сатиралық пен патетикалық), жалпы адамзаттық адамгершiлiк
121
және философиялық проблемалар (iзгiлiк, ақиқат, сұлулық), өнердiң
“мәңгiлiк тақырыптары”, сондай-ақ ғасырлар бойына екшелiп жинақталған
көркемдiк түрлер (бiрiншi кезекте, жанрлық түрлер) әдеби үрдiстiң тiршiлiк
етуiне қажеттi “сабақтастық қорын” құрайды. Қандай да бiр дәуiрдiң әдебиетi
түрлi кезеңдерден тамыр тартқан тарихи-көркемдiк бөлшектердiң
“жиынтығы” деуге келедi. Ондай бөлшектердiң бiрi сол кезеңге ғана тән,
екiншiсi өзiнiң алдындағы кезеңдерден, үшiншiлерi тым ерте дәуiрлерден
немесе архаикалық-мифологиялық дәуiрлерден бастау алып жатады. Мәдени
дәстүрлер кейде көркем шығармаға қаламгердiң субьективтi танымынан тыс,
өздiгiнен келуi де ықтимал. Өйткенi аса мәндi әдеби құбылыстар ғасырлар
қойнауында пiсiп-жетiлiп, тарихи уақыт кеңiстiгiнде еркiн тiрлiк етедi.
Әдеби үрдiс (ұлттық немесе әлемдiк деңгейде болса да) бiр-бiрiне әрi
ұқсас, әрi ұқсамайтын әдеби кезеңдерден құралады. Әр дәуiр өз бойына
өткеннiң тәжiрибесiн де, өзiнiң iздеп тапқанын да жинақтайды. Яғни ол
адамзаттың ғасырлар бойына жасаған көркемдiк байлығын да, оған өзi
қосқан жаңалықты да қамтиды. Дәстүр мен жаңашылдық тұтастығы
неғұрлым анық көрiнген сайын, ол кезеңнiң нәтижесi де әрi мол, әрi жемiстi
бола түспек. Мысалы, батыс европалық Қайта өрлеу дәуiрi. Бұған керiсiнше,
тек қана өткеннiң дәстүрiн қаз-қалпында сақтауға ұмтылған әдеби
қозғалыстар (мысалы, эллинизм дәуiрiндегi Александрияның мұражайлық-
филологиялық мәдениетi), немесе дәстүрден бой тартқан “таза” жаңашылдар
да (мысалы, футуризм) әлемдiк әдеби үрдiсте маңызды роль атқара алмағаны
белгiлi.
Әдеби үрдiстiң келесi бiр қыры түрлi халықтар мен ұлттарға,
географиялық аудандар мен аймақтарға тән әдебиеттер арасындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтар диалектикасына байланысты. Қазiргi
әдебиеттану европоцентристiк көзқарастарды ығыстыра отырып, барлық
халықтар мен ұлттар әдебиетiнiң дамуындағы ұқсастықтың типологиялық
сипаттарын да (кезеңдiк-тарихилық негiзде), сонымен бiрге олардың сапалық
тұрғыдағы алуан түрлiлiгiн де ескерiп отырады. Себебi, әдеби үрдiстiң
әлемдiк деңгейдегi тарихи ортақ тенденциялары жекелеген әдебиеттерде
түрлiше көрiнiс табады.
Әдеби үрдiстегi “қайталанып отыратын” және ”қайталанбайтын”
арасындағы байланыс қаншалықты көкейтестi болғанымен, түрлi халықтар
мен аймақтар әдебиеттерi арасындағы ортақтықтың бастау көзiн олардың
бiрдейлiгi емес, типологиялық ұқсастығы құрайды. Әдебиеттердiң алуан
түрлiлiгi – әлемдiк мәдениеттiң баға жетпес байлығы. Әлемдiк әдебиет жолы
қатарласа жүрiп келе жатқан ұлттық, аймақтық әдебиеттердiң әртүрлi
жолдарынан құралады. Сонымен бiрге, әдеби үрдiстiң ортақ тенденциялары
да бар. Мысалы, сөз өнерiнiң синкреттiк, яғни мифологиялық, фольклорлық
шығармашылықтан бөлiнiп шығуы, көркем ойдың диалогтық сипатының
күшеюi, жеке-дара авторлықтың қалыптасуы, жанрлық құрылымдардағы
қалыпқа айналған таптаурын (канондық) бастаулардың әлсiреуi (халықтық
эпостан романға бет түзеу), өмiрдi көркемдiк тұрғыдан игеруде
122
психологиялық және әлеуметтiк-тарихи нақтылықтың (реалистiк) орын алуы,
т.с.с. жайларды айтуға болады. Бұл орайда ұлт әдебиеттерi арасындағы
типологиялық ұқсастықтар мен әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерiн
айқындаудың ғылыми мақсаттағы маңызы зор.
Әдеби үрдiстiң ажырамас бiр саласы – халықаралық әдебиеттер
байланысы. Өзге ұлт тәжiрибесiн игеру – бiр-бiрiне ұқсамайтын түрлi
халықтар әдебиеттерiнiң қалыптасуындағы шешушi фактор. Ұлттық бейнесi
беймәлiм әдебиеттердiң пайда болуы, әдебиеттегi космополиттiк сипат жалаң
елiктеушiлiктен туған үстiрт “сән қуушылық” болып қана шығады. Қазiргi
ғылым әдебиеттердiң байланысы мен әсер-ықпалын қай кездегiден де кең
ауқымда қарастырады. Әдебиеттер байланысы дегенiмiз тақырыптар,
образдар, сарындар (мотивтер) мен сюжеттер ғана емес, сонымен бiрге
көркемдiк идеялар, түр жасау ұстанымдары, жанрлар мен олардың жүйелерi,
шығармашылық бағдарламалар, т.с.с. болып табылады. Әдебиеттердiң
байланыс-ықпалы сырттан таңылмайды. Алайда әдебиеттер байланысы әдеби
үрдiске қалайда ықпал етуге ұмтылмаса да, бәрiбiр әдеби шығармашылыққа
белсендi әсер етiп отырады. Болмысы бөлек мәдениеттi түсiнуге құштарлық
қашаннан бар құбылыс. Әдебиеттердiң бiр-бiрiне ықпалы тек нақты бiр
уақыттық тұрғыдан тұстас келуге де байланысты емес, тарихи дамудың
ертеректегi кезеңдерiнде бiр ұлт әдебиетiнде болып өткен әдеби құбылыс
араға уақыт салып екiншi бiр ұлт әдебиетiне әсер ете беретiнi тәжiрибеден
белгiлi. Бұған XX ғасырдағы европа әдебиетiне тигiзген Достоевский әсерiн
дәлел етуге болады.
Әлеуметтiк-тарихи өзгерiстермен ұштасып жататын әдеби үрдiс өзара
тығыз байланысты екi факторға бағытталады: 1) ұлттық-мәдени дәстүр және
2) басқа ұлт мәдениетiнiң әсерi. Яғни әдеби үрдiс өз бойында “өзiндiк” және
сырттан дарыған “өзгелiк” сипаттарды тоғыстырады. Демек, әр ұлт
әдебиетiнiң жарасымдылығы мен байлығының бұлжымас шарты – басқаның
жақсы жақтарын бойына сiңiру мен өз дәстүрiне адалдық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |