Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет15/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   152
Я.Гримм
А.Х.Востоков, 
Ф.Шлегель 
еңбектерiнде 
негiзделдi. 
Салыстырмалы-тарихилық теорияның алғашқы нысанасы (обьект) болып 
үндi-европалық тiлдер алынды. Мәселен, Раск пен Гримм герман тiлдерiн, 
Востоков славян тiлдерiн, т.с.с. қарастырды. 
XIX ғасырдың ортасы мен соңына қарай герман, роман, славян сияқты 
жекелеген тiлдiк топтардың салыстырмалы-тарихи грамматикалары 
жасалды. А.Шлейхер, К.Бругман, Б.Дельбрюк, А.Мейе, т.б. үндi-европа 
тiлдерiн тұтас алып зерттесе, бұл тiлдер тобына жатпайтын жекелеген 
тiлдер де (мысалы, семит тiлi) ғылыми назардан қағыс қалған жоқ. 
Сұрақ. Айтылып өткен кезеңдер төңiрегiнде осы тұста аз-кем аялдап, ой 
бөлiсер болсақ, өз басым төмендегiдей жайларды байқап отырмын: 
Бiрiншiден, лингвистика да әу баста жаратылысты танып-бiлуге 
ұмтылған басқа ғылым салаларымен тығыз тұтастықта дүниеге келiп, қоян-
қолтық дамыған. Адамзат танымының аясы кеңейген сайын, оның да зерттеу 
нысанасы бiртiндеп нақтылана түскен. Яғни жалпылықтан нақтылыққа бет 
бұрыс байқалады. Лингвистиканың даму жолын жоғарыдағы үлгiде белгiлеу 
оның адамзат танымының балаң кезiндегi орнын жоққа шығару болмаса 
керек. Өйткенi ол тұста қазiргi таңдағы жеке-жеке ғылым салаларының бәрi 
бүтiндi құрайтын түрлi бөлшектер болған тәрiздi. Тiл ғылымы да дүние 
танушы ортақ ғылым құрамында жаратылыс жұмбағын танып-бiлуге қызмет 
еткен. XVI ғасырға дейiнгi тiл ғылымында философиялық-логикалық 
көзқарастың үстем болу сырын осы мәнде түсiну жөн. Сондықтан 
жаратылысты тануға қызмет ететiн ғылымдардың бiрiн алғашқы, ендi бiрiн 
кейiнгi деп айдар тағу мүлде орынсыз алалау болып шығары анық. 


16 
Екiншiден, тiл ғылымының дамуындағы XVI ғасыр мен XVIII ғасырдың 
бастапқы тұсын қамтитын “дескриптивтiк кезең” мен XVIII ғасырдың 
соңы мен XIX ғасырдың бас кезiнде айрықша байқалған салыстырмалы-
тарихилық кезеңнiң пайда болуында да адамзат танымының дамуына 
қатысты заңдылықтар жатқанын байқау қиын емес. 
Жауап. Тiл ғылымының нысаны (предмет) мен нысанасының 
нақтылануы XIX ғасырдың 20 – 40 жылдарымен орайлас келедi. Осы 
жылдары тiлдi зерттеудегi логикалық бағытпен күрес үстiнде жаңа әдiс пайда 
болды. Бұл әдiс бойынша, тiл құрылымына және оның нақты бiр тiлдердегi 
өзiндiк ерекшелiктерiне баса назар аударылып, тiл ғылымының нысаны 
ретiндегi тiлдiң өзiн анықтап алу мiндетi алға қойылды. Тiлдi бұрынғы 
үлгiде, яғни мызғымас жүйе ретiнде емес, ұдайы өзгеру үстiнде болатын 
үрдiс (процесс) ретiнде зерттеуге ұмтылыс бел алды.
Тiл 
ғылымы 
дамуында 
құрылымдық-өзгермелi 
(структурно-
динамический) кезең болып танылатын бұл кезеңнiң бастаушысы немiстiң 
философ, лингвист ғалымы В.Гумбольдт болды. Гумбольдт бағытына жақын 
идеяларды Х.Штейнталь, А.А.Потебня да дамытты. 
Қысқасы, XIX ғасырдың ортасына қарай европалық тiл ғылымы өз 
бойына кейiннен кең қанат жайған төрт түрлi тармақты тоғыстырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет