16
Екiншiден, тiл ғылымының дамуындағы
XVI ғасыр мен XVIII ғасырдың
бастапқы тұсын қамтитын “дескриптивтiк кезең” мен XVIII ғасырдың
соңы мен XIX ғасырдың бас кезiнде айрықша байқалған
салыстырмалы-
тарихилық кезеңнiң пайда болуында да
адамзат танымының дамуына
қатысты заңдылықтар жатқанын байқау қиын емес.
Жауап. Тiл ғылымының нысаны (предмет) мен нысанасының
нақтылануы XIX ғасырдың 20 – 40 жылдарымен орайлас келедi. Осы
жылдары тiлдi зерттеудегi логикалық бағытпен күрес үстiнде жаңа әдiс пайда
болды. Бұл әдiс бойынша,
тiл құрылымына және
оның нақты бiр тiлдердегi
өзiндiк ерекшелiктерiне баса назар аударылып,
тiл ғылымының нысаны
ретiндегi тiлдiң өзiн анықтап алу мiндетi алға қойылды.
Тiлдi бұрынғы
үлгiде, яғни мызғымас жүйе ретiнде емес,
ұдайы өзгеру үстiнде болатын
үрдiс (процесс) ретiнде зерттеуге ұмтылыс бел алды.
Тiл
ғылымы
дамуында
құрылымдық-өзгермелi
(структурно-
динамический)
кезең болып танылатын бұл кезеңнiң
бастаушысы немiстiң
философ, лингвист ғалымы
В.Гумбольдт болды. Гумбольдт бағытына жақын
идеяларды
Х.Штейнталь, А.А.Потебня да дамытты.
Қысқасы, XIX ғасырдың ортасына қарай европалық тiл ғылымы өз
бойына кейiннен кең қанат жайған төрт түрлi тармақты тоғыстырды.
Достарыңызбен бөлісу: