30
белгiлi бiр дәрежеде әдебиетке байланысты мәселелер де қарастырылып
отырған. Мәселен, конфуцийшiлдiк аясында
өнердiң әлеуметтiк-
тәрбиелеушiлiк сипаты жайындағы iлiм қалыптасты. Аталмыш iлiмнiң атасы
ретiнде б.д.д. 298 – 238 ж.ж. өмiр сүрген
Сюнь-цзы есiмiн атауға болады. Ал
даосизм
ағымында өнер әсемдiгiнiң әмбебап мүмкiндiгi жайындағы
эстетикалық теорияның негiзi қаланды. Бұл теорияның бастауында б.д.д. VI–
V ғасырларда тiрлiк кешкен
Лао-цзы тұр.
Үндi жерiнде
көркемдiк құрылым мәселесi өнердi психологиялық
тұрғыдан айрықша
түйсiну iлiмiмен (яғни
раса), сонымен қатар
көркем
шығарманың астарлы мағынасы жайындағы
дхвани iлiмiмен байланысты
қарастырылды.
Раса iлiмiнiң үлгiлерiне
Бхартрихаридiң (шамамен IV ғ.)
“Натьяшастра” трактатын,
дхваниге –
Анандавардхананың (IX ғ.)
“Жаңғырығып жететiн үн жайындағы iлiм” (“Учение об отзвуке”)
аталатын еңбегiн жатқызуға болады. Үндi жерiндегi әдебиеттану дамуы тым
ерте кезеңдерден бастап-ақ тiл ғылымымен және поэтикалық стильге
қатысты зерттеулермен тығыз ұштасып жатады. Тұтастай алғанда, Шығыс
елдерiндегi әдебиеттану дамуына тән ерекшелiк
ретiнде оларда жалпы
теориялық және жалпы эстетикалық әдiстердiң басым болуын атаған
орынды. Мәселен, парсы тiлдес және түркi тiлдес әдебиеттерде
текстологиялық,
библиографиялық
жұмыстармен
қатар,
биобиблиографиялық үлгiдегi
тазкире жанры кеңiнен өрiстедi.
Достарыңызбен бөлісу: