Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет29/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   152
М.В.Ломоносовтың 
“Шешендiкке 
қысқаша 
басшылық” 
(“Краткое 
руководство к красноречию”) еңбегiн атап өтуге болады. 
Әдебиет сынының да ерте дәуiрлерден бастау алатынына ежелгi 
философтардың 
Гомер 
жайындағы 
ой-пiкiрлерiн, 
Аристофанның 
“Көлбақалар” (б.д.д. 405 ж.) комедиясындағы Эсхил мен Эврипид 
трагедиялары туралы салыстыруларын дәлел ете аламыз.
Әдебиеттанудың өз алдына дербес ғылым ретiнде қалыптасуы да 
эллиндiк дәуiрлерде, нақтылай айтқанда, александриялық филология (б.д.д. 
III–II ғ.ғ.) кезеңiмен орайлас келедi. Осы кезеңге дейiн бiртұтас ғылым 
салалары сияқты танылып келген басқа да ғылымдармен қатар, әдебиеттану 
да өзiнiң нысаны, нысанасы, мақсаты, мiндетi нақтыланған жеке ғылым 
болып қалыптасты. Әдебиеттану дербес ғылым ретiнде биобиблиография 
әзiрлеу, мәтiннiң шынайылығын нақтылау (бұл тұста қазiргi текстологиямен 
ұқсас), оған түсiнiктеме беру және жариялау жұмыстарымен де айналыса 
бастады. Биобиблиография әзiрлеу дегенде, әдеби энциклопедияның ең 
алғашқы үлгiсi боп табылатын еңбек Каллимах (ежелгi грек ақыны
филолог; шамамен б.д.д. 310 – 240 ж.ж.) жазған “Кестелер” (“Таблицы”) 
екенiн бiле жүрген де артық болмас едi.
Сұрақ. Жалпы филология жайын сөз еткен тұста “филологияның пайда 
болуы жазу мәдениетiнiң едәуiр өркен жайған кезеңiмен орайлас келедi. 
Таяу Шығыстың ежелгi мәдениетiнде филологияның белгiсi де жоқ. Орта 
ғасырлардағы Батыс Европада филология еншiсiне болар-болмас қана орын 
тиедi. Тек ежелгi Үндiстан мен Грекияда филология сөз бен сөйлеудiң, сөз 
бен ойлаудың ара қатынасын гносеологиялық тұрғыдан қарастыратын 
үрдiс ретiнде дүниеге келiп, қалыптаса бастады” деген едiк. Бүгiнгi 
әңгiмемiзде филологияның қос отанының бiрi – Грекия жерiндегi 
әдебиеттану жайына баса назар аударып кеткендеймiз. Әлде Шығыс 
елдерiндегi әдебиеттану жайы б.д.д. XIV–V ғасырлардағы қытай тарихына 
тән “Шуцзин” жинағындағы және б.д.д. X – II ғасырлардағы үндi 
ведаларындағы алғашқы ойлармен ғана шектеле ме?
Жауап. Әдебиеттану ғылымының тарихында грек ойшылдары ғана 
айрықша орын алады деу сыңаржақ пiкiр болары сөзсiз. Себебi – өнер мен 
әдебиетке қатысты терең тамырлы ой-пiкiрлер Шығыс елдерiнде тым ерте 
дәуiрлерде қалыптаса бастаған. Мәселен, ежелгi Қытай жерiнде 
“конфуцийшiлдiк” (“конфуцианство”) және “даосизм” аталатын негiзгi екi 
идеялық ағым болғаны тарихтан таныс. Мiне, осы ағымдар шеңберiнде 


30 
белгiлi бiр дәрежеде әдебиетке байланысты мәселелер де қарастырылып 
отырған. Мәселен, конфуцийшiлдiк аясында өнердiң әлеуметтiк-
тәрбиелеушiлiк сипаты жайындағы iлiм қалыптасты. Аталмыш iлiмнiң атасы 
ретiнде б.д.д. 298 – 238 ж.ж. өмiр сүрген Сюнь-цзы есiмiн атауға болады. Ал 
даосизм ағымында өнер әсемдiгiнiң әмбебап мүмкiндiгi жайындағы 
эстетикалық теорияның негiзi қаланды. Бұл теорияның бастауында б.д.д. VI–
V ғасырларда тiрлiк кешкен Лао-цзы тұр. 
Үндi жерiнде көркемдiк құрылым мәселесi өнердi психологиялық 
тұрғыдан айрықша түйсiну iлiмiмен (яғни раса), сонымен қатар көркем 
шығарманың астарлы мағынасы жайындағы дхвани iлiмiмен байланысты 
қарастырылды. Раса iлiмiнiң үлгiлерiне Бхартрихаридiң (шамамен IV ғ.) 
“Натьяшастра” трактатын, дхванигеАнандавардхананың (IX ғ.) 
“Жаңғырығып жететiн үн жайындағы iлiм” (“Учение об отзвуке”) 
аталатын еңбегiн жатқызуға болады. Үндi жерiндегi әдебиеттану дамуы тым 
ерте кезеңдерден бастап-ақ тiл ғылымымен және поэтикалық стильге 
қатысты зерттеулермен тығыз ұштасып жатады. Тұтастай алғанда, Шығыс 
елдерiндегi әдебиеттану дамуына тән ерекшелiк ретiнде оларда жалпы 
теориялық және жалпы эстетикалық әдiстердiң басым болуын атаған 
орынды. Мәселен, парсы тiлдес және түркi тiлдес әдебиеттерде 
текстологиялық, 
библиографиялық 
жұмыстармен 
қатар, 
биобиблиографиялық үлгiдегi тазкире жанры кеңiнен өрiстедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет