Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Сөз арнасын қазiргi таңдағы әдебиеттану жайына қарай  бағыттағанымыз дұрыс болар.  Жауап



Pdf көрінісі
бет35/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Сөз арнасын қазiргi таңдағы әдебиеттану жайына қарай 
бағыттағанымыз дұрыс болар. 
Жауап. Қазiргi әдебиеттанукөркем әдебиеттi; оның пайда болуы 
мен әлеуметтiк байланыстарын, сөздiк-бейнелiк ойлау ерекшелiктерiн; 
көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметiн, әдеби үрдiстiң 
жалпыға және нақты бiр аймаққа тән заңдылықтарын алуан қырынан 
қарастыратын ғылым. 
Соңғы жылдары поэтика саласын зерттеу iсi қарқынды дамуда. Бұл 
iзденiстер әдебиеттi ұдайы өзгеру үстiнде болатын тарихи және әлеуметтiк 
жағдайларға белсене араласуға қабiлеттi күрделi жүйе ретiнде қарау 
қажеттiгiн айқын танытты. Соның нәтижесiнде туындының iшкi 
құрылымындағы әр бөлшекке, олардың мәнi мен қызметтерiне мұқият үңiлу 
үрдiсi күшейдi. Тiптi әдебиеттанудың математикалық қырлары (аспектiлерi) 


36 
мен зерттеудiң құрылымдық-семиотикалық тәсiлдерiне де ынта қойылып 
отыр. Көркемдiк құбылысты әлеуметтiк-рухани үрдiс жемiсi ретiнде 
қарастыратын қазiргi әдебиеттану әдебиеттiң экономикалық, қоғамдық және 
идеологиялық жүйелер легiндегi орны мен мiндеттерiн танып-бiлуге 
ұмтылады. 
Сонымен қатар көркемдiк дәуiрлер мен кезеңдердiң, стильдердiң 
тоғысқан тұстары мен ауыспалы сәттерiне деген қызығушылық артып 
отырғаны да айқын байқалады. Ал қазiргi таңдағы салыстырмалы 
зерттеулерге көркем әдебиеттегi сыртқы және жекелеген ұқсастықтар 
аясынан шығуға ұмтылыс тән. Бүгiнгi әдебиеттануда әдебиеттер 
байланысын зерттеу iсi түрлi елдер мен аймақтарда белгiлi бiр деңгейде 
ұқсас сатыларды бастан өткеретiн әдеби үрдiс тұтастығын типологиялық 
тұрғыдан танып-бiлуге бағытталып отыр. Сондай-ақ, әдебиеттi өнердiң өзге 
салаларымен, идеологиямен, ғылыммен тұтастықта зерттеудiң iлкi 
нышандары да пайда болуда.  
Сұрақ. Көркем әдебиеттiң өзi қандай күрделi құбылыс болса, оны 
зерттеуге бағыт ұстанған ғылым да уақыт озған сайын күрделенiп, әдебиет 
әлемiнiң тылсымына тереңдей бойлаған сайын салаланып бара жатқанын 
таныдық. Осыған байланысты туындайтын тағы бiр сұрақ мынадай: 
Филологияда “Әдебиеттану”, “Поэтика” деген сөздер жиi ұшырасады. Бұл 
сөздер бiр ұғымның екi түрлi атауы ма, әлде бiрiне-бiрi тәуелдi жеке ұғымдар 
ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет