Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет33/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

түрлердiң ұқсастығын 1) адам психикасының бiрдейлiгiмен және 2) 
алғашқы қауым адамдарына тән анимизммен байланыстыруға ұмтылған 
теориялар да туды. Бұл теориялардың алғашқысын негiздегендер – 
Х.Штейнталь мен М.Лацарустың халықтық-психологиялық мектебi болды 
да, екiншiсiнiң бастауында Э.Б.Тайлор тұрды. Тайлордың осы анимистiк 
теориясы кейiнiректе А.Лангтың антропологиялық теориясына негiз салды. 
Сұрақ. Әдебиеттану дамуына байланысты бiршама мәлiметтер айтылды. 
Әңгiме барысында кездесiп қалған “анимизм, антропологиялық теория” 
деген сияқты бiрдi-екiлi терминдердiң мәнiн қалай түсiнуiмiз қажет? 


34 
Жауап. Бiздiң әңгiмемiз ғылым төңiрегiнде болғандықтан, ғылыми 
ұғым, терминдердiң ұшырасуы да заңды. Егер сол терминдердiң бәрiне 
түсiнiктеме берiп отыратын болсақ, әңгiмемiздiң басты желiсiнен ауытқып 
кетуiмiз де ықтимал. Сондықтан кей жағдайларда ондай терминдерге 
байланысты өзiңнiң де жеке iзденуiңе, ғылыми әдебиеттер қарауыңа
мұғалiмiңнен сұрап бiлуге тура келедi. Әрине, өз тарапымыздан бiз де 
бейтаныс терминдерге қысқаша болса да анықтама берiп отыруға 
ұмтыламыз. Ендi әлгiндегi сұрағыңа оралайық. Анимизм, антропологиялық 
теория” деген ұғымдар бiрiнен-бiрi өрбитiн, бiрiне-бiрi байланысты 
мәселелер.
Анимизм (латын тiлiнен аударғанда, “anima”“рух, жан” деген 
мағына бередi) – қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға, хайуанаттарға 
және адамдар өмiрiне ықпал етушi рух пен жанға сену. Мұндай түсiнiк 
алғашқы қауымдастық адамдарына тән құбылыс.
“Әдеби түрлердiң ұқсастығын анимизммен байланыстырды” дедiк қой. 
Оның мәнi мынада: антропологиялық мектеп өкiлдерi фольклордағы және 
орта ғасырлық әдебиеттердегi сюжеттер ұқсастығын адам психикасының 
бiрдейлiгiмен және мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарымен 
байланыстырады. Яғни олар “алғашқы адамдардың наным-сенiмдерi мен 
әдет-ғұрыптарының ұқсастығы негiзiнде пайда болған сюжеттер кейiнгi 
дәуiрлерде де заңды жалғастығын табады” түсiндiредi.
Осыған ұқсас ойларды орыс әдебиеттануынан да кездестiремiз. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет