Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет73/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Жетiншi әңгiме 
немесе 
Сюжет пен композиция 
 
Жауап. Өмiрдiң тұтас көрiнiсiн, адамдардың, оқиғалардың, 
жағдайлардың, ой-сезiмдердiң күрделi байланысын көркемдiкке ұластыру 
алуан түрлi бейнелеу құралдары арқылы iске асады. Жазу машығына 
байланысты әр қаламгердiң көркемдегiш құралдары әрқайсында өзiнше 
қолданысқа түсiп, бiр-бiрiне ұқсамай жататыны да белгiлi. Дегенмен, 
әдебиеттiң өзiндiк болмысынан өрбiп жататын, барлық жазушыға тән ортақ 
жайлар да бар. Олар қандай ортақ жайлар?
Бiрiншiден, барлық қаламгерге ортақ нәрсе – тiл. Тiл арқылы ой-сезiмге 
әсер ететiн сөздiк образдар жасалады.
Екiншiден, өмiрден алынған құбылыстардың әдеби шығармада жаңа 
бейнеге ауысуы алдыңғы планға оқиғалар қозғалысынан (эпикалық, 
драмалық шығармаларда) немесе ой-сезiм қозғалысынан (лирикалық 
шығармаларда) туындайтын сюжеттi шығарады. Сюжетте жалпы адам 
болмысы, алуан-алуан тағдырлар, қарама-қайшылықтар мен қоғамдық 
тартыстардың мәнi ашылады.
Үшiншiден, идеялық-көркемдiк ойды жүзеге асыру үшiн бiрде 
кейiпкерлер сөзiне, бiрде суреттеуге, бiрде авторлық баяндауға, бiрде 
диалогқа немесе монологқа, бiрде автордың лирикалық толғанысына, бiрде 
кейiпкердiң ақыл-өсиетiне, хаттарына, күнделiктерiне жүгiну қажеттiгi әр 
шығарманың құрылымын анықтайды. Бұл әдебиет теориясында композиция 
деп аталады.
Ақырында, төртiншiден, қаламгер атаулының шығармашылық ой-ниетi 
қашанда нақты бiр әдебиеттiң тегi мен түрiне тiкелей қатысты болатыны 
және бар. 
Әр қаламгер бұл айтылғандардың әрқайсысын өз шығармашылығында 
өзiнше 
пайдаланады. 
Соған 
орай, 
бұлардың 
әр 
қаламгер 
шығармашылығында, тiптi бiр ғана қаламгердiң түрлi шығармаларында 
түрлiше көрiнiс табуы заңды құбылыс. 


85 
Сұрақ. Көркем шығарманы жазу барысында қаламгер қолданатын 
көркемдiк құралдардың әрқайсына арнайы тоқталып өтсек, артықшылық 
етпейтiн сияқты. Әлгiнде сюжет оқиғалар қозғалысынан немесе ой-сезiм 
қозғалысынан туындайды” дегенге саятын ой айтылып кеттi. Ал, менiң 
ойымша, сюжет дегенiмiз – шығарма өзегiне алынған қызықты оқиға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет