87
Үшiншiден, әрбiр үлкен қаламгер өз дәуiрi мен халқы үшiн
аса маңызды
орын алатын
тартысқа ғана назар аударады.
Әрине, бұл айтылғандардан қаламгер өз дәуiрiндегi оқиғаларды,
тартысты ғана бейнелейдi деген ұғым тумаса керек.
Шығармаларға өзек болған қоғамдық тартыс өткен дәуiрлерден де
алынуы ықтимал. Алайда тартыстың түпкi мәнi
қаламгер өмiр сүрген
кезеңдегi қоғамдық талап-тiлектермен орайласып жатады.
Сюжет тарихи-әлеуметтiк мәнге ие. Сондықтан сюжеттi қарастыру
кезiнде, ең әуелi, шығарманың негiзiнде қандай
қоғамдық тартыс жатқанын
және оның қай тұрғыдан (позициядан) бейнеленетiнiн айқындап алу
қажеттiгi туындайды.
Қоғамдық тартыс пен сюжеттi сөз еткенде, олардың ара-қатынасын тым
қарабайырландыруға немесе теңестiрiп жiберуге болмайды. Бiр ғана
конфликтiнiң өзi түрлi сюжетте түрлi сипатта көрiнiп, түрлi мәнге ие болуы
мүмкiн.
Сюжет құрылысында қаламгердiң көркемдiк шеберлiгi айрықша
маңызды. Сюжет өз мiндетiне толық жету үшiн, бiрiншiден, iштей
тиянақталуы, яғни суреттелген тартыстың даму сипаттары, себеп-салдарлары
толық ашылып көрсетiлуi қажет. Екiншiден,
оқырманды өзiне баурап алып,
суреттелген оқиға дамуындағы әрбiр эпизодтың, әрбiр детальдiң мәнiне
ойлана үңiлдiруi қажет.
Сюжеттiң көркемдiк тартымдылығына қол жеткiзу үшiн қаламгердiң
қолданатын құралдары сан қилы. Қаламгерлердiң бiрi оқырманды бiрден
баурап әкететiн аса өткiр жағдайларды таңдайды. Екiншi бiрi оқырмандар
зейiнiн әуелi кейiпкерлердiң тосын әрекеттерiне аударып алып, сол төңiректе,
сол әрекеттердiң себептерi
жайында ойландыра отырып, кейiпкер
әрекеттерiнiң негiзгi себептерiнiң мәнi туралы ойландырып қояды. Мысалы,
Ф.М.Достоевский шығармалары.
Сюжетке тән бұл ерекшелiктер белгiлi бiр
оқиғалар жүйесi
суреттелетiн шығармаларға қатысты. Мұндай шығармаларға драмалық
шығармалардың бәрi және эпикалық шығармалардың басым бөлiгi жатады.
Өйткенi, кей жағдайларда эпикалық шығармаларда табиғат көрiнiсi немесе
сыртқы дүние әсерiнен туған
ой-сезiм қозғалысы бейнеленiп, оқиғалар
жүйесi болмауы да ықтимал. Ал лирикалық шығармаларда тартысқа толы
оқиғалар болмайтыны белгiлi. Алайда көзге ұратын оқиға жоқтығына қарап,
ол дүниелердi сюжетсiз деуге болмайды. Мұндай туындыларда адамның
iшкi жан-дүниесiндегi ой-сезiм арпалысы, көңiл-күй өзгерiсi түрлi сипатта
көрсетiледi де,
лирикалық туындылардағы сюжеттi осы
жан әлемiндегi
түрлi құбылыстар, толқыныстар айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: