89
Сұрақ. Экспозиция шығармада суреттелетiн негiзгi оқиғаға дейiнгi
жағдайларды таныстыруды мақсат етедi екен. Соған қарағанда, шығармада
экспозицияның болуы мiндеттi емес сияқты ғой. Ал кез-келген көркем
шығармада болуға тиiстi сюжеттiк бөлшектер қандай және олардың сюжет
желiсiндегi мiндеттерi неде?
Жауап. Ақиқат өмiрдегi сияқты, көркем шығармадағы оқиғалардың,
құбылыстардың, ой-сезiмдердiң, т.с.с. бәрiнiң де басталуы, аяқталуы болуы
шарт. Соған орай, әдеби шығармадағы сюжеттi қарастырғанда, ең алдымен,
байланыс және әрекет дамуын айқындау қажеттiгi шығады. Олай болса,
бұлар қандай бөлшектер? Ендi соларға жекелей тоқталып көрелiк.
Достарыңызбен бөлісу: