Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет41/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Менің   бұрын   азын-аулақ   соғыс   тақырыбына   қалам   тартқан   жазушылардан   өзгешелігім 
өзімнің соғысқа қатысып келгендігім еді. Менің екінші өмірімнің бақыты әшейін жазушы 
емес,   әскери   жазушы   болғандығым.   Содан   бері   не   жазып,   не   қойғанымды   жоғарыда 
айттым.   Жұрт   біледі.   Мен   әскерде   де,   әдебиетте   де   полковник   дәрежесінде   қалдым. 
Генерал болу менің пешенеме жазылмаған. Бірақ, қырық алты жасымда басталған екінші 
өмірімді алғашқы өмірімнің дәрежесіне жеткізгенімді мен өз басыма қонған өзгеше бақыт 
деп білемін. Бұл сұрағыңның жауабы осы, қарағым. 
XI 
                               Автор. Енді ең соңғы сұрағымды қоюға рұқсат етіңіз, Бауке. 
                               Бауыржан. Қойғын. 
                               Автор. Бұрынғы мен бүгінгіні, онымен болашақты салыстыра отырып, 
арт пен алға көз жібере келіп, жас ұрпаққа қандай ақыл айтар едіңіз? 
                                Бауыржан.   Алдымен   Россияның   адамзат   алдындағы   баға   жетпес 
еңбегін   әрқашан   еске   алып   отыру   қажет   дер   едім.   Ол   ең   алдымен   татар-монғол 
шапқыншыларын талқандап, Шығыс Европа, Орта Азия, Кавказ елдеріне азаттық әперді, 
ал Батыс Европаның қалаларын біздің Отырар, Құмкент сияқты жермен-жексен етілуден 
сақтап қалды. Содан үш жүз жылдан кейін бүкіл Орталық және Шығыс Европаны басып 
алмақ болған швед королі Карл ХІІ-ні Россия Полтава шайқасында және қиратып шықты. 

Содан жүз жыл кейін бүкіл Батыс Европаны табанының астына салып алып, «Европаның 
бар   халқынан   тұтас   бір   халық   жасап,   Парижді   барша   дүниенің   кіндігі   жасаймын»   деп 
әлемге   жар   салған   әйгілі   Наполеонды   да   Россия   талқандады.   Сол   сияқты   Батыс 
Европаны   түгел   басып   алып,   «Барбарос»   жоспарын   тқбесіне   ту   етіп   көтеріп,   шығысқа 
қарай өрттей қаулап келе жатқан Гитлерді де Россия құртты. Осылайша ол Орталық және 
Оңтүстік шығыс Европаның халықтарына және азаттық әперді. Соңғы бес ғасырдың ішінде 
Европа   мен   Азияның   халқын   және   қалаларын   Россия   төрт   рет   қырғын   мен   күйреуден 
сақтап қалды. 
                             Міне, осыны ұмытпау керек. Бұл бір. 
                             Европаның Англия, Франция және Германия сияқты ірі мемлекеттерінің 
бірде-бірі  адамзат  үшін  орыс   мемлекетіндей  еңбек   еткен  емес.   Ендеше  оны   да  ойдан 
шығармау керек. Орыстар өздігінен өзгеге тимейтін ең ұстамды халық. Егер өзіне жау тисе 
жеңбей тынбайтын ең ер халық. Ер халықпен еншілес болу ерекше бақыт. 
                                1812 жылғы Отан соғысына қазақ халқы елеулі үлес қоса алмады. Ол 
соғысқа украиндар 60 мың адам, Дон казактары 26 полк, башқұрттар - 20, қалмақтар 2 
полк берсе, қазақтардың қосындары бір кепе шөптің ішіне түскен инедей ғана болды. Ал 
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қазақтар белсене ат салысты. Бұдан жүз отыз 
жыл бұрын Наполеонға қарсы тұтас бір батальон қоса алмаған Қазақстан бұл соғысқа өз 
қолымен жасақтап бірнеше дивизия мен бригада аттандырды. Сөйтіп, Совет Армиясының 
берік жауынгерлік сапында қазақ солдаттары Европа мен Азиядай екі материкті азаттық 
сапарымен еркін шарлады. 
                              Оларды   Отан   лайықты   наградтады.   Бес   жүзге   жуық   қазақстандық 
солдаттар   мен   офицерлерге,   олардың   ішінде   тоқсан   сегіз   қазаққа   Совет   Одағының 
Батыры атағы берілді. Қазір қазақтан шыққан он шақты генералымыз бар. Олар: Шәкір 
Жексенбаев,   Бердіғали   Игіліков,   Нұрлы   Байкенов,   Сағадат   Нұрмағамбетов,   Қамал 
Бошаев, Есет Әлібеков, Баһадұрбек Байтасов, Самұрат Сыртанов және Жансам Кереев. 
Бұлар әскери генералдар. Ал Шырақбек Қабылбаев пен Әбдіманап Тілеулиев бастатқан 
Ішкі істер қызметі 
мен   мемлекет   қауіпсіздігі   қызметінің   генералдары   өз   алдына   бір   төбе.   Бұлар   біздің 
халқымыздың   тарихындағы   тұңғыш   генералдарымыз.   Сол   себептен   де   мен   оларды 
санамалап толық атап отырмын. Мұны білудің оқырмандарға да артықтығы жоқ. Түсінікті 
ме саған? 
                         Мінеки,   орыстар   өзінің   жалпы   адамзаттық   төртінші   ұлы   миссиясын 
атқарғанда - Европаны Гитлердің қанды шынжырынан құтқарып қалғанда, барлық басқа 
да   совет   халықтары   сияқты,   қазақтардың   онымен   бір   жағадан   бас,   бір   жеңнен   қол 
шығарып бірге болуы - біздің мәңгілік ұлттық мақтанышымыз. Міне, бұл - екі. 
                         Одан кейінгі айтатын сөз мынау: 
                         - Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ! Әр әке балам бақытты болса 
екен, үрім-бұтағым үзілмесе екен, өшпесе екен деп тілейді. Осы мақсатпен жиырмасыншы 
ғасырдың басында әкелеріміз бізге қаралы жексенбілерде қан кешіп жүріп, коммунистік 
қоғам   орнатып,   кең-байтақ   социалистік   Отан   жасап   берді.   Олар   бізге:   құрылыс   жақсы 
болса - тұрмыс жақсы, бірлік мықты болса - тірлік күшті. Осы құрылыс пен бірлікті көздің 
қарашығындай сақтаңдар деп өсиет етті. Біз бұл өсиетті абыроймен орындап, социалистік 
Отанымызды   Гитлер   сияқты   ең   жауыз   жаудан   сақтап   қалдық.   Туысқандық   бірлігімізге 
титтей де дақ түсірмедік. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп, біз де 
сендерге   бақыт   әпердік,   жас   ұрпақ.   Ол   -   қазіргі   кең   жазира   Отаның   сенің.   Өйткені   - 
Отансыз   өмір,   онсыз   қуаныш   жоқ.   Соны   көздің   қарашығындай   сақтандар.   Соңғы   үш 
ғасырда дүниеге үш жалмауыз берген адамзат жауыз ұлға қысыр боп қалмас. Бір ғасырда 
бір Наполеон, екі жүз жылда есуас Гитлер тумай қоймас. Ондай жауыздардан елді, жерді, 
социалистік қоғамды сақтап қалу - сенің борышың, алғы ұрпақ. 
                             Ұзын   бой   қысқарады,   үлкен   дене   кішірейеді,   адам   ақыры   өледі.   Ол   - 
табиғат заңы. Адам  өлгенімен оның еңбегі өлмейді, ерлігі өлмейді, ол атқарған ұлы іс 
өлмейді. Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін 
аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады. Өткен Отан соғысында он тоғыз-жиырма жасар 

азаматтар ерекше ерлік  көрсетті.  Жиырма жас тарихи  ерліктер  жасайтын  жас.  Осыған 
әрқашан да әзір болу керек. 
                              Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адамға керекті ең ұлы 
қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, сол ата-
анадан бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын 
сыйлап,   қадірлесе   сол   адам   отаншыл   болады.   Өйткені   өз   әке-шешесін   ардақтамаған, 
өзгенің   ата-анасын   құрметтемейді.   Үйде   бауырмал   болмаған,   түзде   интернационалист 
болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын 
жақсы   көрмеген,   өзге   ұлттарды   ұнатпайды.   Мұны   ұлтшылдықпен   шатастырмау   керек. 
Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажырата білуі шарт. 
                               Намыс   -   азаматтың   алтын   туы.   Әке-шешесін   сыйлаған   баллада   ғана 
намыс болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата-
анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі - ата-анасы, Отаны - өз 
үйі. Патриотизм - «Отаным сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін» деп құрғақ сөзді 
гүмпілдете беру емес. Ол - формализм. Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, 
іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де 
дұрыс   ұстайды,   шаруакер,   адал,   әділ   болып   өседі.   Іс   деген   осы,   патриотизм   осыдан 
басталады. 
                              Жастардың Отан қорғау қызметін атқарып қайтуы - адамгершіліктің ең 
асыл парызы. Ал еңбекшілдік, білімділік, тәртіптілік, тәлімділік, шыдамдылық - армия үшін 
ең   қажетті   қасиет.   Әскерде   басбұзарлыққа   орын   жоқ.   Өйткені   оның   қолында   елдің 
тағдыры - қуатты техника бар. Ал жауынгердің ол техниканы тастап қыдырып, қыз қуалап, 
арақ аңдып, қаңғып кетуіне болмайды. 
                            Жастар араққа үйір болмауы керек. Арақ адамгершіліктің, азаматтықтың, 
ақылдың жауы. Арақ азғындыққа жетелейді. Араққа бір үйреніп алсаң, одан қашып құтыла 
алмайсың. Ең алдымен осыдан сақтану керек. Арақ - адамның ішкі жауы. Сыртқы жауды 
техниканың   күшімен   құртуға   болады.   Ал   ішкі   жауды   ешқандай   ракетамен   атып   түсіре 
алмайсың. Нәпсіқұмарлыққа бір салынып алсаң, оны тоқтатуға ғылымның да, білімнің де 
шамасы жетпейді. 
                             Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат, 
жас   ұрпақ!   Естисің   бе   менің   үнімді,   жете   ме   саған   менің   дауысым.   Жетсе,   бүгінгі 
баламыздан бастап, көп ұлтты социалистік Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына 
айтар екі ауыз сөзім бар. Ол - Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер! - 
деген сөз. Ол - халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстандар! - деген сөз.
Ұлы Октябрь революциясы салып берген даңғыл жолымда маған тамаша орыс адамдары, 
орыс   қолбасылары   кездесті.   Егер   менің   сонау   Николай   Рединнен   бастап,   Панфилов, 
Чистяков, Серебряков, Рокоссовский, Жуков сияқты ұстаздарым болмаса, онда мен дүние 
жүзіне әйгілі полковник Момышұлы болмас едім. Егер орыс халқы болмаса, оның Толстой 
мен Тургенев, Чехов пен Горький сиякты каламгерлерінің еңбектерінен үлгі алып өспесем, 
онда мен жазушы Момышұлы болмас едім. 
                               Анада,   Азия-Африка   жазушыларының   Алматыда   өткен   бесінші 
конференциясының   соңында   біздің   республикамызды   аралап   көрген   бір   топ   шетел 
жазушыларының алдында мен былай деп сөз сөйледім: 
                              Қадірлі қонақтар! 
                              Қымбатты москвалықтар! 
                              Ардақты жерлестерім менің! 
                               Бұл жерде менің ағалы-інілі адамдар жайында екі-ақ ауыз сөз айтқым 
келеді. Егер сен шамасы аз, шағын денелі бала болсаң, онда саған арқа тұтарлық әлуетті  
аға керек. Сонда ғана саған ешкім бата алмайды; біреу-міреу көзін алартқанымен, қолын 
жұмсай   алмайды...   Дәл   осындай   алып   аға   кішкентай   халықтарға   да   қажет.   Өйткені 
халықтар да жер шарының сәбиі, бала болғандықтан оларға да қорған керек. 
                              Біз, Советтер елін мекендейтін аз халықтар, өзіміздің үлкен ағамыз орыс 
халқын мақтан тұтамыз. Мақтан тұтатын себебіміз ол шын мәніндегі ұлы халық. Мен оны 
дүние жүзіндегі көп санды халықтардың бірі болғандықтан ұлы деп атап тұрғаным жоқ. Тек 

сан жағынан ғана басым халықтарды шетінен ұлы деп атай беруге болмайды. Адамдарға 
азаттық, бейбітшілік, теңдік, туысқандық, достық әкелуші көп санды халықтың ғана ұлы 
деп   аталуға   қақысы   бар.   Өзімен   отандас   аз   халықтарға   қалтқысыз   көмек   беріп,   оның 
экономикасы   мен   мәдениетінің,   ана   тілі   мен   әдебиетінің,   ғылымы   мен   өнерінің 
өркендеуіне үнемі қамқор болып отыратын көп санды халықты ғана ұлы деп атай аламыз. 
Ал орыс халқы дәл сондай халық. Орыс халқын біз осы үшін шексіз сүйеміз. Біз орыс 
халқын   дүние   жүзіне   тамаша   революционерлер,   халық   бақыты   үшін   көптеген   табанды 
күрескерлер бергені үшін сүйеміз. Идеясы дүние жүзінің барлык езілген халықтарының 
компасы болған Лениндей данышпан орыс халқының көкірегін жарып шыққандықтан да біз 
оны одан сайын жақсы көреміз. 
                               Орыс халқын шексіз сүйіп, жақсы көретін себебіміз ол - туыс халық, ол - 
дос халық, ол - әке халық. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы,  дүние жүзіндегі көп санды 
халықтардың орыстан басқа қайсысы аз халықтардың Шыңғыс Айтматов, Расул Ғамзатов, 
Юрий   Рытхэу,   Юван   Шесталов,   Әнуар   Әлімжанов   сияқты   талантты   өкілдерін 
алақандарына салып, әкедей әлпештеп, зор мақтанышпен дүние жүзіне танытып отыр?! 
                                 Мен   бұл   тосты   рақымды,   мейірбан,   әділ,   адал,   турашыл,   еңбекшіл, 
интернационалдык,   коммунистік   ұлы   орыс   халқы   үшін   көтеремін.   Біздің   орыс   халқын 
осылай ақ пейілмен, адал көңілмен шексіз сүйетінімізге дүние жүзінің басқа халықтарының 
қызығуына   да,   қызғануына   да   болады.   Ал   кімде-кім   қызығатын   болса,   онда   ол   бұл 
халықтың адал досы болсын да, біздің мызғымас достық берік саптан орын алсын. Ұлы 
орыс халқының үлкен жүрегінен дүние жүзіндегі барлық халықтарға мекен табылады. Бұл 
ой, бұл сөздер - менің жан жырым, менің халқымның жүрек жыры. Бұл жырды мен бар 
дауыспен   барлық   жерде   айта   аламын,   қонақтардың,   достардың,   менің   халқымның 
жауларының алдында да шырқаймын!.. 
                               Міне, мен Азия мен Африка елдері жазушыларының алдында осылай 
дедім. Өлсем - өсиетім осы. Өле-өлгенше аузымнан тастамай алыс, жақын ағайынға айта 
жүрер сырым мен шыным осы, қарағым. Мұның жастарға да қатысы бар. 
                             Автор. Сіз бен біз ұзақ әңгімелестік, Бауке. Көп рақмет. 
                             Бауыржан. Кәдеңе жараса сол айтылғанның бәрі сенікі. 
                             Автор. Жарата алсаң деңіз. 
                             Бауыржан. Оны өзің білесің. Менің шаруам жоқ. 
                             Автор. Біз бұл әңгімемізді Жеңістің отыз жылдығы қарсаңында аяқтағалы 
отырмыз-ау, Бауке. 
                              Бауыржан.   Оның   рас.   Жеңіске   жеткен   қуанышқа   кенелді,   жетпеген 
арманда кетті. Отан соғысында өлгендерді ұмытпайык. Өзіміз өлгенше олардың аттарын 
аузымыздан түсірмей, жазғанымызда қағаздан қалдырмай халыққа айта берейік. Оларға 
біздің дұғамыз 
осы болсын! Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметгей алады. Өлгенге бақыт керек 
емес. Өлінің бақыты тірінің тірілігінде. Ал тірілер бір-бірімізді шын жүректен құттықтайық, 
сыйлайык, қадірлейік. 
                               Осылай деп әңгімесін аяқтап, Баукең үн-түнсіз отырып қалды. Баукең 
туралы жазылған жаңа өлеңдердің бірі есіме түсті. 
                              Біреуді асау дейді, тентек дейді, 
                              Біреуді қыз мінезді еркек дейді. 
                              Әркімді өз орнына әділ қойып, 
                              Бәрібір уақыт әжем жетектейді. 
                              Жаманды біржолата құлыптайды, 
                              Жақсыны ел әлпештеп ұмытпайды. 
                              Кеудесін кейбіреулер көтергенмен, 
                              Ақымакты ардагерге жуытпайды. 
                              Туған ел: бүгінгі салт-сәні жақсы, 
                               Қуанам - айналамның бәрі жақсы! 
                               Көрсетер шаңырақты шартарапқа 
                               Батыр ұл - Бауыржандар бары жақсы. 

                               Терең ой, меруерт сөз табындырар, 
                               Солардай болғай-ақ бір ағындылар. 
                               Жүргенде ортамызда ардақтайық, 
                               Бір күні бәрімізді сағындырар. 
                               Қазақ   ақындарының   кейінгі   буынының   бір   өкілі   Кәкімбек   Салықов 
жақында шыққан жинағына кірген бір өлеңінде осылай деген екен. Осы ғасырдың басынан 
бергі ақындарымыздың жеті толқыны сені тегіс жыр етті. Сонау Сәбит Мұқанов, Мұхтар 
Әуезов,   Қаныш   Сәтбаевтан   бастап,   бүгінгі   ұрпаққа   дейінгі   қазақтың   жүзге   тарта   ақын, 
жазушы,   журналист,   ғалымдары   саған   өлең,   очерк,   мақала,   зерттеулер   арнап, 
сүйіспеншілік лебіз білдіріпті, Бауке. Халық өлмейді. Отан тағдырының әр қилы тарихи 
кезеңінде ел үшін жан аямай қызмет еткен ардагер ұлдар мен асыл қыздар халықпен 
бірге   мәңгі   өмір   сүреді.   Халықпен   қоса   жасайтын   адал   перзенттердің   бірі   сенсің, 
Бауыржан! 
                                 Ерен   ерлігімен   есімінді   елге   жайып,   айдай   әлемге   паш   еткен 
Бауыржандай батыр үлың бар сен кандай бакытты едің, туған халқым. Көзіңнің тірісінде 
атыңды   аңызға   айналдыра   ардақтап,   аузынан   түсірмей   жыр   етіп   келе   жатқан   абзал 
халкың бар сен де бақытты екенсің, есіл ер. Сенімен замандас, сыйлас, сырлас болған біз 
де бақытты екенбіз, асыл аға. 
                                Сенен айналайын! 
                                Сенің халқыңнан айналайын! - дедім мен оған іштей. 
1970 ж. сентябрь. 
1974 ж. декабрь. 
1977 ж. сентябрь. 
Алматы. 
  
ЭПИЛОГ 
(Оқырманға хат) 
                                                                             I 
                                 Құрметті оқушым! 
                                  Тағы   да   сәлем   жолдаймын   саған.   Сәлемім   осы   кітабым   ғой 
қолыңдағы.   Бұл   кітап   1976   жылы   бірінші   рет   басылып   шыққаны   өзіңе   мәлім.   Кітап 
шыққаннан   кейін   оған   республикамыздың   барлық   ғазет-журналдары   пікір   білдірді. 
Оқырмандар   телефон   соғып,   авторға,   баспаға   және   баспа,   полиграфия,   кітап   саудасы 
жөніндегі мемлекеттік комитетке үсті-үстіне хаттар жолдады. 
                                 Республикамыздың   көптеген   жоғары   оку   орындарында,   орта 
мектептерде,   кітапханаларда   бұл   кітапқа   арналған   бірнеше   оқырмандар 
конференциялары   болып   өтті.   Оның   хабарлары   «Социалистік   Қазақстан»,   «Лениншіл 
жас», «Қазақ әдебиеті» және басқа газеттерде жарияланды. 
                                Осындай тілектерді ескере отырып баспа бұл кітапты қайта шығаруды 
жоспарлады. Оқырмандардың өтінішіне сәйкес кітаптың кей жерлерін кеңейту үшін тағы 
да көлем берді. Осыған орай мен бұл кітапқа Совет Одағының Маршалы И. X. Баграмян, 
генерал И. В. Панфилов, генерал А. И. Лизюков, Совет Одағының Батыры атағын екі рет 
алған атақты ұшқыш Т.Бигелдинов, Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны Қ.Қайсенов, 
подполковник   Ә.   Баймолдин   туралы   жаңа   тараулар   қостым.   Алғашқы   үшеуі 
Момышұлының   әскери   ұстаздары,   соңғылары   Баукеңнің   Ұлы   Отан   соғысында   ерекше 
ерлік көрсеткен тетелес бауырлары. Бұл жаңа тараулар арқылы кітаптың мәнін айқындай 
түсуге   тырыстым.   Оқырмаңдардың   тілегі   бойынша   кейбір   артық   деген   жерлерді   алып 
тастадым. 
                                                                                II 
                                    Қадірлі оқушым! 
                                    Енді, кітап алғаш басылып шыққаннан кейінгі бірер жыл ішінде оның 
орталық   қаһарманы   Бауыржанның   басында   қандай   жаңалықтар   болды   дейсің   ғой   сен. 
Соны айтайын саған. Сенен жасыратын не сырым бар менің: бұрын Бауыржанды сырттай 
сыйлағаным   болмаса,   ол   туралы   ешқандай   іштей   күйзелісім   болмаушы   еді.   Бұл   кітап 

басылып шыққаннан кейін бір бүйрегіме Баукең кіріп алды. Ол ауырып-сырқап қалмаса 
екен деп ойлайтын болдым. «Ақиқат пен аңыз» романы басылып жұртка тараған кезде 
Бауыржан   Момышұлының   «Ұшқан   ұя»   кітабы   Абай   атындағы   мемлекеттік   сыйлыққа 
ұсынылды. Баукене тілектестігім одан сайын күшейе түсті. 
                                                                                  III 
                                    Қымбатты оқушым! 
                                    Сол жетпіс алтыншы жылы жиырма бесінші ноябрьде Жазушылар 
одағының   конференц-залында   Қызылтулы   Орта   Азия   әскери   округы   мен   Қызылтулы 
Шығыс шекара округы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан әскери жазушыларының кеңесі 
өтті. Залда екі округтың тақырбас жас солдаттары шүпірлеп отырды. Сақа жазушылар 
мен генералдар президиумге жайғасты. 
                                   Залда   отырған   мен   жан-жағыма   көп   қарадым.   Баукеңді   іздедім, 
оқушым. Бірақ залда да, президиумде де Баукең болмады. Бұл жиналыста қазақ әскери 
әдебиетінің атасы Бауыржан Момышұлы болуы керек еді ғой. Ол кісі неге келмеген, әлде 
ауырып қалды ма екен деп мазасыздандым. Баукең кіріп келе жатқан жоқ па екен деп, 
қайта-қайта есікке қарап, алабұртып, алаңдап отырдым. 
                                  Дмитрий Снегиннің кіріспе сөзін де зейін қойып тыңдай алмадым. Бір 
кезде   президиумдегілер   қозғалысып,   араларынан   әлдекімге   орын   аша   бастағандай 
болды. Басымды оңға бұрсам, президиум сахнасына үстіне полковник формасын киген, 
қолында әдемі кавказ таяғы бар, қарағайдай тіп-тік болып Бауыржан көтеріліп келе жатыр 
екен. Оған генералдар орталарынан орын берді. Зал толы жас солдаттар бұл полковник 
кім   еді   дегендей,   көздері   бақырая   қарасып   қалды.   Сол   кезде   менің   жүрегім   дүрсілдей 
соғып, екі көзім жасаурап кетті. Оны сен түсінуге тиіссің, қымбатты оқушым. 
                               Содан   кейін   Қызылтулы   Орта   Азия   әскери   округы   саяси   бөлімінің 
бастығы   генерал-лейтенант   Попков   жолдас   «Әскери   көркем   әдебиет   және   жастарды 
патриоттық   рухта   тәрбиелеу»   деген   тақырыпта   қызықты   баяндама   жасады. 
Баяндамасының бір жерінде ол Ұлы Отан соғысында өзі рота командирі боп жүрген кезде 
әдебиеттен   аға   лейтенант   Момышұлының   атын   естігенін,   сол   Момышұлы   бүгінде   өзі 
жазушы болып, қазақ әскери 
әдебиетінің атасына айналғанын ілтипатпен атап өтті. Кеңестің президиумы бастап, жұрт 
дуылдата қол соқты. Қол соқпаған Баукеңнің өзі ғана болды. 
                              Бұдан   кейін   мінбеге   Ұлы   Отан   соғысының   ардагері   ақын   Сырбай 
Мәуленов көтерілді. Ол соғыста өз басынан өткен оқиғаларды айта келіп, соғыс кезінде 
Александр   Бектің   «Волоколамск   тас   жолы»   кітабының   қаһарманы   болған   Бауыржан 
Момышұлы содан отыз жыл өткеннен кейін қазақ романы «Ақиқат пен аңыздың» және 
қаһарманы   болды  деп  президиумды   иегімен   нұсқады.   Біз  мұны  мақтаныш   етеміз  деді. 
Тағы да қол соғылды. Залдағы жас солдаттар «Ол кім?», «Ол қайсысы?» деп бір-бірінен 
сұрап, күбірлесіп қалды. Соны аңғарған Баукең президиумда отырып оң қолын көтерді. 
Жиналысқа сәл кешігіп кіріп, генералдардың ортасын қақ жарып келіп отырған қолында 
таяғы бар қарт полковник өздерінің сүйіп оқитын кітабы Александр Бектің «Волоколамск 
тас жолының» қаһарманы екенін білгенде залдағы жас командирлер мен жас солдаттар 
ешқандай   командасыз   орындарынан   атып   тұрып,   шатырлата   келіп   қол   соқты. 
Президиумдағылар   да   тегіс   орындарынан   көтерілді.   Бұл   сол   кеңеске   қатысқандардың 
өмірі есінен қалмайтын ғажайып сәт болды, құрметті оқушым. 
                                  Оны саған арнаған бұл қысқаша хатымда толық етіп жеткізіп айтуым 
мүмкін   емес.   Осы   кеңесте   атақты   Момышұлының   өзі   мінбеге   көтеріліп,   советтік 
патриотизм, халықтар достығы, жастардың әскери қаруды бес саусағындай білуі жайында 
жалынды   сөз   сөйледі.   Мінбедегі   қарт   солдат   пен   залдағы   жас   солдаттардың   жаны 
жарастық   тапқандай,   қайта-қайта   қол   шапалақталды.   Маған   Бауыржанның   аузынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет