АқИҚат пен аңыз роман-диалог бірінші диалог I



Pdf көрінісі
бет30/32
Дата29.09.2022
өлшемі1,61 Mb.
#40875
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
ОН БІРІНШІ ДИАЛОГ
І
Автор. Ал, Бауке, сонымен соғысты бітірдік.
Бауыржан. Бітірдік.
Автор. Енді қайда барамыз?
Бауыржан. Сен сержантсың ғой?
Автор. Иə.
Бауыржан. Онда əскерден босап, ауылына қайт. Алматыға барып,


КазГУ-ге оқуға түсесің бе — ерік өзіңде. Ал мен полковникпін. Маған
демобилизация жоқ. Менің дивизиямда қала беруіме немесе əскери
академияға оқуға кетуіме болады.
Автор. Соғыс біте сала академияға түстіңіз бе?
Бауыржан. Жоқ. 1945 жылы 9 майда соғыс біткеннен кейін сентябрьге
дейін Балтық əскери округында сол 9-шы дивизияның командирі болып
тұрдым. Содан кейін Москваға. ГУК-тың қарамағына шақырылдым. Қырық
алтыншы жылдың январынан бастап К. Е. Ворошилов атындағы 1 дəрежелі
Суворов орденді Жоғары Əскери Академияның тыңдаушысы болдым.
Академияда қалай оқығаным керек болса, оны мына дипломнан қарап,
көшіріп алғын.
Баукең ұсынған дипломды қолыма алып қарасам, қатырманың бірінші
бетіне СССР Гербінің суреті салынған да, екінші бетіне былай деп
жазылған екен:
«ДИПЛОМ
Б № 2564-21
Осыны ұсынушы полковник Момышұлы Бауыржан 1946 жылы түсіп,
1948 жылы К. Е. Ворошилов атындағы I дəрежелі Суворов орденді
Жоғары Əскери Академияның толық курсын бітірді. Мемлекеттік
Емтихан Комиссиясының 1948 жылғы 14 февральдағы шешімі бойынша
Академияны жақсы деген дипломмен аяқтады деп саналады.
М. Захаров
Мемлекеттік Емтихан Комиссиясының председателі Совет Одағының
Маршалы Говоров
Академия бастығы, Армия генералы М. Захаров
Москва қаласы. 1948 ж.
Тіркеу № 66».
Говоров пен Захаров екеуі де дипломға қол қойған, сол жақ бұрыштан


Академияның мөрі басылған.
Одан кейін дипломның қосымшасын алып қарап едім, тізіліп тұрған
бестік бағаларға көзім түсті. Асығыс түрде мен оларды да дəптеріме
көшірдім.
Бұған да генерал Захаровтың қолы қойылып, академияның мөрі
басылған.
Автор. Академияны үздік бітірген екенсіз, Бауке.
Бауыржан. Қырық алтыншы жылы қабылданған жаяу əскердің
жауынгерлік уставына менің ұсыныстарым кірді. Академияны бітіргенімде
маған тоғыз мың сом (ескі ақшамен) сыйлық берілді.
ІІ
Автор. Сол академияда оқыған кезіңізден бірер деталь айтып бермейсіз
бе,
Бауке?
Қанша
адам
оқыдыңыздар?
Қалай
оқыдыңыздар?
Оқытушыларыңыз қандай адамдар еді деген сияқты.
Бауыржан. Мен, сенің алдыңа қойған мақсатыңа сəйкес, өмірімнің əрбір
кезеңін қысқа-қысқа ғана баяндап келе жатырмын, қарағым. Ал оның əр
кезеңінің жеке детальдарын қуалай берсек, онда əңгімеміз ұзаққа кетеді.
Екеумізге де уақыт керек емес пе?
Автор. Оныңыз рас қой. Дегенмен осы тұсқа Сіздің характеріңізді
ашатын бір деталь керек-ақ сияқты.
Бауыржан. Айтайын. Қырық алтыншы жылы академияның бірінші
курсында 125 адам болдық. Алғашқы курсты аяқтағанымызда академия
бастығы армия генералы Захаров бес тыңдаушыға алғыс жариялады. Мен
сол бестің бірі болдым. Бірінші курста тек қана беске оқыдым.
Оқытушыларымыздың бірі Макаров деген генерал еді. Оперативтік
өнерден сабақ беретін. Макаров бұрынғы музыкант екен. Музыканы тастап
келіп, артынан дивизия, одан соң корпус командирі болыпты. Ол кісінің
бұрынғы музыкант екенін біз кездейсоқ білдік. Ол былай болды.
Академияның бірінші курсын аяқтарда біз Кавказға маневрға бардық.


Мен корпус командирінің, Макаров армия командашасының міндетін
атқардық. Маневр ойдағыдай өтті. Кавказдан қайтарда мен қазақтың
меймандостығын жасап, генералға ресторанда қонақасы бердім. Бірге
барған жолдастарды тегіс шақырдым. Ресторанға алдын ала тілек айтып,
қазақтың ұлттық тағамдарынан қуырдақ, бесбармақ жасаттырған едім. Ас
жеп, Кавказдың шырын шараптарын ішіп, көңілденіп отырдық.
Бір кезде оркестр ойнап, екі-үш белгілі əн-күйді нашар орындады.
Генерал Макаров, басын шайқап, орнынан тұрды да, эстрадаға қарай
аяңдады. Біз ол кісі көңілі сүйетін бір əнді орындауды өтінгелі бара жатқан
болар деп ойладық. Ол оркестр дирижерінің қасына барды да:
— Сіз рұқсат етсеңіз, мен пультке шығып, бес минут оркестрді басқарар
едім, — деді.
Дирижер басын изеп, қолындағы таяқшаны генералға беріп, пульттен
түсе бастады. Ресторандағы басқа жұрт та, біз де таң болып қалдық. Басқа
жұрт мына генералдың есі дұрыс па деген шығар іштерінен. Ал біз
генералдың мұнысы несі деп ойлап, қысылып отырдық.
Генерал пультке шықты. Зал мен оркестрге естірте:
— Огинскийдің «Полонезі», — деді де, таяқшаны жоғары кетерді.
Генерал Макаров таяқшасын сермеп кеп қалғанда оркестр, əскер
атындай, лыпи жөнелді. Оркестрдің толқынды, ырғақты үні ресторанды
тербеп қоя берді. Барлық жұрт орындарынан тұрып, екі-екіден қалай билеп
кеткендерін білмей қалды.
«Полонез» аяқталғаннан кейін елдің бəрі эстрадаға қарай бұрылып, ду
қол шапалақтады. Оркестрдегілер табандарынан тік тұрып, олар да
алақандары қызарғанша қол соқты. Содан кейін қолына флейта ұстаған бір
музыкант алға шығып, генералдың қасына келді де:
— Біз Сізді алғашында мас генерал екен деп едік. Сіз пайғамбар екенсіз,
— деп Макаровтың қолын алды.
Бұл кісі менің академиядағы ең жақсы көретін ұстаздарымның бірі
болды. Ол кісінің сабақтарынан да ылғи бес алып жүрдім. Бірақ, бірінші
курстан кейін генерал Макаров басқа қызметке ауысып кетті де, екінші


курста оның орнына басқа оқытушы келді.
Неге екенін білмеймін, ол мені ұнатпады. Бағаны ылғи төмендетіп
қоятын болды. Мен оған үнемі беске жауап беремін. Ол төрт немесе үштен
сəл жоғарырақ дейді. Солай деп журналғa белгі соғады. Мұнысына менің
бірге оқитын жолдастарым наразы бола бастады.
Бір күні маған Захаров шақырып жатыр десті. Совет Одағының Батыры
армия
генералы
Матвей
Васильевич
Захаров
біздің
Бас
штаб
академиясының бастығы ғой. Бардым. Баян еттім.
— Бұл қалай, жолдас Момышұлы, — деді генерал алдындағы табельге
үңіліп. — Сіздің оқудағы қарқыныңыз соғыстағыдай болмай жатыр ғой. Сіз
бен біз жаман соғыспаған сияқты емес пе едік?
Захаровтың олай дейтін жөні бар еді. Өйткені ол кісі қырық екінші
жылдың январынан қырық үшінші жылдың апреліне дейін біздің Калинин
майданы штабының бастығы болған.
— Дəл солай, жолдас генерал, — дедім мен, — Калинин майданында
қандай қайрат жұмсасам, қазір де сондай қажырмен оқып жатырмын.
— Онда мына оқытушының сабағынан неге төртке түсіп қалғансыз?
Бұрын Макаровтан ылғи бес алып келген едіңіз ғой.
— Оқуым да, ұғуым да, жауап беруім де былтырғыдай, жолдас генерал.
— Мен Сізді түсінбей тұрмын, жолдас Момышұлы.
— Мен де Сізді түсініп тұрғаным жоқ, жолдас генерал. Менің міндетім
тырысу, тырбану, тыңғылықты жауап беру болса, ол міндетімді ойдағыдай
орындап келемін.
— Тіфу, енеңді ұрайын, — деді генерал күліп, — мен саған,
былтырғыдай, биыл, екінші курсты бітіргенде де алғыс жарияласам деп
жатырмын да.
— Ниетіңізге рақмет, жолдас генерал. Сізден алар алғысымның алдына
тосқауыл тұрғызылып жатса мен не істеймін, — дедім алақанымды жайып.


Осымен əңгіме біткен болатын.
Бір күні əлгі оқытушы бізден жазбаша жұмыс алды. Бір тақырып берді
де, соған сыпаттама жазғызды. Ал мен желдірте сүйкектетпей, жай жазатын
кісімін. Ойланып-толғануым көбірек болды. Бейнені, қимылды көзге
суреттей етіп айқын елестететін теңеулер іздеймін, сөздердің сирек
қолданылатын синонимдерін табуға тырысамын. Өстіп отырып мен
тақырыптың төрттен үшін сыпаттап болған кезде уақыт бітті деп, барлық
жұмысты бір минуттың ішінде жинатып алды. Аяқталмаған жұмысымды
мен де апарып генералдың қолына бердім.
ІІІ
Үш күннен кейін оқытушы қайтадан аудиторияға кірді. Портфелін
ашып, алдына біздің дəптерлерімізді қатарлап қойып сəл отырды да,
оларды үстінен бір-бірлеп алып, иелеріне үлестіре бастады. Бəленше төрт,
бəленше бес деп жатыр. Үш алған ешкім жоқ. Бір кезде ол:
— Полковник Момышұлы,— деді маңғаздана иегін көтеріп.
— Мен, жолдас генерал, — деп орнымнан атып тұрдым.
— Сізге екі қойдым. Тақырыпқа сыпаттама жасамапсыз, — деді ол.
Жұрт аң-таң боп қалды.
— Ғапу етіңіз, жолдас генерал, — дедім мен. — Тақырыпқа сыпаттама
жасалған, бірақ аяқталмаған. Аяқтауға уақыт жетпеді.
— Мен Сіздің басыңызда не барын білмеймін. Менің білетінім мына
жазғаныңыз ғана, — деп ол менің дəптерімді столдың шетіне тастады. Мен
орнымнан қозғалмадым.
— Полковник Момышұлы, дəптеріңізді алыңыз, — деді генерал даусын
қатайтып.
— Ондай баға қойылған дəптерді мен алмаймын, жолдас генерал, —
дедім.
— Менің қолымнан алмасаңыз бұл дəптерді генерал Захаровтың


қолынан алатын боларсыз, — деп менің дəптерімді қайтадан портфеліне
салып қойды.
— Ризамын, — деп орныма отырдым.
Əрине бұл өмірі екілік баға алмаған мен үшін де, академия үшін де ЧП
еді.
Ертеңінде тағы да генерал Захаровтың кабинетіне шақырылдым.
Захаровтың қасында əлгі оқытушы отыр екен. Менің үстімнен арыз айтып
отырғаны айқын болды.
— Ай-яй-ай!—деді генерал Захаров алдындағы қағазынан басын
көтеріп. — Бұл қалай, жолдас Момышұлы? Оқып отырсам жазған
жұмысыңызда бір мін жоқ. Мен сізге өзіңіздің келіп тоқтаған тұсыңызға
дейінгіні айтып отырмын. Не бір грамматикалық, не бір синтаксистік қате
көрінбейді. Осылай ғой, жолдас генерал, — деп ол оқытушыға қарай
мойнын бұрды. Оқытушы басын изеді. Захаров содан кейін барып сөзін
қайтадан жалғады. — Бұл сауаттылық жағы.. Ал жазған жұмысыңыздың
техникасына келсек, онда да мін жоқ. Міндет, сыпаттау, дəлелдеу — бəрі де
жеткілікті. Орыс тілін қандай жақсы білесіз. Бұл жөнінен біздің көптеген
генералдарымыздың Сізге қызығуына болады. Солай бола тұрса да,
Момышұлы жолдас, Сіздің бұл жұмысыңыз аяқталмай қалған. Сондықтан
Сізге оқытушы екілік баға қойған. Осының аяғына жарты бет резюме
жазсаңыз бітіп жатыр еді. Онда Сізге бұл жұмысыңыз үшін бес қойылатын
еді. Осылай ғой? — деп Захаров тағы да оқытушыға қарай бұрылды. Ол
тағы да басын изеді. Содан соң Захаров алдарында тік тұрған маған қарай
бұрылды.
— Неге өйтпедіңіз? Өкінішті болған, жолдас Момышұлы. Өте өкінішті!
— Уақыт жетпеді, жолдас армия генералы, — дедім мен екі қолымды
жамбасыма жапсыра, иегімді сəл көтере ұстап.
— Өзгелерге жеткен уақыт Сізге қалай жетпеді? — деп ол тағы да
басын шайқады.
— Бұл сұрағыңызға жауап берерден бұрын оқытушыға үш сұрақ қоюға
рұқсат беруіңізді сұраймын, жолдас армия генералы, — дедім мен тағы да
нық-нық сөйлеп.


— Беріңіз, беріңіз, — деді Захаров.
Мен енді оқытушыға қарай сəл қиыстай бұрылып тұрдым да, былай
дедім:
— Жолдас генерал, бірінші сұрағым мынадай: академия тыңдаушысы
шығарма жазарда алдына неше мақсат қоюға тиіс?
— Мұндай сұрақ болмайды, жолдас Момышұлы, — деді оқытушы
маған мысқылдай жауап беріп. — Тыңдаушының алдында жалғыз ғана
мақсат тұрады. Ол тақырыпты қалай да жақсы жазып шығу мақсаты.
Түсінікті ме Сізге?
— Ал мен шығарма жазарда алдыма үш түрлі мақсат қоямын, жолдас
генерал. Ол, біріншіден — əскери, екіншіден — ғылыми, үшіншіден —
əдеби болуы керек. Осы үшеуінің басы қосылмаса, мен оны шығарма деп
есептемеймін.
Осы кезде Захаровтың менің сұрағым мен жауабыма зер салып, ойлана
бастағанын аңғардым.
— Екінші сұрағым мынадай, жолдас генерал, — дедім оқытушыға
қадала қарап, — Сіз орыстың «страх» («үрей») «смелость» («батылдық»)
деген екі сөзі бар екенін білесіз, əрине. Ал осы екі сөздің нешеден
синонимы бар екенін білесіз бе?
— Сіз менен емтихан алайын деп пе едіңіз? — деді ол қызарақтап.
— Оныңыз артық сөз, жолдас генерал. Менің айтайын деп тұрғаным
осы екі сөздің біреуінің сегіз, екіншісінің тоғыз түрлі синонимы бар.
Сол синонимдердің бəрін есіме түсіре отырып, мен өз шығармамда
«үрей», «батылдық» деген сөздерді еш жерде екі реттен қайталағаным жоқ.
— Полковник, сол екі сөздің синонимдерін жеке-жеке атап
шығыңызшы, — деді Захаров маған.
— Құп, жолдас армия генералы, — дедім мен академия бастығына
қарай бұрылып. — «Страх» сөзінің синонимдері мынадай: «боязнь»,
«жуть», «испуг», «опасение», «оторопь», «робость», «трепет» жəне «ужас».


— Генерал Захаров мен əр синонимді атаған сайын бір саусағын бүгіп
отырды. Оның бір қолының бес саусағы тегіс жұмылып, екінші қолында
жұмылмаған екі-ақ саусақ қалды. Мен сəл тыныс жасадым да, содан кейін
екінші сөздің синонимдерін таратуға кірістім. — Ал «смелый» сөзінің
баламасы болып мына сөздер саналады, жолдас генерал: «бесстрашный»,
«безбоязненный»,
«храбрый»,
«неустрашимый»,
«отважный»,
«доблестный»,
«бестрепетный»,
«удалой»,
«лихой».
Енді
қандай
сөздердікін айтайын, жолдас генерал?
— «Армия» деген сөздікін айтыңызшы.
— Ол көп емес, жолдас генерал: «войско», «рать» жəне «воинстено»
деген үш-ақ сөз.
— Онда «наказание» деген сөздікін айтыңыз.
— «Кара», «казнь», «возмездие», жолдас генерал. Бұлар синонимі аз
сөздер. Синонимі көп сөздерді сұраңыз, жолдас генерал.
— Жетеді, — деді Захаров күліп. — Мен Сізді автомат па деп қалдым.

Олай
емес,
жолдас
генерал,
мен
əскери
академияның
тыңдаушысымын.
— Мақтарлық іс, жолдас полковник. Енді Сіздің жаңағы айтқан екі
сөзді қалай қолданғаныңызды тексеріп көрейік. — Осылай деп Захаров
алдында жатқан дəптердің беттерін ақтарып, əр бетке байыптап көз жүгірте
бастады. — Рас, қайталанбаған екен, — деді ол біраздан кейін дəптердің
соңғы бетін жауып. — Жоқ, тоқтаңыз, енді мына екі жұмысты қарайық.
Мен Сіздің жұмысыңызбен салыстыру үшін төрт пен бес қойылған екі
жұмысты қоса алдырғанмын.
Генерал Захаров осылай деп, алдында жатқан екі дəптерді бірінен соң
бірін ақтарып қарап, қызыл қарындашпен керекті сөзінің астын сызып
жатты. Содан кейін оларды санап, бір қағазға түртіп алды да, басын
көтерді.
— Дұрыс айтасыз, жолдас полковник, — деді ол екеуімізге кезек қарап
қойып. — «Үрей» деген сөз мына жұмыста 10 рет, мына дəптерде 13 рет
қайталанған. Генералға тағы да сұрағыңыз бар ма?


— Соңғы сұрағым мынадай, — дедім тағы да оқытушыға қадалып. —
Осы біз академияның тыңдаушысымыз ба, əлде бастауыш мектептің
шəкіртіміз бе?
— Оны білмегеніңіз өкінішті екен, — деді ол күңк етіп.
— Олай дейтінім, егер біз класта мұғалімнің аузынан шыққанды қағазға
көшіріп, жат жазу жазып отырған бала-шаға емес, өзіміздің соғыста алған
тəжірибемізді баяндап беруге тиіс егде адамдар болсақ онда бізге шəкіртше
қараудың қажеті не? Біздің бұл жазып отырғандарымыз Отан соғысында өз
басымыздан кешкен тəжірибе. Ертең Бас штабқа осы жазылғандардың бəрі,
қиыршық алтын іспеттес, қажет дүние. Бас штабтағылар осы
қиыршықтардың бəрін қорытып, кесек алтынға айналдырады. Мен өзім
осылай деп ойлаймын. Егер олай болса, онда кеше Сіз маған екі қоймай-ақ
«жолдас Момышұлы, резюме жазып үлгірмеген екенсіз, соны жазып аяқтап
беріңіз» деп жұмысымды өзіме қайырып, артынан маған бес емес, үш
қойсаңыз да риза болатын едім ғой.
Менің Сізге басқа сұрағым жоқ. Мен өзімді Сіздің алдыңызда кінəлы
деп есептеймін. Кеше қасыңызға барып дəптерімді алмағаныма кешірім
сұраймын.
Осыдан кейін мен Захаровна қарай қайтадан бұрылып тұрдым.
IV
— Ол дəптерді алмағаныңыз дұрыс болған, жолдас Момышұлы, — деді
Захаров ойлана отырып. — Дегенмен, Сіз менің бағанағы сұрағыма жауап
беріңізші. Жұртқа жеткен уақыт Сізге қалай жетпей қалды?
— Оның мынадай себебі бар, жолдас армия генералы, — дедім мен. —
Өзге жұрттың ойлау процесі бір сатылы да, менікі екі сатылы. Бар əңгіме
осында.
— Мұны қалай түсінуге болады?
— Өйткені мен ойды алдымен қазақша ойлаймын. Одан кейін оны
орысшаға аударамын. Содан соң барып қағазға түсіремін. Бұл орыс емес
ұлт өкілдерінің бəрінің табиғатына тəн қасиет. Өзге жолдастарым мен
сияқты екі рет ойланып, əуреленіп жатпайды. Міне, оның себебі. осында,


жолдас армия генералы.
Захаров көзін сығырайта түсіп, тағы да ойланып қалды. Содан кейін о4
жағындағы оқытушыға бұрылып:
— Сіз қалай деп ойлайсыз? — деді.
— Жолдас генерал, ол маған емес, программаға байланысты ғой, — деді
оқытушы.
— Программа не үшін жасалады?
— Ол түсінікті ғой, жолдас генерал, — деп шыжалақтай бастады. —
Бірақ əрбір полковниктің айтқаны бойынша программаны өзгерте беруге де
болмайды...
— Жоқ, — деп Захаров оның сөзін бөліп жіберді. — Сіздің мұныңыз
ұстаздыққа жатпайды. — Осылай деді де Захаров он жағындағы
телефондардың біреуінің трубкасын көтерді. Озеровпысың? Мен Захаров
қой. — Оқытушының шені мен фамилиясын атап, — сөгіс жариялау
туралы бұйрық жазып əкел.. Қазір, — деді.
Осылай деп ол трубканы жапты. Озеров академияның кадрлар бөлімінің
бастығы еді. Оқытушыға қарасам, оның түсі боп-боз боп кетіпті. Судан
шыққан балыққа ұқсап, қайта-қайта тілін жалаңдатып, ернін жалай береді.
Генерал Захаров алдында жатқан менің жазба жұмысыма «2» деп
қойылған баға мен оқытушының фамилиясын қызыл қарындашпен айқыш-
ұйқыш екі сызды да, жаңадан «4» деген баға қойды.
Одан төменірекке: «Академия бастығы Совет Одағының Батыры армия
генералы» деген сөздер ойылған штемпілін басты да, оның астынан «М.
Захаров» деп иректете қол қойып, дəптерімді өзіме қайтарып берді.
— Сіз боссыз, — деді ол осыдан кейін.
Мен ұршықтай үйіріліп, кейін бұрылдым да, аяғымды дік-дік басып,
генералдың кабинетінен шықтым. Жарай ма осы деталь?
Автор. Жарайды, Бауке. Сөйтіп Сіз академияны бітіріп, ақшалай


сыйлық алдыңыз?
Бауыржан. Иə, Академияны жүз жиырма бес адам бітірді. Соның
жиырмасына сыйлық берілді; Академияны тек қана беспен бітіргендерге он
үш мың сомнан сыйлық тиді. Meнің беске 0,39 балым жетпей қалды.
Соның бəрі жаңағы оқытушының қырсығынан болды.
Таза төрт, төрт жарымға бітіргендер бəйгеге ілінген жоқ. Солардың
ішінен жалпы балым 4,61 болғандықтан мені тандап алып, тоғыз мың
сомдық екінші сыйлыққа қосты.
Автор. Оқып жүрген кездегі айлық стипендияларыңыз қанша еді, Бауке?
Бауыржан. Əркімдікі əртүрлі. Менің стипендиям дивизия командирінің
жалақысы болатын.
Автор. Мұндай стипендиямен өмір сүруге болады екен, Бауке? Ол
жылдарда КазГУ-дің студенті болып, мен де стипендиямен өмір сүрдім. Ал
енді Сіздің сыйлығыңызды жумаймыз ба, Бауке?
Бауыржан. Əрине, көп ақша. Тоғыз мың сом шытырлап қалтама
түскеннен кейін мұны қайда жұмсаймын деп ойладым. Ақыры мынадай
қорытындыға келдім. Бас штабтың академиясын бітірген бірінші қазақ мен
болармын. Ендеше мен осы құрметке арнап халықтың тойын жасайын
дедім.
Сол кезде Москвада СССР Жоғарғы Советінің сессиясы өтіп жатқан еді.
Қазақстан депутаттары орналасқан «Армения» мейманханасына барып,
Қалыбек Қуанышбаев пен Мəлік Ғабдуллинді тауып алдым. Екеуі де
депутат болатын. Осылай да осылай, академияны бітірдім. Үкімет сыйлық
берді. Мен де қазақтың бір ұлымын ғой. Ендеше əскери академияны
менімен бірге халқымыз да қоса бітірді деп есептеймін. Осы қуанышқа
арнап, қазақша той жасайық. Өздерің елден келген депутаттардан жиырма
шақты адам жинаңдар. Қарсыдағы ресторанға барып отырайық дедім
оларға. Олар келісті. Сол арада Құрманбек Жандарбеков келе қалды.
Жиырмадан аса адам боп жиналып, қарсыдағы ресторанға барып отырдық.
— Екі тізгін, бір шылбыр Сіздің қолда, жолдас депутат, — дедім
Қаллекейге. — Ас алдыртыңыз. Тойды бастаңыз.


Қаллекей келістіріп заказ берді. Кемелдендіріп тойды жүргізді.
Академияны бітіру тойы осылай өз сəнімен аяқталды.
V
Бауыржан. Ол кезде үкіметтің арнаулы нұсқауы бойынша, академияны
беспен бітіргендерге үш түрлі, төртпен бітіргендерге екі түрлі қызмет
ұсынылатын. Не үштің, не екінің таңдаған біреуіне баруға міндеттісің. Ал
мен жоғарыдағы оқытушының кеселінен үштің емес, екінің бірін ғана
таңдауға тиісті болдым.
Академияны бітіргеннен кейін бізді ГУК-тың қарамағына жіберді. ГУК-
тың бастығы армия генералы Филипп Иванович Голиков маған алдымен
Кавказға бригада командирі болып баруды ұсынды.
— Мен дивизия командирімін. Оның үстіне академия бітірдім. Бригада
командирі болып бармаймын, — дедім Голиковке.
Соғысты бітіріп, академияны тауысып, кеудеге нан пісіп жүрген кез еді
ғой ол, қарағым. Генералға тура осылай дедім.
— Бара беріңіз. Сіздің пікіріңізді хабарлаймыз, — деді генерал.
Мен тайтаңдап жүре бердім. Сонымен он күн етті. Мені тағы Голиковке
шақырды.
— Бригада командирі болып бармасаңыз, — деді бұл жолы генерал, —
онда корпус штабының бастығы болып барыңыз.
Бұл үлкен қызмет еді. Жаман ағаң ақылсыздық жасады, қарағым.
Жарайды, рақмет деудің орнына Голиковке:
— Мен сап командирімін. Ешқашанда штабта отырған емеспін, —
дедім.
Голиков бетіме қарап отырды да:
— Жолдас полковник, Сіз асқақтықтың сазайын тартасыз. Бара беріңіз,
— деді.


Ағат кеткенімді артынан білдім. Бірақ қайта барып, генералдан кешірім
сұрауға өрлік мойын бұрғызбады. Орынсыз өрлік адамды өкіндірмей
қоймайды ғой, қарағым. Партия мен үкімет мені оқытты. Академия
бітіртті. Менің лауазым таңдамай, жіберген жерге жүре беруім-ақ жөн еді.
Кеше, Москва түбінде өліп кетсем қайтетін едім. Өлгендерден жаным
артық па еді? Қайтесің пендеміз ғой. Пенде болған соң кемшіліктен кім
құтылмақ. «Семіздікті қой ғана көтереді» деген даналық сөзді халық тегін
айтпаған ғой. Менің өмірімде жіберген ең үлкен қателігім осы болды.
Өзгесінің бəрі түкке тұрмайды, — Бауыржан сəл ойланып, үнсіз отырып
қалды. Содан кейін сөзін қайтадан жалғады — Осы қатемді ойласам күні
бүгінге дейін екі бетім дуылдап қоя береді. Адамгершілік, азаматтың арым
өзімді өмір бойы осы үшін айыптаумен келеді.
Өмірінің қатесін ешкім де өз аузынан айтып бермейді. Өйткені оны
мойындау қиын, өзгеге мөлдіретіп айтып беру одан да ауыр. Мен саған
имандай сырымды айтып отырмын, қарағым. Оның себебі менің
дұрысымды көрген жұрт бұрысымды да білсін. Бір адамның өмірі мың
адамға сабақ. Жас ұрпақ менің де жақсымнан үйреніп, жаманымнан
жиренсін.
Осыдан кейін Баукең ыңылдап, Сəкеннің «Тау ішінде» дейтін əніне
ұқсастау əуенмен мынадай бір шумақ өлең айтты:
Атағым жер жүзіне дүрілдеген, Бір кезде Бауыржан ем гүрілдеген
Айрылып атақтан да, шатақтан да, Бұл күнде шал болдық қой дірілдеген.
Автор. Бауке, осының үшінші жолын өзгертсеңіз қайтеді?
Бауыржан. Не деп?
Автор. Мəселен, «Tiс түсіп, тізе қақсап, буын босап» десе де болар еді.
Бауыржан. Себеп?
Автор. «Ердің аты, ғалымның хаты өлмейді» деген бар емес пе? Ендеше
Сіздің атағыңыз ешқашанда өшпеуге тиіс. Тарих Сізді ұмытпас болар,
Бауке.
Бауыржан. Сонда қалай болып шығады?


Автор. Былай:
Атағым жер жүзіне дүрілдеген. Бір кезде Бауыржан ем гүрілдеген. Tic
түсіп, тізе қақсап, буын босап Бұл күнде шал болдық қой дірілдеген.
Бауыржан. О да жөн екен, — Содан соң Баукең танауы жалпая
рақаттанып күліп алды.
— Оның да рас. Солай-ақ болсын.
Автор. Академияны бітіріп алып, алшаңдап Москвада жүре береміз бе,
Бауке? Кетпейміз бе бір жаққа жолдама алып?
Бауыржан. Оның рас. Академияны бітірген менен басқа жүз жиырма
төрт адам тегіс қызметке кетті. Сопайып мен жалғыз қалдым. ГУК-тың
қарамағында алты ай жаттым. Генерал Голиков ақылы кіргенде
шақыртарсың деп, өзінің орынбасары Свиридовқа тапсырып қойса керек.
Бір күні мені генерал-майор Свиридов шақыртты. Бардым.
— Зеріктіңіз бе, жолдас полковник? — деп сұрады ол.
— Зеріктім.
— Бəріне өзіңіз кінəлысыз, — деді генерал Свиридов. — Біз Сізді
алғашында бригада командирі етіп тағайындайық деп едік. Бейбіт уақытта
бригада командирі деген əскердегі үлкен қызметтердің бірі. Бригада
командирі лауазымындағы адамға генерал-майор атағы беріледі. Бірақ Сіз
оны түсінбедіңіз. Одан соң корпус штабының бастығы етуге ұйғарып едік.
Оған да риза болмадыңыз. Қазір басқа бос орын жоқ. Сондықтан уақытша
бригада командирінің орынбасары боп барасыз. Міне жолдама.
— Құп! — деп қолды шекеге қойып, аяқты сарт еткізуден басқа ештеңе
қалмады маған. Үлкен өзендерде пароход жүзіп келе жатқанда арнаулы
адам судың тереңдігін үнемі өлшеп отырады. Өйтпесе пароход қайырлап,
бөгеліп қалады. Немесе оның винтіне зақым келіп, істен шығады. Алған
жүгін тиісті жеріне уақытында жеткізе алмайды. Адам да пароход сияқты.
Ол да өзінің алдын үнемі оймен өлшеп отыруы керек. Ойланбаған орға
жығылады, опық жейді. Оған өзіңнің өр көкіректігің, өзімшілдігің ғана
кінəлі. Бұл сенің ақылсыздығыңнан істелетін іс емес. Ақыл да ойлағанды
ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.


Алдымен Алматыға, үйге соғып, содан Сібірге аттандым.
Автор. Алматыда кімге соқтыңыз?
Бауыржан. Кімге болушы еді — əйелім Жамал, ұлым Бақытжан бар
емес пе? Соларға соқтым.
Автор. Оларды өзіңізбен бірге алып кетпедіңіз бе?
Бауыржан. Жоқ. Жағдай келмеді. Алматыдай емес, Сібірдің жері суық
қой. Сібірдің суығын көтере алмай, өзім де өлесі болып жүрдім. Кішкентай
Бақытжанға суық тигізіп алармын деп қорықтым. Оның үстіне уақытша
кетіп бара жатқандықтан оларды жылы орнынан қозғамайын деп ойладым.
Автор.
Бауке,
басқа
жора-жолдас,
ұстаз-командир,
бастық
генералдарыңыз туралы толық айттыңыз. Енді əйелдеріңіз, өзіңізге өмір
серік болған жеңгейлер жайында бірдеңе демейсіз бе?
Бауыржан. Бұл сұраққа жауап бермейін деп мен саған былтыр
айтқанмын. Немене биыл тағы сол сұрақты қоңырсытып отырсың?.. Ал,
қай əйелге қалай үйленгенін, неге ажырасқанын саған қандай ақымақ еркек
айтып береді деп ойлайсың. Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз
жібермейді. Өйткені, əйел — өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын
ешкімге де қорлатпайды. Өйткені, əйел — киелі халық. Оның киесі өзін
қорлаған еркекті бір атпай кетпейді... Менің көзім осыған жетті. Сенің
іздеп отырғаның осы сөз ғой. Понятно тебе?.. Мен соғыста етегіме намаз
оқып жүргенім жоқ. Сен өзің оқыдың ба?
Автор. Оқыдым, Бауке. Менің намазым қаза болған емес.
...Қырық төртінші жылдың күзі көз алдыма елестеді. Бірінші Брест
атқыштар дивизиясының делегациясы Алматыға келді. Мен делегацияның
жетекшісі едім. Қасымда Тəкен Майшынов, Қабыш Мусин деген екі серігім
бар. Үшеуіміз де жиырма екі жастамыз.
Біз Варшава түбінде тұрған дивизиядан Қазақстан үкіметіне хат əкелдік.
Делегациямызды Халық Комиссарлары Советі председателінің орынбасары
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қабылдады. Қазақтың үлкен жазушысы
Сəбит Мұқанов үшеуімізді үйіне шақырып, қонақ етті. Біраз күннен кейін
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары


Советінің дивизияға жолдаған хатын алып, майданға қайттық. Жолда
Қызылордаға түсіп, сол жерден дивизияға арналған сəлем-сауқат ала
кететін болдық.
Қызылорда обкомында бізді облыс басшылары Рақымбай Төлебаев,
Медеу Аталықов деген кісілер жылы шыраймен қарсы алды.
— Сіздің дивизияға қазақ халқының сəлемдемесі деп бір вагон күріш,
бір вагон балық бермекші едік. Соны дайындап, вагонге тиеу үшін біраз
күн осында бөгелулеріңізге тура келеді, — деді Төлебаев. — Ертең жетінші
ноябрь — Октябрь мейрамы Біздің Шиелі дейтін ауданымызда ауданаралық
той өтеді. Шиелі биыл Отанға күрішті көп беріп отырған аудан. Соған
жапсарлас үш-төрт ауданның халқы жиналып, Октябрь тойын тойлайды.
Сіздерді сол тойға қатысып, екі-үш күн елде аунап-қунап қайтсын деп
отырмыз.
Бір паровоз бір вагонды сүйреп, түні бойы жүріп, таңертең бізді
Шиеліге жеткізді. Бізді вокзал басында салт атқа мінген жиырма қыз қарсы
алды. Біз вагоннан шыға бергенде жиырма қыз ат үстінде тұрып домбыра
тартты — күй атасы «Саржайлауды» аңыратты. Менің көзіме жас үйіріліп,
қозғалмастан тұрып қалдым. Екі жолдасым арсалаңдап, қыздарға қарай
жүгірейін деп еді, ым қағып оларды да тоқтатып тастадым. Күй біткеннен
кейін қыздар тегіс аттан түсті де, домбыраларын кеуделеріне қысып, бізге
иіліп сəлем берді. Осы кезде жолдастарым қыздарға қарай тура кеп жүгірді.
Олардың жетектерінде бізге əкелген бос аттары бар екен. Біз сол аттарға
мініп, қыздарға ілесіп, той болатын жерге келдік.
Той бір төбенің басында басталды. Қалың жұрт төбенің басынан етекке
дейін керней жерде жайғасты. Ең төменде, оларға қарсы қарап, үстел
басындағы президиум мүшелері сияқтанып, он бес шақты адам ат үстінде
отырдық. Шиелі аупарткомының секретары Ғизат Жүгірəлин деген кісі алға
шығып, күрішші қауымды Октябрь мерекесімен құттықтады. Майдан
жеңісіне қысқаша шолу жасады. Елдің майдан үшін істеп жатқан ерлік
еңбегін айтты. Бұл ұлы мейрамда біздің ортамызға майдангерлер келіп
отыр. Енді сол балаларыңыздың лебіздерін тыңдаңыздар деп аупартком
секретары сөзді маған берді.
Атымды тебініп, енді мен алға шықтым.


Алдымен халыққа өзіміздің Бірінші Брест атқыштар дивизиясынан
келгенімізді, ол дивизиядағылардың дені бұрын өзім құрамында болған
жүзінші бригаданың жауынгерлері мен командирлері екенін айттым.
Жүзінші бригададан Мəншүк Мəметова сияқты Совет Одағының Батыры
шыққанын баяндадым. Тағы басқа ерлерді атадым. Қазір дивизиямыздың
Польша жерінде жауды батысқа қарай қуалап бара жатқанын білдіре келіп,
дивизиядағы осы Қызылорда облысының бір ақын жігіті маған былай деп
өтініш айтқан еді дей келіп, мынадай бір шумақ өлең оқыдым:
Болсын десең дұшпаннан күші басым, Жұқсын десең бойыма ішкен
асым,— Сырдарияның суынан əдейі арнап, Бір тамшысын ала кел,
құрбыласым!
— Біз ол өтінішті орындайтын болдық, — дедім сөзімнің соңында. —
Сіздің облыс біздің дивизияға Сырдарияның суына өскен бір вагон күріш
пен Сырдарияның суынан ұсталған бір вагон балық беретін болды.
Сіздерге мың мəртебе рақмет, Сыр елінің халқы. Біз сіздерге жауды жеңіп
қайтамыз деп серт береміз.
Менен кейін алға мойны құрықтай құла мінген, басында пұшпақ бөркі,
мойнында гармоны бар, қара мұртты, елудің жуан ортасындағы қызыл
шырайлы кісі барды. Ол кісінің əуезді əсем үні гармонмен бірдей шықты.
Ақын алдымен жиналған жұртты мерекемен құттықтап алып, содан кейін
халыққа осы келген үш жігіт өздеріңнің балаларың. Бұлар солардың
қасынан келді. Бұлар өз балаларыңның сəлемін əкелді. Ертең осы
үшеуіндей боп олар да жеңіспен елге келеді. Сонда қозыдай маңырасып,
қойдай шуласып табысасыңдар. Осы балалардың ізі өз балаларына салған
жол болсын. Бұл ерлердің жортқанда жолы болсын! – деп өлеңмен тілек
батасын берді. Бүкіл халық егіліп отырып, «əумин!» деп ақынды қостады.
Ол кісі халық ақыны Нартай Бекелханов екен. Ол Нартай ақынды
бірінші рет көруім еді. Ақындығына, ақылдылығына, əншілігіне қатты разы
болып, кетер-кеткенше мен ол кісінің қасынан қалмадым. Жолдастарым
«Қыз қуу», «Көкпар тарту», «Теңге алу» ойындарына қатысып, олар да
мəз-мейрам болды.
Мереке өткеннен кейін аупарткомның өтініші бойынша колхоздарды
араладық. Бізбен көрісіп, кездесуге жиналған жұртқа Тəкен жаяу əскер
жайын, Қабыш барлаушылық тəжірибесін баяндайды. Мен артиллерист


достарымның ерлігін айтамын. Нартай ақын өзінің əуезді үнімен əн-өлең
шырқайды. Жеңіс жақын деп жұртқа жігер береміз. Содан кейін аудандық
комсомол комитетінің секретары Əсия бастаған қыздар концерт көрсетеді.
Олардың көпшілігі бізді Шиелі басында домбырамен қарсы алған қыздар.
Шиелі қыздары шетінен ақын, əнші, домбырашы екен. Солдаттардың сөзін
естіп, қыздардың өнерін көргенде, еңселерін жұмыс басқан жұрт едəуір
желпініп қалысады.
Үшінші күні түнде Шиеліге қайттық. Ай сүттей жарық еді. Көп салт
атты болып, қатар түзеп, көсілте аяңдап келеміз. Мен аупартком секретары
мен ақынның ортасында едім. Оның ар жағында колхоз председателі келе
жатты. Қыздар артқы лекте болатын. Тəкен мен Қабыш солардың
ортасында.
Бір кезде артта келе жатқан Қабыш:
— Жүр, Тəкен, тағы да шабайық, — деді.
— Əсия, Базаркүл, жүріңдер кеттік, — деді Тəкен. Жастар бір бүйірге
қарай дүрсілдетіп шаба кеп жөнелді.
— Қыздар, құлап қалмаңдар, — деп айқайлайды, олардың соңынан
колхоз председателі. Оны ешкім тыңдаған жоқ. Көп аттың тұяғы дүңк-дүңк
естіледі. Ол түнгі дала жүрегінің дүрсілі іспеттенеді. Біраздан кейін жастар
көзге көрінбей, тұяқ дүрсілі естілмей жым-жылас жоқ болды да кетті.
— Қабыш пен Тəкеңде тыным жоқ, — дедім мен осы кезде қасымдағы
жолдастарымды сөзге шақырып. — Елге жеткелі екеуі енесінің
айналасында күлте құйрығын көкке тігіп алып шапқылаған құлындай
құлдырап жүр.
— Шіркін, туған жерге не жетсін, еркелегендері ғой, — деді ақын.
— Рас, көп қыздың ортасында көлге сүңгіген үйректей боп жүр өздері,
— деді колхоз председатель Аупартком секретары үндеген жоқ.
— Қарағым, бүгін бұл үшеуіңнен осы елдің аяры жоқ, — деді құла
жорғаның үстінде шайқалып келе жатқан ақын. — Мінген атыңның бір
терлеп, қиналғанына қарамай, мынау балалармен қосылып, сен де бір
көсіле шауып, сергіп алсаңшы.


Осылай деп ақын артқы қатарда келе жатқан əнші қыздарды нұсқады.
Мен күліп, басымды шайқадым.
— Əлде атқа шаба алмаушы ма едің?
— Атқа шабамын ғой, бірақ айға шаба алмаймын, — дедім тағы да
күлімсіреп.
Ақын жорға ырғағымен қайтадан теңселіп, біраз үнсіз отырды да:
— Ай аяғыңның астында жатса ше? — деді менің бетіме тіке қарап.
— Айды таптауға болмайды ғой, аға, онда айналып өтемін.
Ақын тағы үнсіз қалып, шоқша сақалын разылықпен сипады.
— Оның жөн екен, бауырым, — деді содан соң. — Менікі өзің сонау
алыстан, өлім мен оттың ішінен келіп, астына жүйрік ат тигенде тақымың
нəумез болмасын деген ғой жай. Сенікі жөн. Əйтпесе осы күні, — ақын оң
жағындағы председательге бір қарап қойды, — көп азаматтар көзіне жылқы
баласы көрінсе болды, соған бұт артып, шаба жөнелетінді шығарды ғой.
Қолына түскені жас жабағы ма, үйретілмеген тай, құнажын байтал ма —
шаруасы жоқ.
Жас жылқының қолы үсіп қалады-ау, обал-ау деп ешкім ойламайды.
Осы соғыстың кесірінен жылқы да жуасып кеткен бе, əйтеуір көне береді.
Осылай деп ол атын бір қамшылап қойды. Құла жорға мойнын
құрықтай созып, тайпала түсіп ілгері ұмтылды. Біз көп уақыт үнсіз келе
жаттық.
Бір кезде арт жағымыздан қалың дүрсіл қайта естілді. Менің
жолдастарым мен қыздар екен.
— Басеке, ұрысып жатқан жоқсыз ба? — деді Қабыш екі танауы
делдеңдеп.
Мен үндемедім.


— Е, бастықтарың неге ұрсады? — деді колхоз председателі жігіттерге
қарай жамбастай бұрылып. — Əскерде увольнительный деген бір жапырақ
қағаз болады. Сендер оның орнына бір-бір қыз жетектеп кеттіңдер емес пе?
Ондай увольнительныйы бар солдатқа кім ұрсады?
— Сіз ол қалжақты қойыңыз, — деді тік мінез Қабыш.
— Е, қойдым, қойдым. Қоймағанда, — деп председатель күңкілдеп
атынын белін қайыстыра қайтадан түзеліп отырды. Жұрт үнсіз қалды.
— Немене, армансыз шаптыңдар ма, жігіттер? — дедім мен ол
үнсіздікті бұзу үшін.
— Шаптық, шаптық, — деді Тəкен мем Қабыш жарыса жауап қатып.
Сөйтіп біз алпыс тонна күріш, қырық тонна балық алып, Қызылордадан
майданға аттандық. Соғыста жалғыздарынан айрылған шерлі əкелер,
мұңды аналар, күйеулерінен «қара қағаз» алған қаралы келіншектер,
қайғылы қара көз қыздар, ардагер Нартай ақын соғыстың ауыртпалығына
қарамастан қайыспай еңбек етіп, майданға жан аямай болысып жатқан
еңбекші жұрт — ер халық ерекше ұмытылмастай боп көңілімізде қалды.
— Уаликім сəлем. Ал жалғызбысың, əлде қасыңда «шатағың» бар ма?
— Жалғызбын, Сəбе.
— Жалғыз болсаң менің номеріме кел. Мен күтем сені.
Сəбең Алматыдан келіп, мен жатқан «Москва» мейманханасына түскен
екен. Мені сыртымнан көріп қалып, администратордан кіріп, номерімді
сұрап алып телефон соғыпты. Бұрын, мен академияда оқып жүрген
кездерде де Москваға келген сайын мені осылай телефонмен іздеп тауып
алатын. Бардым. Мəкең жеңгей қасында екен. Сəбеңнен ел жайын сұрап,
əдебиет туралы əңгімелестік. Мен оған «Сибирь», «Доктор» деген екі
өлеңімді оқып бердім.
— Əй, Бауыржан, сен мына өлеңдерді текке қор қылып жүрсің, — деді
содан соң Сəбең. — Бұларды қалай да жариялатып жарыққа шығарту керек.
Сонан соң кешегі өткен жер жүзілік қырғын соғыстың сыры мен сипатын
қазақта сенен басқа жақсы танып-біліп, түсінетін адам кемде-кем.


Сондықтан сол жайды қағаз бетіне түсіріп халқыңа, ел-жұртыңа,
замандастарың мен туыстарына, болашақ ұрпаққа пайдасы тиетіндей кітап
етіп жазып беру — азаматтық міндетін.
Жаңа сен кімнің əсері болды деп сұрадың ғой. Сəбеңнің осы сөзінің
маған тікелей əсері болды. Сол сөз мені қабағат рухтандырды. Содан кейін
Сəбең екеуіміз Москваны аралап жүріп, тағы да көп əңгімелестік.
Жоғарыда бір жерде Сəбитпен ресторанға барғанымды айтып едім ғой. Ол
дəл осы күннің кешінде болатын.
Мен 1971 жылы жазда, Қазақтың М. О. Əуезов атындағы академиялық
драма театрында Бауыржан Момышұлының алпыс жасқа толғаны атап
өтілген қалалық жиында Сəбит Мұқановтың мінбеге келген сəтін көз
алдыма елестеттім.
— Мен Бауыржан елу жасқа толғанда шығарған өлеңімді оқимын, —
деді Сəбең көзілдірігін киіп жатып, тек өзіне ғана тəн мəңгі қарлығыңқы
үнімен. Содан кейін ол ақ саусағын шошайта залға қарай қолын сермеп
қалды. — Мен бір айтпаймын, ал айтқанымнан қайтпаймын. Бауыржанға
елуінде не тілесем, алпысында да соны тілеймін.
Жұрт ду күлді. Сəбең сонда мына өлеңін оқыған еді:
«Советтің саналы ер еркегі» деп, «Жігіттің қыз қызығар көркемі» деп,
Бауыржан Момышұлы жер жүзінде Тарапты барлық елге ертегі боп.
Барсам да қай континент, қай аралға,
Заманнан аз хабары бар адамда
Білмейтін Бауыржанды жан көргем жоқ,
Meн бұған қуанам да, таңданам да.
Айтайын ең алдымен қуанышты:
Қазақта ұл туғанмен талай күшті,
Жер жүзін тамсандырып Бауыржандай


Есімі қайсысының хатқа түсті?
Ауылдың қалды көбі аумағында...
Бауыржан «Катюшадай» лаулады да,
Өртеді фашистерді, сондықтан да
Таниды досы түгіл жау жағы да.
Батыста, жүрген ғылым тереңінде,
Ақылын, өжеттігін, өнерін де
Жыр етіп, Бауыржанның батырлығын
Таниды, бір-ақ шындық көлемінде.
Ежелден ертегішіл Шығыс — кəрі,
Шындықтан шыға шырқап, кетеді əрі:
Көреді қаһармандай тау көтерген,
Немесе, жер тітірткен Əзірет-Əлі.
Білсе егер екенімді менің қазақ:
«Сендерде ұл бар ғой, — деп, — сондай ғажап?»
Шуласып қамағанда қалың адам,
Жарылмай қуаныштан тұрам аз-ақ!
Айтайын таңданудың енді жайын:
Ұшқанын атақ-даңқы көрген сайын.
Келтірем көз алдыма Бауыржанды,
Кəдімгі жақсы адамды — қарапайым.


Білемін бұл жігітті ерте күннен:
Қаттыны нелер керім еріте білген.
Шықты бұл қылыш болып майрылмайтын,
Советтік Армияның мартенінен.
Шықты да жалаң қағып тұрды сапқа:..
Отандық ұлы соғыс қызған шақта,
Ақылы, қимылымен, қайратымен,
Өзіне ие болды берген атқа.
Сол үшін Отан мен халқы сүйіп,
Атаса кететұғын денесі иіп,
Тарихқа кірді бұл да дəл Зоядай,
Немесе секілденіп — Мересьев.
Фашисті бұл батырлар қырып-жойды,
Азамат болды істері абыройлы
Құрметпен, сондықтан да, Бауыржанға
Жатырмыз елу жаста...
«То есть» деп Сəбең қағаздан басын көтеріп алды да, сол жақ иығынан
кері бұрылып, сахна төріндегі үлкен етіп жазылған «60» деген цифрды
нұсқап, «əне, əне» деді де, бұл шумақтың төртінші жолын түзетіп қайтадан
оқыды. Жұрт тағы да дүр сілкініп, ду күліп қалды.
Жатырмыз алпыс жаста жасап тойды, Шашуым осы-ақ болды тойға
дайын. Ел сүйген ерді мен де аймалайын! Бауыржан, ата-анаңа алғыс
айтып, Советтен сені өсірген айналайын!


Осылай деп Сəбең басын көтерді де, құшағын кең жая мінбеден түсті.
Бауыржан да орнынан атып тұрды. Екеуінің құшағы сахна ортасында
айқасты. Мол денелі сабырлы Сəбең арқылы халық Бауыржандай батыр
ұлын тағы да мейірлене құшағына қысқан іспеттенді. Содан кейін Сəбең
Бауыржанды балаша құлағынан тартып, сəл еңкейтті де:
— Елің үшін! — деп маңдайынан бір сүйді. Одан кейін тағы да
еңкейтті.
— Өзім үшін! — деп екінші рет сүйді.
— Ұрпақ үшін! — деп үшінші рет еңкейтіп жəне сүйді.
Зал күліп, дуылдап, шартылдата шапалақ соғумен болды.
Көп адамның көзіне жас үйіріліп, домаланған ыстық моншақтар ыршып
түсіп жатты.
Автор. Шіркін, Сəбең-ай десеңші! Кімді рухтандырмады, кімге
көмектеспеді. Қазақтың өзінен кейінгі ақын-жазушыларына Сəбеңнен көп
көмек көрсеткен ешкім жоқ шығар. Əдебиетке келген бəріміз сол кісіге
əкеміздей қарыздар едік-ау. Ол кісінің көшеде тоқтай қалып «əй, халін
қалай?» деп бір ауыз айтқан жылы сөзінің өзі не тұрушы еді?
Бауыржан. Сонымен академияда бес жыл сабақ бердім. Күні бүгінге
дейін Москва университеті мен Москваның əскери академиясында лекция
оқыған санаулы ғана қазақ бар. Бұл — мақтан емес, ақиқат. Түсінікті ме
саған? — Мен басымды изедім. — Жаз, түсінікті болса.
Əскери академияда сабақ беріп жүріп, мен жазушы болуды ойлана
бастадым.
Осы оймен Калинин қаласында жүріп (біздің академия сонда көшіп
барған болатын), орыс тілінде «Біздің семья» кітабын жазып шықтым. Ол
кітаптың қайда, қашан басылғанын айтқанмын саған.
Елу бесінші жылдың аяқ жағында, бір күні Москваға келіп, ГУК-ке
кірдім. Генерал Голиковтан мені армиядан босатып, запасқа шығаруды
өтіндім.


— Енді отставкадағы полковник боламын. Бірақ отставкадағы азамат
болмаймын, жолдас генерал, — дедім.
— Армиядан кеткенде не істейсіз? — деді генерал таңданып. — Сіз
қырық бесте екенсіз. Бұл нағыз офицердің жасы. Армияда əлі де бірсыпыра
жыл қызмет істеуіңізге болады ғой.
— Мен жұмысты тастамаймын, жолдас генерал. Енді əдебиет
майданында қызмет ететін боламын.
— Қай тілде жазбақсыз?
— Орыс тілінде.
— Жазушы болу үшін ең кемі əдебиет институтын бітіру керек қой,
полковник.
— Маған əдебиет институтының керегі жоқ, жолдас генерал. Менің
жазушы болуыма өзім өткен өмір университетінің сабақтары да жетеді.
— Бұл Сіздің үзілді-кесілді шешіміңіз бе, полковник?
— Дəл солай, жолдас генерал.
Осыдан бес жыл кейін, əскери жазушылардың Москвада болған
кеңесінде сөйлеген сөзінде сол кісі, армия генералы Филипп Иванович
Голиковтың тап өзі: «Момышұлының запискалары мемуар болғанмен
,басқа мемуарлардан көп айырмасы бар, ол көркемдік дəрежеге көтерілген,
онда артық эпизод, керексіз кейіпкерлер деген жоқ. Нағыз маңызды
эпизодтар мен образдарды іріктеп алған» деді. Бұл сөзді естігенде мен
Голиковтың мақтағанына емес. Голиковке жазушы боламын деп берген
уəдемді орындағаныма қуандым. Əрине, Голиковтың армиядан жақында
кеткен офицер не тындыра қойды дейсің деп, менің кітабымды оқымай
тастай салуына болатын еді. Оқып шығып, əділ бағасын айтқан. Ол үшін
генералға мың мəртебе рахмет. Содан кейін мен өзімді отставкадағы адам
емес, Совет Армиясының сапында жүрген жауынгер офицер санатында
сезіндім. Ол сөз маған туған анамдай боп кеткен армияның алыстағы ұлына
білдірген мейір махаббаты тəрізді боп танылды. Бұл өзіңе сонша айтылған
бір сыр ғой, қарағым.


Содан кейін Голиков мені Бурденко атындағы бас əскери госпитальға
жіберді. Соның қасында жоғары əскери комиссия бар еді. Оның бастығы
Доброхотов деген контр-адмирал болатын. Келсем Доброхотов шашы
аппақ, өзі қап-қара, бірақ жылы жүзді, өте бір биязы кісі екен. Сəлемдесіп,
жөнімді айттым. Мені денсаулығыма байланысты армиядан босатыңыз
дедім.
Доброхотов мені орталық əскери комиссияға жіберді. Оның жеті
комиссиясы бар екен. Солардан өттім. Академияға мені əскерден босату
туралы ВКК-ның қаулысын əкеп бердім.
Екі күннен кейін академия бастығы шақырды.
— Денсаулығыңыз нашарласа курортқа жіберейік, — деді бастық.
— Курорттан бас тартамын. Мені əскерден босатуды сұраймын, —
дедім.
Содан біраздан кейін бұйрық шықты. Онда полковник Бауыржан
Момышұлы денсаулығына байланысты, 59-статьяның «б» пунктіне сəйкес
əскерден босатылсын жəне оның əскери киім киіп жүруіне рұқсат етілсін
деп көрсетілді. Бір басыма жеткілікті пенсия тағайындалды.
Елу бесінші жылдың декабрінде барлық дос-жолдастарыммен,
академиямен, армиямен қоштасып, Алматыға қайттым. Əрине, бұл айтарға
ғана оңай. Əйтпесе он бір ай — қызыл əскер, он төрт ай — взвод
командирі, үш жыл төрт ай — рота командирі, тоғыз ай — атқыштар полкы
штабы бастығының орынбасары, бес ай — республикалық военкоматтың
аға нұсқаушысы, бес ай — батальон командирі, екі ай — полк командирінің
орынбасары, сегіз ай — атқыштар полкының командирі, жеті ай — Бас
штаб əскери академиясының жанындағы білім жетілдіру курсының
тыңдаушысы, үш ай — дивизия командирінің орынбасары, алты ай —
дивизия командирі, екі жыл екі ай — Бас штаб əскери академиясының
тыңдаушысы, екі жыл — бригада командирінің орынбасары, бес жыл —
əскери академияда ординарлық əскери профессор болған армиямен
қоштасу оңай іс емес, қарағым. Мен — армияға, армия менің өміріме
айналып кеткен еді ғой. Армиядан босау маған қырық бес жасымда
қайтадан туып, екінші бір өмірді жаңадан бастағанмен пара-пар еді.
Бірінші өмірімде менің Отанға сіңірген азды-көпті еңбегім, халықтан алған


атақ-абыройым бар еді. Екінші өмірімде ондай еңбек етіп, халықтан алғыс
ала алам ба? — деп толғандым.
Баукең сəл бөгеліп, тағы да «Қазақстан» темекісіне қол созды. Сидиған
салалы, етсіз арық саусақтарына көзім түсіп, тағы да оны ішімнен аяп
кеттім. Басқа жұрт сияқты, бұрын мен де Баукеңе мəн бере бермейтінмін.
Соғысқа кім қатыспады, кім командир болмады деп ойлайтынмын. Өзімен
етене араласып, ұзақ-ұзақ əңгімелескеннен кейін Баукең маған басқа
қырынан көрінді. Бұл кісі еліміздің атақты қолбасы, генералдарымен
қызметтес болып, олардың бұйрықтарын орындапты. Жуков, Василевский,
Рокоссовский, Баграмян, Говоров, Захаров сияқты маршалдармен ауызба-
ауыз тілдесіпті. Əскерде маршал түгіл генерал көрмеген маған алдымда
отырған арық шал бірте-бірте биіктеп асқар тауға айналып кеткен сияқты
боп көрінді.
Ең алғаш əңгімелесе бастаған күндеріміздің бірінде, сөз арасында
Баукең маған «мен профессормын» деген еді.
— Не дейсіз? — деп мен қайталап сұрадым.
— Мен қатардағы əскери профессормын, — деді ол мұрты тікірейіп.
Мен Баукеңе жайлап қана жымиып қарадым. Оным: «Бауке, осы жерін
артығырақ сілтеп жіберген боларсыз», — дегенім еді, Бауыржан менің
шүбəланып отырғанымды сезді де:
— Сенбесең қой, — деп ол əңгімені аяқтатпастан бірден үзіп тастады.
Артынан мен Момышұлы туралы кептеген документтермен істес
болдым. Документ пен Баукең айтқан əңгімелер арасында алшақтық
жоғына əбден көзім жетті. Сөйтіп жүріп Баукеңнің қатардағы əскери
профессор болғанын да анықтадым. Калинин қаласындағы əскери
академияда сабақ беріп жүргенінде Момышұлы тактикадан алты,
стратегиядан тоғыз еңбек жазады. Сол үшін аға оқытушылықтан
ординарный профессор дəрежесіне жоғарылайды. Бірақ бұл атақ
академияда лекция оқып жүрген кезінде сақталады да, одан кетсең алынып
қалады екен. Өйткені ол атақ сенің орныңа келген екінші оқытушыға
беріледі. 1956 жылдың бірінші январында Момышұлы жоғарыда аталған
академияның тізімінен шығарылған. Сол күннен бастап оның қатардағы
əскери профессор атағы да өшіп қалған. Жаңа Баукең армияда атқарған


қызметтерін санамалап отырып, бес жыл əскери академияда ординарлық
əскери профессор болдым дегенде менің ойыма алғашында осы сөзге
сенбегенім түсіп, іштей ұялып отырдым. Оның аузынан əртүрлі жағдайда
айтылып кеткен ұсақ-түйек дəлсіздіктерге түзету жасаған тұстарымды да
артық көрдім. Өзіме берген деректерінің бəрі дұрыс болғандықтан
Баукеңнің басқа жерлерде айтқан сөздерінде не шаруам бар еді деп
ойладым.
ІХ
Автор. Бауке, өткен жолғы əңгімелердің бірінде Калинин қаласындағы
əскери академияға сабақ беріп жүрген кезімде тактика мен стратегиядан
еңбектер жазып ординарный профессор атағын алдым деп едіңіз. Одан
бұрынырақта жаяу əскердің жауынгерлік уставына пікір қосқаныңызды
білдіргенсіз. Осылардың қандай еңбектер екенін ашып айтуға бола ма?
Бауыржан. — Жоқ. Болмайды. — Осылай деп қатаң, тіке айтты да,
Баукең ақ мүштікті аузына апарып бір-екі сорды да, бұрқ еткізіп түтін
шығарды. — Ұлттық табыс дегеннің не екенін білесің ғой, — деді содан
соң даусын бəсеңдете сөйлеп. Мен басымды изедім. — Білсең, — деді де
Баукең енді орысша сөйлеп кетті: — Национальный доход в СССР весь
принадлежит трудящимся: одна часть его поступает трудящимся в виде
личных доходов, а другая — используется как общественный фонд
накопления и удовлетворения потребностей всего общества и составляет
общественную собственность. Понятно тебе? — Мен тағы да басымды
изедім. Бірақ ішімнен: Баукеңнің баяғыда банкте қызмет істегені есіне
түсіп кетті ме, саяси экономияға кіріп кеткені несі деп ойладым. — Ұқсаң
осыны қазақшалағын. — Мен қағазға жазғанымды ауызша аударып, оқып
бердім. — Ұлттық табысқа СССР-де бүтіндей еңбекшілер ие: оның бір
бөлігі еңбекшілер қолына өзінің жеке табысы ретінде тиеді де, ал екіншісі
жинақтаудың қоғамдық қоры ретінде əрі бүкіл қоғамның керексінуін өтеуге
пайдаланылады, сөйтіп ол қоғамдық меншікке айналады. — Осылай ма? —
деді Баукең менің аудармамның дұрыс, қисығын тексергендей сəл ойлана
отырып, — Осылай болса, ол еңбектер, ұлттық табыстың екінші бөлігі
сияқты, мемлекет меншігіне жатады. Ол менің советтік қоғамның əскери ой
қазынасына қосқан өз үлесім. Оған мен ие емеспін. Бірақ мен социалистік
мемлекетті қорғаудың қоғамдық осы ғажап меншігіне титтей де болса өз
үлесімді қосқаныма разымын. Мақтанамын демеймін. Түсінікті ме? Ал мен
ұлттық табыстың бірінші бөлігі сияқты, өзімнің жеке табысым ретінде


бағаланатын əдеби еңбегіме толық иемін.
Ол осылай деп этажеркада тұрған өз кітаптарын иегімен нұсқады.
«Советтік қоғамның əскери ой қазынасына қосқан өз үлесім». Баукеңнің
бұл сөзі менің көз алдыма əбден сарғайып кеткен газет қиындысын
елестетті.
Беттің жоғарғы жағындағы «Полковник Момышұлының əскери
жазбалары» деген үлкен заголовок көзіме оттай басылды. Əдеттегі етек
мақаланың биіктігі елу жол болады. Ал мынау жалпақ алты бағанның
əрқайсысы ұсақ əріптермен терілген жетпіс жолдан тұратын шіреме етек
мақала екен. Аяғына: «А. Кривицкий» деп қол қойылған.
Мақаланың бас жағында автор өзінің алдында қатырма мұқабалы көк
дəптер жатқанын, оның бірінші беті толған адрес екенін, адрестерге
қарағанда дəптер иесінің дос, туыстарының бəрі Алматы қаласында
тұратындығын
айта
келіп,
бұл
орденді
полковник
Бауыржан
Момышұлының əскери жазбалары екенін, Момышұлының қазір Алматыда
командировкада жүргенін айтады.
Осыдан кейін автор көк дəптердің беттерін парақтап, ондағы жазуларды
оқуға кіріседі. Бірінші беттегі тайға таңба басқандай айқын, əсерлі, əлді
сөздер бірден оқушы назарын аударады.
«Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды».
«Отан үшін отқа түскін — күймейсің».
«Өлім арасында жүрсең де, өмірден үміт үзбегін».
Мінеки, Көк дəптер иесінің алғашқы сөздері осылай басталады. 1942
жылдың декабрінде ол былай деп жазыпты:
«Ұлттық мақтаныш — ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі.
Кімде-кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе (ал əр ұлтта да
мақтан тұтарлық жайлар бар), ол барып тұрған азғын...»
Бауыржан менімен бір əңгімесінде: «Мен соғыс жылдарында «Красная
звезда» газетіне: «Кімде-кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол


барып тұрған азғын» деп жазғанмын деген еді. Сонда Баукең осы
«Полковник Бауыржан Момышұлының əскери жазбаларын» айтқан екен-ау
деп ойладым мен мақаланың тақырыбына қайта бір көз жүгіртіп өтіп.
Сонда Баукең бұл сөздерді көк дəптерге қай тұста, қандай жағдайда жазды
екен деген жəне бір ой келді. Дереу Баукеңнің қызмет тізімін алып
қарадым. Қырық екінші жылдың декабрі 8-гвардиялық дивизияның
Калинин майданының құрамында, Холм қаласының түбінде тұрған кезі
екен. Ол кезде Момышұлы полк командирі.
Тізімді Кейін қойдым да, қайтадан сарғайған газет қиындысына
үңілдім. Мақала авторы көк дəптер сырын баяндауға қайтадан «кірісті».
Көк дəптердің иесі не жазса да, не туралы толғанса да оның ойы əскери
тақырыпқа, өзінің офицерлік мамандығына келіп тіреліп отырады. Міне,
оның «əскери тəрбиенің мақсаттары» деген конспектісі. Мұнда ол «Əскери
психологиядағы ұлттық сəттер» деген жайға тереңдей үңіледі. Ол былай
деп баяндайды:
«Жауынгерді жау жүрек етіп тəрбиелеуде халықтың өткендегі
жауынгерлігі де, оның ең мəртебелі ұлттық дəстүрі де маңызды екеніне
менің өз т ə ж і р и б е м д е көзім жетті.
Ж а с а д а м д ы т ə р б и е л е у д і ң н е г і з д е р і. Үлкенді құрметтеу,
борышын бұлжытпай орындау, арын таза сақтау, қоғамдық тəртіпті
бұлжытпай орындау, заңға бағыну — жас адамға қажет ізгілік белгілері
осы. Мұны біз: Отанын, халқын, семьясын сүю деп те атаймыз. Мұндай
инабатты тəрбие алған адам — нағыз жауынгер. Оның қасиеті — а д а л д ы
қ, а р л ы л ы қ, т ə р т і п т і л і к.
А л ғ ы р л ы қ п е н т а п қ ы р л ы қ ж а й ы н д а. Қазақтың дəстүрлі
ақындар айтысында күтпеген оқыс шешімдер болады. Жұрт алдына шығып
айтысқа түсу қыздар мен жігіттерді тапқырлыққа талпындырады, олардың
ауыз əдебиетіне, музыкаға ықыласын арттырып, зейінді болуға,
ұғымталдыққа үйретеді. Ал ұрыс кезінде оқыс оқиғалар орасан көп
ұшырасады. Солдат неғұрлым зерек, тапқыр болса, ол небір қиын-қыстау
жағдайдан жол тауып, құтылып шығады.
Ұ л т т ы қ с п о р т о й ы н д а р ы т у р а л ы. Бұл ойындар адамды
батылдыққа,
икемділікке,
орынды
қызбалыққа,
тəуекелшілдікке,


қайсарлыққа, тіпті ары үшін жанын садақа қылуға баулиды. Мен
ауыздықпен алысқан сəйгүліктен қорыққан немесе атқа міне алмайтын
бауырларымды қазақ деп атауға намыстанар едім.
Халық тəжірибесінің алтын қазынасы біздің игілігімізге айналып,
əскери ісімізге қызмет етуі керек.
Панфилов — менің əскери əкем. Марқұм генералмен мен қазір де, ұрыс
алдында ақылдасамын. Ол менің орнымда болса қайтер еді деп ойлаймын.
Б а т ы р л ы қ — табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды
орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің
нəтижесі. Мұндайда адам өз достарым тек игілікті ғана емес, сонымен
бірге қатерді де бөлісе отырып, жауды жою арқылы өзін жəне отандастарын
қауіпсіздендіруге тырысады, өзінің азаматтық ары мен намысын ездіктен,
масқаралықтан қорғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерін ашып
көрсете түседі.
Б а т ы л д ы қ — есеппен қимылдауды тəуекелмен ұштастыру. Тəуекел
есеппен ақталады.
Е п т і л і к — шапшаң ойланып шешім қабылдаудың жəне бұлшық
еттердің шапшаң ойға тəртіптілікпен бағынуының нəтижесі.
Ұ ш қ ы р л ы қ — батылдық пен ептілікті ұштастыра білу.
Бұйрық беру үшін бұйрыққа көне біл.
Жауынгер сымбатты болуы керек (қыздардан гөрі қызмет үшін).
Жинақылық пен тəртіптілік — солдат сымбатының алғы белгілері осы.
Жауынгер сапта да, ұрыста да өз міндетін ұғынып, нақты орындауы қажет.
Солдат шеберлігінің ең жоғарғы сатысы осы. Əскери мəдениетті меңгерген,
адамдар мен оқиғаларды үнемі зерттеп отыруға қабілеті бар, мемлекеттік
тұрғыдан ойлай білетін командир ғана өз қызыл əскерлерін осындай сапаға
жеткізе алады. Командир адал, өзіне де, бағыныштыларға да қатал, əділ
болуы керек. Жауынгер командирді мемлекет өкілі деп есептеп, оның ары
мен адалдығына шексіз сенуі шарт. Мұндай солдатты мен сымбатты деп
білемін, мұндай командирді — офицер деп атаймын.
Офицер психолог, адам жанын сезгіш болуы қажет. Идеялық жағынан


сауатты, жан-жақты білімді болу — əрине, оның өз борышы. Шен алу мен
шекпен жаңарту жағын ең алдымен ойламай өзінің əскери жəне саяси
салада өсуі үшін күш салуы керек. Ал шен мен лауазым офицердің жеке
іскерлігіне берілген əділ баға есебінде өзінен-өзі келеді.
Міне осындай. Полковниктің көк дəптеріндегі əскери жазбалар
Момышұлының мынадай сөздерімен аяқталады:
— Жерге теріңді төксең, жеміске кенелесің; халық үшін қаныңды
төксең абыройға бөленесің!
Баукеңнің «Бұл менің қоғамдық əскери ойға қосқан өз үлесім» деген
сөзінен барып ойға түскен бұл қиындыны маған ақын Есет Əукебаев берген
еді. Ол кезде мотоатқыштар полкінің комсоргы болған Е. Əукебаев осы
қиындыны отыз жылдан аса уақыт жоғалтпастан сақтап келген.
— Туған əкенің хатын да бұлай сақтамас болар, —дедім мен ақынға.
Ақын жымиып күлді.
— Бұл Баукеңе деген сүйіспеншіліктен шығар, — деді ол. — Баукең
Панфилов — менің əскери əкем десе, Баукең бəріміздің мақтанышымыз
болды. Солдаттардан бастап, барлық офицерлер осылай есептеді.
— Сіз өзіңіздің «Батальон» деген өлеңіңізді осы мақаланы оқығаннан
кейін жаздыңыз ба?
— Жоқ. «Полковник Бауыржан Момышұлының əскери жазбалары»
менің Баукең жайындағы бірінші оқыған мақалам еді. Оны өлеңдей жаттап
алдым. Офицер қандай болуы керек, солдат қандай болуы керек екенін
бағыныштыларыма да, басқаларға да үнемі мақтанышпен айтып жүрдім.
Менің бақытыма қарай бұдан кейін менің қолыма Александр Бектің
«Волоколамск тас жолы» кітабының алғашқы басылымының бір данасы
түсті. Бас алмастан оқыдым. «Батальон» өлеңін содан кейін бастадым.
Алғашында он бір буынмен жаздым. Одан кейін сегіз буын етіп қайта
өңдедім. Маған жау қоршауын қайта-қайта бұзып шыққан темір
батальонның тегеурінін көрсететін өзгеше түр, ырғақ, екпін керек болды.
Таба алмадым. Содан кейін оны жылы бүркеп, қағаздарымның арасына
салып қойдым. 1956 жылы əскерден босап, «Социалистік Қазақстан»
газетіне қызметке орналастым. Сол жылдың күзінде Москваны неміс


фашистерінен қорғаудың он бес жылдығы болды да, редакция мені
Бауыржан Момышұлына Москва шайқасы туралы интервью əкелуге
жұмсады. Баукеңмен сонда бірінші рет жүздесіп, тілдестім. Ол кездесуден
алған əсерімнің күштілігі сонша, Баукең туралы он жылдан аса бұрын
бастаған өлеңімді қайтадан қолыма алып, жаңадан жазып шықтым. Отан
соғысына қатысқан əр солдаттың жүрегінде өз Бауыржаннамасы — ардагер
ағаға деген өз лебізі, ықыласы болды емес пе? Менің Бауыржаннамам осы
өлең.
Осылай əңгімесін аяқтаған Есет Əукебаев маған ақынға тəн шабыт,
солдатқа тан сүйіспеншілікпен «Батальон» өлеңін оқып берді. Оның соңғы
шумағы мынадай еді:
Ұмытылмас со бір шайқас. Өшпес халық жүрегінен. Ол батырлық жыр
таусылмас, Туған елін сүйе білген. Ол туралы əуел баста-ақ Жырлар,
жырлар — жазылды том. Қарашы, əне, Баукең бастап, Келе жатыр болаттай
сом — Батальон!
***
Бұдан кейін мен Баукеннің басқа да əскери пікірлерін есіме түсіруге
тырыстым. Соғыс кезінде жұрт оны командир жəне көркем əдебиет
қаһарманы деп қана таныды. Қазіргі қауым əскери жазушы деп біледі.
Сонымен бірге Баукең əскери тарихшы да ғой. Бұған Баукеңнің
«Жауынгердің тұлғасы», «Генерал Панфилов», «Олар менің есімде», «Куба
əсерлері», «Ел басына күн туса...» кітаптары, əлі толық жинақталмаған
толып жатқан ғылыми мақалалары куə. Ал Баукеңнің бас кітабы «Москва
үшін шайқасты» алатын болсақ оның өзі əрі көркем шығарма, əрі тарих.
Əскери жазушы Бауыржанды əскери тарихшы Бауыржаннан бөліп алу өте
қиын. Баукеңнің бойындағы бұл екі қасиет біте қабысып кеткен. Қазақ
əскери өнерінің тарихындағы ең алғашқы асыл мұра Момышұлының
кітаптарынан басталатыны хақ.
Қалай дегенмен де бұл арада менің ойыма ең алдымен «Куба əсерлері»
келді. Мұнда Баукең өзінің əскери ойларын көркем шығарманың қауызына
тықпай, тыңдаушыларға ауызекі баяндап берген. Ал тыңдаушылары кім еді
десеңізші? Куба армиясының солдаттары, офицерлері жəне оның
генералитеті.


Ойлап қарасам Баукеңнің Куба сапарынан тек əскери адамдарға ғана тəн
тактикалық толғаныстар танылады. Оның Бостандық аралы Кубаға
баруының өзі тұтқиыл. Əрине, Куба елінде өзінің атақты екенін Баукең
білмеді емес, білді. Бас қаһарманы боп табылатын А. Бектің «Волоколамск
тас жолы» кітабы Кубада испан тіліне аударылып, атыс позициясының
басында пулеметшілерге оқпен қоса үлестірілгені, ол кітапты Куба
жастары, елдің интеллигенциясы жақсы білетіні, тіпті ол кітап Куба
революциясының көсемі Фидель Кастроның күнбе-күн оқитын сүйікті
кітаптарының бірі екені баспасөз бетінен Баукеңе жақсы таныс болатын.
Тіпті ол сол кезде Совет Армиясы Саяси Бас басқармасының бастығы
армия генералы Епишевке ГДР-дан келген мынандай хатты да білетін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет