Ақырет өткелдері


бір-ақ дұға бар еді. Оны еліме қарсы дұға қылғанымда



Pdf көрінісі
бет180/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

бір-ақ дұға бар еді. Оны еліме қарсы дұға қылғанымда 
қолданып қойдым. Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға 
барыңдар. Ибраһимге барыңдар», – дейді. 
Сосын (адамдар) Ибраһимге барып: «Сен – Аллаһтың 
пайғамбарысың, жер бетіндегілер арасындағы досысың, бізге 
Раббыңның алдында шапағат ет! Біздің қандай жағдайға 
жеткенімізді көрмейсің бе?» – дейді. Сонда ол: «Бүгін Раббым 
бұрын-соңды кездеспейтін түрде қатты ашуланды. Мен үш 
рет жалған айтқанмын», – деп, қауымы табынатын 
пұттарды сындырмақ ниетте: «Мен науқаспын» деп 
айтқанын, «Мұны істеген үлкендері шығар» деген сөзін және 
залым патшаның әскерлеріне әйелі Сараны «Ол қарындасым» 
деп айтқанын алға тартады. «Өзім... Өзім... Өзім... Менен 
басқаға барыңдар. Мұсаға барыңдар», – дейді. 
Сосын (адамдар) Мұсаға барып: «Сен Аллаһтың елшісісің, 
Ол сені адамдарға Өз елшілігі және жолдаған сөзі үшін артық 


200
 
 
қылған, бізге Раббыңның алдында шапағат ет! Біздің қандай 
жағдайға жеткенімізді көрмейсің бе?» – дейді. Сонда ол: 
«Бүгін Раббым бұрын-соңды кездеспейтін түрде қатты 
ашуланды. Мен өлтіруге бұйырылмаған кісіні өлтіргенмін. 
Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Исаға 
барыңдар», – дейді. 
(Адамдар) Исаға келіп: «Ей, Иса! Сен – Аллаһтың елшісісің, 
Мәриямға жолдаған сөзісің, Ол тараптан келген рухсың, 
адамдарға бесікте тіл қаттың, бізге Раббыңның алдында 
шапағат ет! Біздің қандай жағдайға жеткенімізді көрмейсің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет