Ақырет өткелдері


«Сондықтан ішінде мәңгі қалатын жаһаннамның есіктерінен



Pdf көрінісі
бет209/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   255
«Сондықтан ішінде мәңгі қалатын жаһаннамның есіктерінен 
кіріңдер. Тәкәппарлардың орны нендей жаман»
2
, – деген. 
ә) Кітап иелерінің соңғы лектерінің тозаққа түсуі 
Одан кейін мүміндер мен кітап иелерінің соңғы лектерінен 
басқа ешкім қалмайды. 
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні болғанда бір жаршы: 
«Әр үмбет табынғанына ерсін!» – деп жар салады. Аллаһтан 
өзге пұттар мен мүсіндерге табынғандардың біреуі де қалмай, 
баршасы тозаққа түседі. Тек қана Аллаһқа құлшылық еткен 
игілер мен күнәкарлар және кітап иелерінің соңғы лектері 
қалады. Сонда яһудилер шақырылып: «Неге табынатын 
едіңдер?» – деп сұралады. Олар: «Аллаһтың ұлы Ғұзайырға 
табынатын едік», – дейді. Оларға: «Өтірік айтасыңдар. 
Аллаһтың жұбайы да, баласы да жоқ! Не қалайсыңдар?» – 
делінеді. Олар: «Уа, Раббымыз! Шөлдедік! Бізді сусындат!» – 
дейді. Оларға: «Барыңдар да ішіңдер!» – деп көрсетіледі. 
Сөйтіп, олар бір-бірімен сапырылысып жатқан сағымға ұқсас 
тозақтың қасына жиналады да, тозаққа түсе бастайды. 
Сосын христиандар шақырылып: «Неге табынатын едіңдер?» 
– деп сұралады. Олар: «Аллаһтың ұлы Мәсихқа табынатын 
едік», – дейді. Оларға: «Өтірік айтасыңдар. Аллаһтың 
жұбайы да, баласы да жоқ! Не қалайсыңдар?» – делінеді. 
Олар: «Уа, Раббымыз! Шөлдедік! Бізді сусындат!» – дейді. 
Оларға: «Барыңдар да, ішіңдер!» – деп көрсетіледі. Сөйтіп, 
1
«Кәһф» сүресі, 53-аят. 
2
«Нахл» сүресі, 29-аят. 


230
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет