Ақырет өткелдері


кірмеген бірде-бір араб үйі қалмайды...»



Pdf көрінісі
бет82/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

кірмеген бірде-бір араб үйі қалмайды...», – деген. 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) 
Қияметтің 
алдында 
үлкен 
фитналардың болатынын хабарлаған. Әбу Мұса (Аллаһ оған разы 
болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бүлік 
жайлы ескертіп: «Сендердің алдарыңда қараңғы түннің 
бөліктеріндей фитналар тұр. Онда кісі мүмін күйде таң 
атырып, кәпір болып кеш батырады. Мүмін болып кеш 
батырып, кәпір күйде таң атырады. Онда отырған тұрғаннан 
жақсы, тұрған жүргеннен жақсы, жүрген жүгіргеннен 
жақсы. (Сол кезде) садақтарыңды сындырып, адырналарын 
үзіңдер, қылыштарыңды тасқа ұрыңдар. Егер біреулеріңе 
басып кіріп келсе, Адамның (аләйһис-сәләм) екі ұлының 
жақсысы сияқты болыңдар», – деген
1

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Түн бөліктеріндей фитналардан бұрын 
амал жасап қалыңдар. Онда кісі мүмін күйде таң атырып, 
кәпір болып кеш батырады немесе мүмін болып кеш батырып, 
кәпір күйде таң атырады. (Сол кезде адам) дүние пайдасы 
үшін дінін сатады», – деп айтқан
2

Фитна туралы басқа да көптеген хадистер келген. Бұл 
фитналардың біразы болып өткен, біразы әлі де болып жатыр. 
Болып өткен фитналар жайында айтар болсақ, Ибн Омар (Аллаһ 
әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Фитна мына жақта, фитна мына жақта...», – деп 
қолымен шығысты нұсқаған
3

Негізінде, бүліктер шығыс жақтан бас көтерген. Өйткені 
мұсылмандар арасына іріткі салған хауариж, шиға, батиния, 
1
Ахмад, Әбу Дауд және Ибн Мәжәһ. 
2
Муслим. 
3
Әл-Бұхари. 


93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет