Бюджет кірістері - салық және салық емес түсімдер мен алымдардың, сондайөақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Бюджет саласында басқару – мемлекеттің тапсырысы бойынша бюджет саласындағы ұйымдастыру қызметі жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесін анықтайтын және олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін бюджеттік құқықтың жалпы бөлімнің институты.
Бюджет тапшылығы (профициті) - таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең тапшылық (профицит).Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджетаралық кредиттеу – бір бюджеттен екінші бюджетке, оны теңдестіру мақсатында нақты белгіленген ақша сомасын қайтарылатын негізде беру.
Бюджетгік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі оған жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттік бағдарлама — бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Бюджеттік кезең – бюджеттік процесстің барлық сатыларын қамтитын белгілі уақыт бөлігі.
Бюджеттік құқық – мемлекеттің бюждетті қалыптастыру және бөлуге, сондай-ақ бюджеттен бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдасыруға байланысты пайда болатын қоғамдық қатыныстарды реттейтін қаржылық құқықтың бөлімі.
Бюджеттік құрылыс – республикасының бюджеттік жүйесінің ұйымдастыру құрылысын және оның құрамдас бөліктерінің өзара қарым- қатынастарының белгілейтін бюджеттінің құқықытың жалпы бөлімінің институты.
Бюджеттік процесс - бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемесін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген қызмет. Мемлекеттің өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегі бюджеттерді жасау, қарау, бекіту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту жөніндегі бюджеттік процессуалдық нормалармен регламенттелген қызметі.
Валюта режимі - ұлттық валюта сондай-ақ шетел валютасы тарапына мемлекет белгілеген валюталық шектеулер.
Валюталық монополия - валюталық құндылықтармен мәміле жасау жөніндегі мемлекеттін айрықша құқығы. Ақша айналымы - тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер айналысына қызмет көрсету жөніндегі қолда бар және қолда жоқ түріндегі ақша қозғалысы. Нақты ақшалар: банкноттар металл монеттер. Қолда жоқ ақшалар. чектер, кредиттік карточкалар және т.б.
Валюталық түсім-ақша — тауарлар мен қызметтер экспорты-нан, сондай-ақ халықаралық кредиттерден түскен шетел валютасы.
Вексель - заңмен қатаң белгіленген нысандағы. оның иесі вексель ұстаушыға төлем мерзімі басталғанда борышқордан вексельде көрсетілген ақша сомасын талап етуге талассыз құқық беретін сөзсіз жазбаша қарыз міндеттемесі.
Дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы
Диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетгі орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру.
Дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар.
Дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.